Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет77/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

кордината жүйесін құрайды (37-сурет).
37-сурет. Географиялық координата жүйесі:
P - солтүстік полюс, P’ - оңтүстік полюс, Э - экватор, П - 
параллельдер жүйесі, М

- бастапқы меридиан, 
 
М - меридиандар 
жүйесі, ώ - географиялық ендік, λ - географиялық бойлық
Географиялық координата жүйесі негізінде географиялық ендік 
пен географиялық бойлық анықталады. 
Географиялық ендік дегеніміз – жер бетіндегі берілген нүктеден 
тік түсетін сызық пен экватор жазықтығы арасындағы бұрыш. 
Географиялық ендіктер экватордан Солтүстік жəне Оңтүстік полюстер 
аралығында (0
о
-пен 90
о
) градуспен есептеледі:
Географиялық бойлық дегеніміз – жер бетіндегі берілген нүктеден 
тік түсетін сызық пен бастапқы (Гринвич) меридиан жазықтығының 
арасыңдағы екі жақты бұрыш. Географиялық бойлықтар батыстан 
шығысқа қарай (0
о
-пен 180
о
) градуспен есептеледі.


101
Жердің тəуліктік айналымының географиялық салдарлары:
1. Күн мен түннің ауысуы, яғни берілген нүкте көкжиегінің 
жазықтығына қатысты Күн орнының тəулік барысында өзгеруі;
2. Орталық іштен тебу күшінің полюстен экваторға қарай өсуіне 
байланысты полюстер маңында Жер екі бүйірінен сығылыңқы бо-
лады;
3. Қозғалыстағы денеге əсер етуші Кориолис күшінің болуы. 
Жер айналымының бұрыштық жылдамдығы көбейген сайын, Кори-
олис күші де артып отырады;
4. Ауырлық күшін беретін орталық іштен тебу күші мен тарты-
лыс күшінің суперпозициясы жүзеге асады. Орталық іштен тебу 
күші полюстерде нөлден экваторда ең жоғары мағынасына дейін 
өседі. Орталық іштен тебу күші экватордан полюске қарай азаюына 
сəйкес, керісінше ауырлық күші осы бағытта артып, полюстерде ең 
жоғары көрсеткішке жетеді (ол мұнда тартылыс күшіне тең дəрежеде 
болады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет