Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Орта суасты жоталары рифтілік зоналарының жер



Pdf көрінісі
бет88/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Орта суасты жоталары рифтілік зоналарының жер 
қыртысы құрылымы жағынан өте ерекше болып келеді. Олардағы 
сейсмикалық толқындар жылдамдығы 7,4-7,8 км/с дейін жетеді. Кей 
зерттеушілер мұны аномальды қызған мантия десе, екіншілері қатты 
жер қыртысы жəне мантия материалының қоспасы деп есептейді.
Жер қыртысының дамуын жəне оның ішкі күштер мен əртүрлі 
дəрежедегі иіліп-майысулар əсерінен өзгеруін зерттейтін ғылым 
саласы – тектоника деп аталады, ол геология ғылымымен тығыз 
байланысты. Тектоника жер қыртысында болатын түрлі деңгейдегі 
тектоникалық қозғалыстарды зерттеумен айналысады.
Тектоникалық қозғалыстардың ішіндегі аса маңыздыларының 
бірі – материктердегі тау жасалу процестері. Тау жасалулар қарқын-
ды жанартау атқылаулары, күшті жер сілкінулері, тау жыныстары-
ның құрамы мен құрылымының күрделі өзгерістерімен қатар жүре-
ді. Жер қыртысының геологиялық даму тарихында бірнеше рет 
күшті тау жасалу кезеңдері болған, оларды тау қатпарлықтары 
деп те атайды.
Жер қыртысының архей мен протерозой эраларында қалыптасқан 
неғұрлым тұрақты құрылымдары – ежелгі платформалар деп ата-
лады.
Тектоникалық деректер бойынша, жер қыртысы дамуындағы 
ең ежелгі тау қатпарлығы ретінде Байкал қатпарлығын атайды. 
Бұл қатпарлық протерозойда басталып, палеозойдың бас кезінде 
аяқталды.
Байкал 
қатпарлығының 
құрылымдары 
мен 
олардың 
ерекшеліктері алғаш рет Байкал көлінің маңында шоғырланған тау-
ларда анықталған, қатпарлық аты осымен байланысты қойылған. 


118
Сонымен қатар Байкал қатпарлығының іздерін Шығыс Саян
Таймыр, Корея жəне Арабия түбектерінен кездестіруге болады. 
Бұл құрылымдар кейінгі тау жасалу қозғалыстары əсерінен түрлі 
өзгерістерге ұшыраған.
Палеозойдың силур, девон дəуірлерінде каледон қатпарлығы 
жүрді. Бұл таулар кейінгі герцин қатпарлығында көтерілген таулар-
мен жымдасып, біртұтас тау жүйелерін қалыптастырды. Палеозой-
лық құрылымдардың басым көпшілігі кейінгі тектоникалық 
қозғалыстар əсерінен майысуларға ұшырап, ұзақ уақыт теңіз табаны-
на айналды. Теңіздік шөгінділердің қарқынды жиналуы жүрген бұл 
құрылымдар қазіргі кезде мұнай мен газға бай аудандар қатарына 
жатады.
Палеозойлық іргетас мезозой жəне кайнозой жыныстарымен 
жабылған, салыстырмалы түрде тұрақты, жер бедері тегіс жазық 
болып келетін мұндай құрылымдар жас платформалар немесе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет