Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет109/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Жол алыс, жақын үшін жаннан кештім,
Бауырдың халін көріп бейнет құштым.
Құшақта, сүй, күл, жыла қайраттандыр,
Жан жарым, ұзақ, ауыр жолға түстім.
Көріп отырғанымыздай, ақынның қандай бір өлеңі болмасын
ол қай тақырыпқа арналмасын өлең өрнегінен күрескерлік рух, 
ұлтжандылық сарын есіп тұрады.
Қазақтың дəстүрлі поэзиясынан қанып ішіп, Абайдай ұлы руха-
ни ұстаз тапқан Мағжан өз шығармашылығының алғашқы кезеңінде 
еліктеуімен бірге, өз үрдісін табуға тырысты. Үйрену мен ізденуді 
ұштастырған дарынды ақын өзіне деген сенімді шегелей түседі. 
Қазақ өлең өнерінің жарық жұлдызы “Алтын хакім Абайға” арнаған 
өлеңінде жасырын тұрған лирикалық қаһарманнан біз осындай 
сенімді байқаймыз.
Тыныш ұйықта қабіріңде, уайым жеме!
“Қор болды қайран сезім босқа” деме,
Артында қазақтың жас балалары мен
Сөзіңді көсем қылып жүрер жеңге!
Мағжанның “Артыңда қазақтың жас балалары” сөздерінен 
Абай ізін басқан ұрпақтың атынан сөйлеген ақынның сертті үнін 
аңғарамыз. Ақындықты пайғамбарлық, хакімділік деп түсінген 
ақынның олар тудырған туындыларды “қасиетті сөз” деп білгенін, 
оның ермек үшін жазылмайтынын, жан мен ар тазалығынан жа-
ралатынын, сондықтан да теңдессіз биік өнер екендігін əу бастан 
танығанын төменгі өлең жолдарынан байқаймыз.
Жанымның жаны,
Тəнімнің қаны,
Тіршілігім сенімен, 
Ойландым – тоймадым,
Іздедім – қоймадым,
Кеңес біраз менімен,
Естісе сені – жан ұйыр,
Бағаңды білмес көп сиыр!


337 
Ақынның “Өлең” атты шағын өлеңінен алынған бұл үзіндіден 
өлең өнеріне деген құштарлық пен оның құдіретіне деген шексіз 
сүйіспеншілік сезіліп тұрған жоқ па?!
Қашанда ұлы ақындардың өзгелерден оқ бойы озық тұруының 
себебі қоршаған ортаны көруінің айшықты, туған табиғатпен 
тілдесуінің тылсымды, дүниені тануының терең, сезім түйсігінің 
кемел болып келуінде. Осы тұрғыдан алғанда, Мағжанның өмір 
атты тұңғиық дүниенің сырына ақынға берілген ерекше сезіммен 
қанықтығына, адами болмыстың қилы психологиялық құбылысы 
мен мінез-құлықтың құбылмалығына сұңғыла сыншылығына, жан 
күйзелісін жарып шыққан сезімшілдігіне таң қалмасқа шараң жоқ. 
Ақынның өзі топырағынан жаратылып, күнінен нəр алған, суынан 
бал емген туған табиғатты көзімен емес көңілімен көре білуінде, 
тəнімен емес жанымен сезіне білуінде қаншама мың иірімді нəзіктік 
жатыр десеңші. Бір қарағанда жеңіл ойнақылыққа құрылғандай, 
сөзді сан құбылтудан туа салғандай болып көрінетін “Жұмбақ” 
атты өлеңінде ой мен сана адам мен табиғаттың бірлігін танытатын 
астарлы ой, шешусіз жұмбақ жатыр.
Сап-сары бел,
Еседі жел,
еседі,
Еседі жел,
Көшеді ел,
көшеді
Дала бұйық,
Бала тұйық,
екі үнсіз.
Дала – жұмбақ,
Бала – жұмбақ
шешусіз.
Сан тарихқа куə болған сар дала үнсіз, бұйық. Сар даланың тыл-
сым сырын ұқпақ болған бала да тұйық. Ол сар даланың сырын сы-
бырлай жеткізген еспе желге құлақ түріп, жүрегінде түйін болған 
жұмбақтың шешімін табу үшін “Мың жылғы өткен ойға” беріледі. 
Өлең неге «Жұмбақ» аталған, шешуі не?… Мағжан мұңды дала 
табиғатын бейнелеп, үнсіз даланы – бұйық халықтың көңіл-күйімен 
астастырады. Осынау сар даланың сан ғасырлық тарихының 


338
тереңіне сүңгіген ойлы бала үнсіз, үнсіз бала əлі оянбаған тұйық 
сана, осыны сезінген ақын жүрегі туған табиғатымен тылсым сезім 
арқылы байланысып мұңаяды, ескен желдей сыр шашқысы келеді. 
Ақын ой мен сезімді бөліп алып жырламай, туған даласының 
сиқырлы суретімен əрлейді. Шымырлаған бұла сезім табиғат, та-
ным, адам боп біте қайнасып, бірігіп кетеді. Бірсəт үнсіз тұйық бала 
болашақ қазақ поэзиясының биік аспанында жарқырар “Шолпан” 
жұлдыз ба деп те қаласың. Сан құбылысты, алуан əсерді астасты-
рып жіберер Мағжанның суреткерлік шеберлігінің бар сыры осын-
да. Ол сыртқы құбылыстардан, құрғақ суреттен гөрі ішкі сезімге 
көбірек үңіледі, оны тап басып танытар əдемі айшықтармен бере 
біледі.
Мағжан поэзиясының тақырыбы əр алуан. Өзі өмір сүрген жаңа 
ғасыр басында Мағжан бармаған, ол жырламаған тақырып жоқ де-
уге болады. Оның сан түріне мысал келтіріп, түгелдей талдап беру 
мүмкін емес. Бірақ кейбірін атай кеткен орынды. Ол тақырыптарды 
ең алдымен, Мағжанның ақындық қанаты қатайған жəне қатайтқан 
кезеңнен іздестіру керек. Ақындық өнерге енді ғана мойын бұра 
бастаған тұста, Мағжанның жан-дүниесін кеңейтіп, іздегені 
алдынан шамшырақ боп жанған бір құбылысты айтпай кету 
мүмкін емес. 1909 жылы қазақ оқырмандарының қолына біріндегі 
ойды екіншісі жалғастырған, бірін екіншісі толықтырған, қазақ 
поэзиясының бүкіл болмыс-бітімінің бүтіндігін танытқан үш кітап 
тиді. Олар Абайдың «Өлеңдер жинағы», Ахметтің “Қырық мыса-
лы”, Міржақыптың “Оян, қазағы” еді. Бұл жинақтарда сол кездегі 
қазақ ұлтының əлеуметтік өміріне, тағдыр-талайына, күйінші мен 
сүйінішіне тəн бар мəселе қамтылды десек, артық айтқандық емес.
Міне, осынау кітаптар ұлтын сүйген ұланның, өнерді құдірет 
түсінген ақынның айтар ойын, барар бағытын айқындап берді. 
Алдындағы толқынның асыл ойдан өрілген жыр шумақтарына 
еліктей отыра, жас ақын өзіндік жолын іздестіруге ұмтылды. Оның 
тұңғыш жинағы “Шолпанға” (1912) енген өлеңдері, міне, осындай 
ізденістер нəтижесі еді.
Сондықтан да түгелдей ұлттың қамын ойлаған өлең өрімдері 
жастықтың уыз сезімдерін жырласын, табиғатты тылсым сырла-
рын жырласын, ағартуды өзек етсін, қазақ əйелінің қиын тағдырын 
сөз етсін, отаршылдық озбырлығын əшкерелесін тақырыптың сан-
алуандығына қарамай, ортақ желі біреу ғана болды, ол – елінің 
тағдырына ортақтастықты білдіру. “Лəззат қайда”, “Жазғы таң”, 


339 
“Зарлы сұлу”, “Туған жерім Сасықкөл”, “Балалық шақ”, “Қазағым» 
жəне т.б. жас ақынның балғын жырларынан тұнба тұнық ойлар-
ды ұғып, бір сəтке де елін ұмытпайтын ақын жүрегінің тебіренісін 
сезінеміз. “Лəззат қайда” өлеңінің соңғы түйініне назар салайық:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет