Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ


 Жазба əдебиеттегі жанрлық ізденістер



Pdf көрінісі
бет13/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

2.5 Жазба əдебиеттегі жанрлық ізденістер
ХІХ ғасырдағы Абай қара сөздерінің, Ыбырай əңгімелерінің 
ізімен ХХ ғасырдың басында қазақ ұлтының болмысын қара сөзді 


57 
шығармалар арқылы суреттеуді мақсат тұтқан Міржақыптың, 
Спандиярдың, Сұлтанмахмұттың ұмтылыстары өз нəтижесін бер-
мей қалған жоқ. Қазақ прозасының қанатын кеңге жая бастағанының 
куəсіндей роман жанры дүниеге келді.
Қазақ қаламгерлері ұлтымыздың басындағы қасіретті жағ-
дайларды шығармаларына басты тақырып етіп алып, оларды 
мейлінше терең ашып көрсетуге тырысты. Шағын өлеңнен гөрі 
көлемді шығармада сол тұстағы “дертті мəселелерді” кең ты-
ныспен жазуға болатындығына сенім молайды. Қазақтың зиялы 
қауымын толғандырған білім, ғылым, өнер, өркениет мəселелері, 
отаршылдық еріксіз ермек еткізген партиягершілік, өз “індетіміз” 
əлеуметтік теңсіздік, өзге жұрттан кейін қалған қараңғылық 
т.б. жас прозамыздың маңдайалды туындыларынан көрініс тап-
ты. Мұнда, əсіресе, сол бір тұстағы ең өзекті мəселе ретінде 
əлеуметтік теңсіздіктің нақты белгісіндей əйел теңсіздігін өзек ет-
кен шығармалар көзге ерекше шалынады. 
Міржақып Дулатов жазған қазақ əдебиетіндегі алғашқы роман 
– “Бақытсыз Жамал” 1910 жылы дүниеге келді. Оған қанаттаса 
өздері роман деп атаған Т. Жомартбаевтың “Қыз көрелік” (1912), М. 
Кəшімовтің “Мұңлы Мəриям” атты ұзақ əңгімелері, С. Көбеевтің 
“Қалың мал” (1913), С. Торайғыровтың “Қамар сұлу” (1914) роман-
дары жарыққа шықты. Бұл ХХ ғасыр басындағы қазақ əдебиетіндегі 
роман жанрының тууы мен сол жолдағы көркемдік ізденістер 
көрінісі еді. Бұлардың ішінде “Бақытсыз Жамал”, “Қалың мал”, 
“Қамар сұлу” сияқты романдар – жас прозамыздың даму деңгейін 
белгілейтін, көркемдік деңгейі жанр талабына жауап беруге біршама 
жарарлық шығармалар. 
Бұл туындылардың басты кейіпкерлері Жамал, Ғайша, Қамар 
бейнелері – сол тұстағы қазақ қыздарының іс-əрекетін, мінез-құлқын, 
толымды бейнесін тануға мүмкіндік беретін типтік образдар.
Осынау шығармаларды тек бір тақырыптың аймағында қалып 
қойған деп қарауға болмайды. Авторлар өздері роман деп айдар 
таққан шығармаларында, жанрдың жүгіне сай қазақ қоғамының 
өздері суреттеп отырған кезеңдегі тыныс-тіршілігін, салт-дəстүрін, 
ұғым-танымын, жаңа заман көшіне ілесе алмай жатқан ескі əдет-
ғұрыптың кесір-кесепатын кеңінен ашуға ұмтылды. Сөйтіп, өзі 
өмір сүрген дəуірдегі өмір шындығын реалистік түрде бейнелеп, 
көркемдік шындықпен ұштастыра алған.
Əрине, ХХ ғасырдың басында жазылған шығармалардың 


58
көркемдік деңгейлері əркелкі екені белгілі. Ақынның не жазушының 
білімі мен біліктілігіне, таным өрісіне, шығармашылық шеберлігіне 
сай түрлі деңгейде жазылуы заңды да. Өйткені ол кезде прозамыз 
үйрену, қалыптасу сатысында еді. Ал олардың ортақ жетістігі бұл 
шығармалардың роман жанрының алғашқы қарлығаштары болу-
ымен бірге, замана шындығын ашып көрсетуде ілкі қадам жасап, 
прогресшіл ой-пікірді дəл уақытында айта біліп, ұлттық сөз өнерінің 
қажетіне жарап, кейінгі өскелең прозамыздың дамуына игі əсерін 
тигізуінде.
Жаңа ғасыр басындағы өзекті мəселелерді көркем өнерде бей-
нелеуге əдебиетіміздегі тың да тосын жанрлардың бірі драматур-
гия қосылды. Қазақ драматургиясының тырнақалды туындылары 
жазылған сəттен-ақ қолданысқа түсіп, далалық жерлердегі шағын 
сахналарда қойыла бастады. Əрине, олардың жанр талабына сай бо-
луы мен режиссуралық қойылымының жүйелілігі өз алдына басқа 
əңгіме.
Əйтсе де қай ұлттың болмасын қазіргі кемелденген драматургия-
сы бүгінгі күйінде өмірге келе қоймағаны белгілі. Қазақ драматурги-
ясы да бүгінгі жеткен биігіне сан қилы шырғалаң шиырлар арқылы 
келді. Мұнда, ең алдымен, Б. Серкебаев аты ауызға ілінері сөзсіз. 
Оның қолжазба күйіндегі пьесалары – “Жер дауы” (1912), “Қызыл 
бұзау” (1913), “Бақсы” (1914), “Əйел теңдігі” (1915), “Ғазиза” (1915) 
белгілі болған. 
Бұл туралы белгілі əдебиетші-ғалым Рымғали Нұрғалиев “Ерте-
ректе əртүрлі той-томалақта, сауық-кештерінде “Ғазиза”, “Жер дауы» 
…қолжазба күйінде тараған шағын пьеса, инценировка үлгілері 
қойылып жүрген. Надандықпен күрес, теңдік мəселесі – бұлардың 
ортақ тақырыбы”, – дейді. Бірақ бұлар баспа бетін көрмеген. Олардың 
тақырыбы – əйел теңдігі, елдегі дүмше молда, бақсы-балгерлердің 
халықты алдауы, надандық торына түскен қарапайым халық тағдыры. 
“Бақсы” пьесасына жас баланы емдемек болып, дəрі орнына тотия-
ын беріп соқыр еткен бақсы надандығы арқау болса, “Ғазизада” қыз 
тағдырының қиындығы сөз болып, Ғазиза атты кейіпкердің зама-
на қасіретінің құрбанына айналуы көрсетілген. “Жер дауы” пьесасы 
қазақтың ең бір дертті мəселесі – жер дауына арналған. Онда Жұман 
деген байдың кедей жатақтарға көрсеткен зорлығы, олардың еш əділет 
таппауы, екі жақты езгідегі қиын тағдыры көрсетілген. Бұл пьесада 
ағартушы-демократтар қолдаған отырықшылдық идеясы көтеріледі.
Кезінде жарық көрген бірді-екілі пьесалар да бар. Бұлар – 


59 
Көлбай Тоғысовтың “Надандық құрбаны” (1915), Алматы уезінің 
начальнигі А. И. Лихановтың “Манап” драмасы (1913). К. Тоғысов 
пьесаны жазуға негіз болған жағдай туралы “Қайғы” деген атпен 
“Айқап” журналына шағын мақала жариялаған. Мұнда автор сол 
уақыттағы қазақ арасындағы əдет-ғұрыптың зиянды жақтарын, 
бақсы-балгерлердің жалған ем-домынан көрген ел азабын, ауыл 
өмірінің сорақы көріністерін əшкерелеп пьеса жазғанын айтады. 
Өз ойын қорыта келіп автор: “Міне осындай қырда болып жатқан 
көп надандықтың бірлі-жарымын, қолдан келгенше, ойын кітабына 
(пьеса) жазып, қазақ жастарына ұсынғым келеді. Қазақтарға ойнап, 
өз көздеріне көрсетсе, мұндай надандық жолдан құтылар деп үміт 
қыламыз”, – деп, пьесаны жазудағы көздеген негізгі мақсатымен та-
ныстырады. 
“Надандық құрбаны” – қазақтың кейбір ескілікті ғұрыптарының 
ішкі сыр-сипатын əшкерелеп, халықтың сана-сезімін улап келген 
дүмше молдалардың жұғымсыз іс-əрекетін сынау мен əшкерелеуді 
басты мəселе етіп қойған, елді өнер – білімге шақыру мақсатын 
ұстанған ағартушылық бағыттағы шығарма. 
Бұл пьеса туралы сыншы Б. Құндақбаев: “Н. Островскийдің 
“Найзағай” пьесасындағы Катеринаның өмір қорлығына шыдай ал-
май өзенге батып өлуі мен ынжық Тихонның əйелі өлгеннен кейін 
Кабаникаға – “оның түбіне жеткен сіз ғой шешетай, сіз…” деген бір 
ауыз сөзін сол уақыттағы қоғамдық болмысқа қарсылық білдіру деп 
түсінсек, “Надандық құрбаны” кейіпкерлерінде де осындай белгілер 
бар”, – деп, өте қызықты салыстырулар жасайды. 
“Надандық құрбаны” пьесасы өмірдегі шындық оқиғадан туған. 
Автор əл-қадырынша осы шындық оқиғаны өз шығармасына арқау 
етіп, көркемдік шындыққа айналдыруға ұмтылған. “Бұл драманың 
бірнеше қаһармандары осы күнде де тірі” деген Көлбай алғы сөзі 
– бұған дəлел. Пьеса авторы өз кейіпкерлері жас бала Жақыптың 
шешектен, Майсараның босана алмай, бақсы таяғынан өлуін қазақ 
надандығының дəлелі ретінде береді. Пьесаның бір желісі – əйел 
тағдырымен ұштасады. Байжан байдың үш əйел үстіне 16 жасар 
Хадишаны айттыруы, Хадиша мен Аспандиярдың тағдырының 
қосылмауы – əйел теңсіздігін көрсетуге деген талпыныс. 
Жалпы “Надандық құрбаны” пьесасы қазақ əдебиеті тарихын-
дағы осы жанрдағы алғашқы туынды болғандықтан да, шын 
мəніндегі драмалық шығарма дəрежесіне жете алмауына кешірім-
мен қарауымыз керек. Қалай дегенде де Көлбай Тоғысовтың 


60
“Надандық құрбаны” пьесасы – тасқа басылып, жарыққа шыққан 
қазақ драматургиясындағы тұңғыш тəжірибе. Оның надандық 
негізін əлеуметтік теңсіздіктен іздей білген, қат-қабат əлеуметтік 
мəселелерді осы жанр жүгіне айналдырған бұл саладағы алғашқы 
шығарма екендігі даусыз.
“Надандық құрбанымен” тұстас баспасөз бетінде жарияланған 
туындылардың бірі А.Н. Лихановтың “Манап” драмасы. Бұл драма 
“Айқап” журналының 1913 жылғы 14-21 сандарында Мұхамедғали 
Есенгельдиннің аудармасымен басылды. “Манап” драмасы 
қазақ тақырыбына жазылған өзге ұлт авторының шығармасы 
болғандықтан да “Айқап” осыны насихаттап, жариялаған. Дегенмен 
Лихановтың бұл дүниесі ортақолды ғана дүние еді. Өмір шындығын 
тану тұрғысынан, эстетикалық, көркемдік сапа тұрғысынан тіптен 
əлсіз шығарма болатын. Қазақ тұрмысынан алынғанмен, қазақ салт-
дəстүрі бұрмаланған, қазақ ұғымында ұят-ерсі болып көрінетін 
қылықтарды шындық ретінде көрсетіп, ұлттың намысына тиген бұл 
пьеса өз кезінде-ақ қазақ зиялыларының өткір сынына ұшыраған-
ды. Сондықтан да бұл драмаға тоқталып жатудың қажеті шамалы.
Жалпы алғанда, ХХ ғасыр басында əдеби ізденістердің бір көрінісі 
осы жанрлық тұрғыдан баю болып табылады. Мұнда əсіресе проза 
жанрының дамуы айрықша көзге шалынады. Алғашқы қадамдар, 
жаңа талпыныстар кейінгі ұлы үрдісті дамуға алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет