Тайыр Жомартбаев (1984-1937). Абай елінде туып, Абай
өлеңдерімен ерте танысып, Абай өнегесінен үлгі алып өскен. Жа-
стайынан Абай поэзиясына сусындап, “болмасаң да ұқсап бақ”
үлгісімен еліктеп өлең жаза бастаған. Есейе келе қазақтың басқа да
ақын-жазушыларының, орыс классиктерінің шығармаларын оқып-
үйренеді. “Ғалия” медресесінде оқыған. 1912 жылы Семейдегі
“Жəрдем” баспасынан “Балаларға жеміс” жинағы, “Қыз көрелік”
ұзақ əңгімесі басылып шығады.
“Балаларға жеміс” жинағының басты тақырыбы – оқу-білімге,
өнер-ғылымға шақыру. Оның өлеңдерінің көбі тікелей балаларға ар-
налып жазылып, онда оқудың мəнін түсіндіру басым болып келеді.
Өлеңдерінің көбі (“Мектеп ішінде”, “Мектепке шақыру”, “Балаларға
насихат”, “Балаларға өнеге”) Ы. Алтынсарин шығармаларымен үндесіп
жатады. “Иждиһатты бала”, “Жалқау бала” өлеңдерінде балалардың өз
өмірінен ала отырып, салыстырмалы образдар арқылы жақсы мен жа-
ман айырмашылығын өте əсерлі бере біледі. Ол Л. Толстойдың балалар
тақырыбына жазған өлеңдерін де аударған.
Т. Жомартбаевтың “Қыз көрелік” атты ұзақ əңгімесі бар. Басты
кейіпкер – Ғайникамалды білімді, оқыған жан ретінде бейнелеп, сол
арқылы жастарды оқу-білімге үндейді. Көзі ашық Ғайникамалдың
өз құрбыларын қараңғылық торын бұзуға, оқу мен өнерге шақыруы
арқылы жазушы ескілікке, қалың малға қарсы күресте басты қару
оқу-білім екендігін дəлелдеуге тырысады. Бұл ұзақ əңгіменің өзіне
тəн көркемдік-эстетикалық жетістіктері баршылық. Соның бірі –
фантастикалық шығармаларға тəн құбылыстардың араласып келуі.
Бірақ шығармада өмірдің нақты шындығы көп көрініс таппайды.
Толғақты мəселені көтере білгенімен, шығарманың өнбойында схе-
матизмге бой ұру көрініс береді. Образ жасау мен характер ашуда да
автор үстірттікке ұрынған.
136
Достарыңызбен бөлісу: |