403
теңдік сақталмауының сырларын көпке ұғындырудан үміттенді.
Сөйтіп жеке бас теңсіздігінен жалпы ұлттық теңсіздіктің себеп-сал-
дарын көре алды.
Бұдан ағартушы-демократтар шығармашылығына тек əлеуметтік
теңсіздік мəселесі арқау болған деген тұжырым тумаса керек.
Əрбір творчестволық тұлғаға тəн рухани жан-дүние,
ішкі сезім,
адами мінез-құлық құбылысы, қоршаған орта табиғаты оларды да
толғантты, тебірентті. Бірақ қаламы жүрдек тақырыбы – əлеуметтік
теңсіздік болғаны шындық. Оқулықта біз мұны ағартушы-
демократтық бағыт өкілдерінің шығармашылығына жалпы шолу
жасай отырып та, Шəкəрім, Сұлтанмахмұт сынды ұлы тұлғаларға
жеке-жеке тоқталу арқылы да танытуға тырыстық.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетіндегі үшінші бағытты
біз ұлт-азатшыл бағыт деп атадық. Осы атау бізге орынды көрінеді.
Өткен ғасырдың бас кезінде отаршылдық езгінің қыспағында
қалған қазақ халқы ауыр қоғамдық дағдарысқа ұшырады. Міне
осы тұста қазақ зиялыларының өзгеше бір тобы отаршылдық
құрсауынан ұлтын босатар жол іздеп, жүйеге түскен бағдарламалық
іс-əрекетке көшті. Бұл қазақ халқының ғасырдан астам азапты
тарихындағы нұрлы сəулеге бет бұрған кезеңі еді.
Яғни азаттық
кезеңді жақындата түскен саяси күрес жылдары болатын. Осы саяси
қозғалыстың басында Ахмет, Əлихан, Міржақыптар тұрса, олардың
шығармашылығынан күрес идеясының, азаттық сарынның көрініс
таппауы мүмкін бе?!
Ұлт-азаттық бағыттағы ақын-жазушылардың алға қойған басты
мақсаттары – өз шығармаларында бостандық үшін күресу, еркін ел
болып, тəуелсіз мемлекет құру идеясын көтеру. Осы бір азатшыл са-
намен ұштасқан ойды қалың қазаққа жеткізу. Өйткені оқу-білім да-
мып, əлеуметтік теңсіздік жойылып, дін еркіндігі етек жайғанымен
əрбір ұлт өзін-өзі билеуге қол жеткізбей, өркениет жолына түсу
мүмкін емес (Кеңес тұсында мұның дəмін таттық та...). Олар бүкіл
мұсылмандық бірлікке де, түркілік бірлікке де қарсылық білдірді.
Себебі бұлардың қай-қайсысы да қазақ деген ұлттың жойылуына
алып келеді деп түсінді. Басты мəселе өз ұлтының бірлігінде деп
білді. Бұған мысал Ахметтің “Бол десең де, болмаймын маған татар,
Қасыңдамын жүр десең бірге қатар”, – деген жолдары куə.
Осы бағыттың көш басында тұрған
Ахмет Байтұрсынов биік
пафостағы азатшылдық рухты қазақ əдебиетіне алғаш болып алып
келді. Ол салған азаматтық сарынды ізінен ерген, ұстазына сенген,
404
азаттықты көксеген жалын жүрек інілері ту көтеріп алып кетті. Ар-
ман болған азаттық көркемдік шындыққа айналды. Азатшыл бағыт
өкілдерінің қай шығармасында болмасын осы бір асқақ рухтан қуат
алған өзекті ой алға шықты.
Поэзияда Ахаң айтқан “Аш көзіңді оянып”, Міржақып қоштаған
“Оян, қазақ!” осының жемісі. Мағжанның сезімнің қылын шерткен
сыршыл өлеңдерінен де ұлы күреске деген ынтықтық сезіліп тұрады.
Ол сомдаған Батыр Баян бейнесі – ел қорғаны ердің, ұлт азаттығы
жолындағы күрескердің көркем сөзден соғылған құрыш тұлғасы.
Прозадағы Міржақыптың Жамалы – өз еркіндігі үшін күресе білген,
сол жолда мерт болған, теңдікке ұмтылған қазақ қыздарының типтік
бейнесі іспетті, үлкен жанрда тұңғыш сомдалған тұғырлы тұлға.
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар дəуір шындығынан
тудырған бір ақиқат жеке бас бостандығын жырлаудан жалпы ұлттық
бостандыққа үндеуге жол ашты. Соған негіз қалады. Азаматтық
биік рухты арқау еткен бұл əдебиет – халқым, елім, жерім деген ұлы
ұғымдардан жалын жыр жаратқан нағыз ұлтжанды əдебиет болды.
Өмірдегі күйкі тірліктен “Алашым” деген жалпы ұлттық сана басым
келді.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың бас кезі – қазақ ұлты үшін ой-
сана оянуының дəуірі, əдебиет үшін рухани жаңару мен түлеудің
кезеңі болды. Қазақ қоғамының жаңа тарихи кезеңге қадам басқан
сəтіндегі өмір шындығын кемел көркемдікпен суреттеп, шынайы
шындықпен бейнелей білген əдебиет күрделі де қызықты болғаны
даусыз. Ол жаңа асқарға көтерілудің алтын көпіріне айналды.
ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ əдебиеті – шын мəніндегі
алтын ғасыр əдебиеті. Ол – қазақ əдебиеті дамуы тарихындағы жаз-
ба əдебиеттің мейлінше дамыған, ең бір өркенді де өскелең кезеңі.
Алдыңғы дəуірлерді
жаңашылдықпен дамытқан, кейінгі кезеңге
дəстүр ретінде жаңа серпін берген өміршең əдебиет.