139
əлеуметтік тұрмысының шындығын танытады (“Бай, патша һəм ке-
дей”, “Бай, қасқыр, аңшы” т.б.).
“Топ жарған” поэмасында Кенесары бастаған ұлт-азаттық
көтерілістің нақты шындығы көрініс табады. Поэманың басты
кейіпкері Адай жігітінің бостандықты
көксеген ой-арманы Ке-
несары көтерілісімен желілес беріледі. Поэмада Кенесары-На-
урызбай көтерілісін қалың бұқараның жақтауы жеке кейіпкерлер
сөздері арқылы беріліп, шындықты ашудың жақсы тəсілі қолданыс
тапқан. “Топ жарған” поэмасында Кенесары
көтерілісінің қазақ
бұқарасының мүддесін қорғаған көтеріліс екендігі қилы тағдырлар
тоғысы арқылы көрініс табады. Адай жігіті бейнесі – көтерілісті
жүрек қалауымен жақтаған ерлер бейнесінің жиынтық образы.
Поэманың композициялық құрылымының ерекшелігі – ақынның
орыс классикасынан үйренуінің дəлелі. “Топ жарған” поэмасын-
да тіл сонылығы бар. Тарихи шындықты, нақты өмірді тың теңеу,
көркем суреттеулермен бере білген ақын поэмасының тарихи мəні
өте зор.
М. Сералиннің “Гүлкəшима” атты шығармасы (1903) – қазақ
өмірінен алынып жазылған лирикалық поэма. Поэманың негізгі
идеясы бас бостандығын аңсаған жастар мен əйел теңсіздігін жыр-
лау болып табылады. “Гүлкəшима” поэмасы – махабатты жырла-
уда жазба кəсіптік əдебиет
деңгейінде жазылған, өмір шындығын
нақты көрсететін шынайы көркем туынды. Поэмада жекеленген
бөлімдердің жүйелілігі мен тұтастық желісі бар.
Ақын ескілікті əдет-ғұрыптарға жəне қазақ қоғамының кертарт-
па күйіне бас кейіпкердің (Баймағамбет)
өлімі арқылы наразылық
білдіреді. Поэмада еркінен айрылған адал жардың сезім тазалығы
жырланады. Шығарма сюжеті авторлық шешім арқылы жаңа жүйеде
құрылған. Оқиғаның өрбуі көбіне хат арқылы беріліп, авторлық
көзқарас арқылы түйінделіп отырады. Поэманың публицистикалық
сипаты басым. Онда ауыз əдебиеті дəстүрінің белгілері де кездеседі.
Поэмада қазақ тұрмыс-салты кең көрініс тапқан. М. Сералиннің
“Гүлхашима” поэмасы ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ поэзиясының
ірі табысына саналды. М. Сералин “Рустам-Сухраб”
дастанын
орыс тілінен аударған (Жуковскийден). Шығыстың классикалық
шығармасы “Шаһнаманың” тұңғыш рет қазақ тіліне аударылуының
тарихи маңызы өте зор.
М. Сералиннің журналистік қызметі “Айқап” журналын шы-
ғарумен тығыз байланысты. Журналдың
бас редакторы ретіндегі
140
идеялық көзқарастарының қазақ ұлтының санасын оятуда мəдени-
эстетикалық маңызы бар. М. Сералин – көсемсөзші ретінде өзіндік
қолтаңбасы қалыптасқан қаламгер. Журналдың қазақ мəдениеті мен
əдебиетін дамытудағы іс-əрекеттерінде М. Сералиннің басшылық
қызметінің əсері мол болды. Өзінің жеке мақалаларында (“Аштық
хаһында”, “Келешек заманымыздың қамы”, “Қазақ халқының мұң-
мұқтаждығы”, “Қазақ жастары”, “Отырықшы болған қазақтар тура-
лы” жəне т.б.) қазақ қауымының” жоғын жоқтап, отырықшылдық,
оқу-ағарту секілді басты мəселелерді нақты көтерді. Мақалаларында
тілдік тұрғыдағы жетістіктер де кездеседі. М.
Сералин жалпы
ұлттық сананы ояту тұрғысында еңбек етіп, ХХ ғасыр басындағы
қазақ қоғамының көрнекті санаткерлерінің қатарына көтерілді.
Достарыңызбен бөлісу: