Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет54/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Он бесінде Кебектің аты шықты,
Атты жаяу бəріне бірдей мықты.
Көзі өткір, қараторы жігіт екен,
Орта бойлы, тапалдау кең иықты.
Ел қамы үшін өлуге жанын салып,
Соғыс десе тұрмайды қойса байлап,
Жауға батыл, жақынға жəне əдепті,
Кішіні іні, үлкенді ағатайлап.
Еңліктің де кездеспестен көп бұрын Кебектің атына қанық болуы 
– “Ел мақтаған жігітті қыз жақтағанның” шындығы.


167 
Кебек батыр табиғатына тəн аңғалдықтан ада жан емес. Ол көп 
істің артын болжай бермейді. Нысан абызға бал аштырған батырдың 
оның сəуелейлікпен айтқан тағдыр болжауына мəн бермеуі, тіптен 
естен шығарып алуы осыны танытады. Кебек – Шəкəрім сомдау-
ында терең ақыл, кемеңгер ой иесі емес, албырт та аңғал батыр. 
Тоқтамыстай ел ағасы батырдың соңынан еріп, “Жас бала болса да 
жаны отты” деген мақтау естіп, өз ортасынан артық шығып жүрген 
батырдың өз қызығы өзінде еді. Шəкəрімнің өз кейіпкерін осылай 
суреттеуінде өмір шындығынан алшақтық жоқ.
Кебектің нағыз ер ретінде танылар тұсы Еңлікпен кездесу-
ден басталады. Алдында кездесуге аса мəн бермеген Кебек Еңлік 
арудың жан-дүниесін терең түсінген соң, өзі сүйген “биік қабақ, ақ 
сұр” қыздың тағдырына араша түсуге бел буады. “Сен өлген жерде 
мен де өлемін” деген уəдені Кебектің бірден бермеуінде үлкен мəн 
бар. Кебек – елдің ертеңіне ие боламын деп жүрген арманшыл аза-
мат. Сондықтан да ел жайы, ондағы айтыс-тартыс, оның бұлардың 
тағдырына қатысы болашақты ойлаған жас батырды бей-жай 
қалдыра алмайды. Ғашықтықтың от сезіміне бірден жанып кетпей, 
ол Еңлікті ақылға, сабырлыққа шақырады.
– Ей Еңлік! Айтқан сөзің – сөздің шыны,
Сөйтсе де бір сөзім бар, тыңда мұны.
Соғысқа сылтау таппай отырғанда,
Бүлдірмелік Матай мен Тобықтыны.
Кебектің Еңлік үшін ештеңеден тайынбай, қатал тағдырға мой-
ын ұсынуына сүйгені Еңліктің жүрегін жарып шыққан, ақыл мен 
сезімнің тоғысынан туған бір ауыз сөзі əсер етеді.
Сен мені бүгін алып кет демеймін
Осы екі елдің түбіне жет демеймін
Шын ішің сүймей, сыртың сүйген болса,
Əуре боп саған уағда ет демеймін.
Осы бір ауыз сөздің түйер түйіні – “Шын сүймесең сүйдім деп 
айтпа маған”. Ажарына ақылы сай арудың жүрек сыры жас ба-
тырды тебірентпей тұра алмайды. Ол Еңлік үшін өлімге болса да 
басын тігеді. Жəне осы серттен еш айныған емес. Еңлікпен елсіз 
тауда өмір сүруге бел бууы, Матайлар қоршаған сəтте аттан түсіп 


168
қалған Еңлікті тастай қашпай, соғыс салуы – ер жігітке тəн мінез 
белгісі. Кейбір зерттеушілер осы Матайлар қоршаған сəттегі Кебекті 
Шəкəрім əлсіздеу көрсеткен, оның батырлығы көрінбейді деген пікір 
айтады. Шəкəрімнің Кебекті шыншылдықпен бейнелеуі де осында 
жатыр. Кебек Алпамыс, Қобланды емес, жаудың “бір шетінен кіріп, 
бір шетінен шығатын”. Ол – реалистік бейне. Шəкəрімнің “Көпке 
топырақ шашсын ба?” деген сөзінде үлкен мəн бар. Кебек те “ет 
пен сүйектен жаралған адам”. Көппен жалғыз алыса алмасы белгілі. 
Арпалысып, біразын жаралап, ақыры қолға түседі. “Өлсе бірге 
өлмекші” сертіне ол берік. Осының өзі батырлық емес, ғашықтық 
дастандағы Кебек бейнесін айқындай түседі. Ол – Еңлікке деген 
адал сезімнің құрбаны. Шəкəрімше айтқанда, “Не күшті, ойласаңыз, 
тағдыр күшті”. Қырын келген тағдырға шара бар ма?..
Шəкəрім Кебектің батырлығын сыртқы түр-тұлғасы, іс-əрекетінен 
емес, ішкі рухының күштілігі арқылы көрсетуге ұмтылған. Кебек 
– жанын арының жолында құрбандыққа шалар, “ерге бір-ақ өлім” 
қағидасын ұстанған жан. Сондықтан ол – ер жігітке тəн бар қасиетті 
бойына жинақтаған романтикалық қаhарман, тұтас тұлға.
Поэмадағы Еңлік – қазақ əдебиетіне соны жаңалық болып 
қосылған көркем бейне. Жалпы бұған дейін қазақ əдебиетінде 
Еңліктей ару бейнесі сомдалған емес. Бұрынғы батырлар жыры 
мен лиро-эпостық жырларымыздағы арулар батырдың ерге серік 
адал жары, өздерінің ажар-көркімен, ақылдылығымен олардың 
сүйіспеншілігіне бөленген жандар болса, жазба əдебиеттегі 
Гүлкəшима жəне т.б. тағдырына мойынұсынған қыздар. Ал Еңлік 
– сұлулықты да, батылдықты да, күрескерлікті де тал бойына 
жинақтаған тың бейне, соны образ.
Поэмадағы сюжеттік байланыс, даму, шиеленіс, шешімнің бүкіл 
желісі осы Еңлік іс-əрекетіне тізгінделген. Əрбір істің бастауында 
Еңлік тұрады. Ақын Еңлікті өмір шындығынан алып, көркемдік 
шындыққа сай бейне етіп сомдаған. Ол – өзгеден артылып жатқан, 
қиялдағы адам нанғысыз бейне емес, сұлулығы да, бітім-болмысы да, 
мінез-құлқы да реалистік шындыққа тəн белгілермен көркемделген 
заманына сай тұлға. Шəкəрім Еңлікті алғаш Нысан абыз арқылы та-
ныстырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет