Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет69/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Сүю-сүю бола ма зорлауменен,
 Көңілді ұстап тұру жоқ торлауменен.
 Көңіл болса, қосылмай тоқтала ма?
 Оқ атып, қылыш шауып, қорлауменен, –
дейді ол.
Қамардың молдамен сөз қағысы романда ескі мен жаңаның 
арасындағы тартыс ретінде берілген. Бəйтік молданың сенімсіз 
сөздеріне нақты тойтарыс беру, ұтымды жауап қайтару, негізсіз ой-


208
ларын əшкерелеу, надандығын бетке басу арқылы Қамар шариғатты 
жамылғы еткен дүмше молданың білімсіз, дүмбілез күйін өлтіре сы-
найды. 
Романдағы автор ұтымды қолданған тəсілдің бірі – хат жазысу. 
Хаттар ерекше маңызға ие, онда образдар болмысын ашар өзгеше 
қасиет бар. Қамар Ахметті жанымен сүйе отырып, лажсыздықтан 
үмітін үздіру үшін қатты жауап қайтарғанмен, оның жанын жарала-
майтын сөздер тауып, сырты қатқыл болғанмен, ішінің жылылығын 
білдіріп отырады. Оның жауап хаттарындағы өлең жолдарында 
Ахметке деген аяушылығы мен сүйіспеншілігі, ескі əдет-ғұрыпқа 
жиіркене қарауы айқын аңғарылады. Хаттар сөз жоқ, Қамар обра-
зын толықтыра түсіп, кейіпкердің ішкі жандүниесін ашуға септігін 
тигізген. 
Шығарма Қамардың сананы надандық тұмшалаған замандағы 
ескі əдет-салттың құрбаны болуымен, оның ертеңгіге айтқан зары-
мен аяқталады. Ол өлім аузында жатса да адамдық арын биік қояды. 
“Ахметтен басқа жанды сүйгізбей ал!” деген соңғы тілек айтып, 
дүниеден адал пəк боп өтуді армандайды. Жастардың еркіндігін 
аяққа таптаған қоғамдық өмір заңына лағнет айтып, ертеңгілердің 
еркіндікке жетуін тілейді. 
Қамар – бүкіл болмысымен, ақыл-ой, білімімен, заманадан озған 
түсінігімен ояну дəуіріндегі адамдық құқын қорғау жолындағы 
күреске талпынған, көкірек көзі ашық қазақ қыздарының типтік 
бейнесін танытады. 
Қамар – кешегі кер заманда өзінің бас бостандығын қорғау, ма-
хаббат еркіндігін алу жолында құрбан болған қазақ қыздарының 
аянышты да қасіретті өмірін бейнелейтін, Сұлтанмахмұттай хас ше-
бер қаламынан жаралған толымды тұлға.
Романдағы Қамардан кейінгі басты кейіпкер – Ахмет. Ақын 
оны “аузы асқа, ауы атқа тимеген” кедейдің баласы дей оты-
ра, өз заманының озық ойлы азаматы ретінде суреттейді. Бұл – 
Сұлтанмахмұттай шыншыл суреткердің өмір шындығынан алыс 
кетпегенінің белгісі. ХХ ғасырдың бас кезіндегі оқығандардың 
əртектіден шығып, тіпті алғашқы кезде орыс оқуын кедей 
балаларының көптеп оқығандығы – ойдан шығарылған нəрсе емес. 
Бұған сол кездегі түрлі құбылыстар аз əсерін тигізбеген. Орыс 
оқуынан шошынған байлар байыбына бармай, өз балаларын алып 
қалып, кедей балаларын оқытқанына Əріп, Спандияр тағдырлары 
куə. Ахмет – солардың жиынтық бейнесі. 


209 
Сонымен бірге Ахмет – өз дəуірінің шындығы мен автордың 
өзі тəріздес ағартушылар тілегінен жаралған типтік образ. 
Сұлтанмахмұт осы ұнамды кейіпкерінің іс-əрекеттерін сүйсіне су-
реттеу барысында, оның өз кезінің шындығынан алыстатып алмауды 
айрықша қадағалайды, мүмкіндігінше, оны уақыт, заман шындығы 
негізінде бейнелеуді назарда ұстайды. 
Көзі ашық, көкірегі сара Ахмет қоғамдық дамудың қайшы-
лықтарын жіті аңғарады, бірақ қолдан келер қайран болмағандықтан, 
өкініштен басқа айла жоқ. Сол тұстағы қазақ даласында етек алған 
теңсіздік пен əділетсіздік Ахметтің тек жан дүниесінде реніш 
туғызып қана қоймай, оны тағдыр тəлкегіне салады. 
Сүйгені Қамарға қолы жетпей, жазықсыз жалаға ұшыраған Ах-
мет елден безіп, оқуға кетеді. Өзін қолдар жанның, Қасен сияқты 
жөн білер азаматтың аздығы оны осындай дəрменсіздікке алып 
келеді.
Ал бұл дəрменсіздіктің өзіндік əлеуметтік себептері бар. Ол – зи-
ялы қауымның əлі де болса бас біріктіріп, əлеуметтік ортада өзіндік 
күшке ие бола қоймауы.
Шығарманың соңында қиыншылықтың тезінен өткен, шын-
дыққа көзі жеткен Ахметтің шектен асқан айуандыққа күшпен 
қар сы шығудан басқа амалы қалмайды. Қамармен қоштасарында: 
“Көрсеткен саған қорлық жауыздардан, кетермін тым құрғанда 
өшімді алып”, – деген сөзін ол бұлжытпай орындап, бақсыға 
пышақ салады, Нұрымды жаралайды. Өзі де “бұл дүниенің залым 
тұрмысынан ақыреттің əділ тұрмысына” сапар шегеді. Шығарма 
оның осы бір оқыс қимылымен аяқталады. Автордың өзінің сүйікті 
кейіпкерін мұндай іс-əрекетке алып келуінің психологиялық дəлелі 
өзін-өзі ақтайды. Өзі тартқан тақсірет, сүйгенінің өлім аузындағы 
халі оны ашындырмауы мүмкін емес. Осы бір əділеттсіздікке күш 
жұмсауға алып келген шешім – кенеттен туғанымен, надандық пен 
зорлыққа қарсы күрестің алғашқы белгісі. Ол Ахмет өлімімен бітіп 
қалмайды. Жалғасы ертеңде жатыр. Қараңғылық түнегін түрер 
уақыт та жақын қалған болатын. Ахмет бейнесі – ақпанның ақ таңы 
атар қарсаңдағы қазақ қоғамында енді-енді пайда бола бастаған 
жаңа тұлға. 
Қамардың ағасы Қасен романда негізгі кейіпкердің бірі ретінде 
көрінбесе де, əділдікті, адамгершілікті жақтайтын жаңаның белгісі. 
Тіпті осы Қасен – Ахмет ісін келешекке жалғастырар, автор үміт 
артқан елдің ертеңі. 
14–853


210
Романдағы ерекше назар аудартатын, əдебиетімізде бұрын 
көріне қоймаған образдардың бірі – Қамардың əкесі Омар. Омар – 
жаны таза, арына дақ түсірмеуге тырысатын адал əке. Өмірдегі бар 
тілегі – жанындай жақсы көретін қызының бақытты болуы. Омар 
Қамардың басына қауіп төнгенде оны арашалап, қорғап қалу үшін 
бүкіл амал-əрекетін, қолдан келген күш-қайратын жұмсайды. Оның 
мұндай нағыз əкелік, биік адамгершілік қасиеттерге ие болуының 
негізгі себебін ақын Омардың “турашыл, сəулелі кісі”, “қанша 
айтқанмен, оқыған” адам екендігінен іздейді. Сұлтанмахмұттың 
бұл суреттеуінен оның əділдік пен турашылдықты оқыған адамнан 
күткен ағартушылық идеясын тағы байқаймыз.
“Қамар сұлу” романындағы ендігі бір шыншылдықпен бейне-
ленген образдар саласы – ұнамсыз кейіпкерлер бейнесі. Жазушы 
ХХ ғасыр басындағы қазақ ауылындағы керітартпа əдет-ғұрыптар 
мен надандық туғызған зорлық-зомбылық, əділетсіз шешімдерді 
қоғамдағы озбыр топтардың түрлі өкілдерінің типтік бейнелері 
арқылы шебер де ұтымды əшкерелейді. Дін иелерін Қалтан қажы, 
Бəйтік молда, Əбділда ишан, Көңілбай бақсы арқылы көрсетсе, 
билеуші таптың өкілдерін Оспан, Нұрым образдары арқылы шы-
найы бейнелейді.
Қалтан қажы мен Оспан бидің шығармада Қамардың жақын 
туыстары болып келуінің астарлы мəні бар. Жазушы оларды 
Қамарға туыстық тұрғыдан жақындастыру арқылы ол екеуінің 
өздерінің қараниетті мақсаттары жолында інісінің қызы – Қамарды 
құрбандыққа шалуға дейін баратын мейірімсіз, айуандық қасиеттерін 
айқындай ашуды көздеген. 
Сұлтанмахмұт бейнелеуінде оларға бедел, мəнсап, байлықтан 
өзге жақын жоқ. Олар – жанында жылу, жүрегінде мейірім жоқ 
тоғышарлар. Қалтан мен Оспан – күні өткеніне қарамастан жорға 
Нұрымдардың беделін пайдаланып, шариғат жолымен де, ескі 
салт жолымен де елге билігін жүргізіп қалуды көздеген ескі ел 
билеушілерінің қалдығы. 
Романдағы ең басты жағымсыз образ – жорға Нұрым болыс. Бірақ 
ол шығармада билік иесі емес, Қамардың басына қасірет бұлтын 
үйірген күйеу ретінде суреттеледі. Қалтан қажы мен Оспан би 
арқылы ел билеушілердің нашарға өктем, мықтыға тəуелді мүсəпір 
халін ашып көрсеткен жазушы, Нұрымды көбіне билік үстінде 
емес, Қамарға қатысы арқылы танытуға ұмтылған. Автор негізінен 
Нұрымның адамдық қасиетсіздігін, надандығы мен пасықтығын, 


211 
топастығы мен дүлейлігін ашу арқылы өктем жанның естен кетпес 
типтік бейнесін жасаған.
Сондықтан да жазушы жорға Нұрымның портретімен мінез-
құлқын барынша шыншыл көрсетуге ұмтылып, Қамар аузымен 
де, авторлық баяндаумен де жеріне жеткізе суреттейді. “Дүңкиген 
күйек сақал, сасық ауыз”, “Малы көп, мал сияқты пасық-қақпас” 
тəрізді Қамар аузымен берілетін мінездеме Нұрымның шын болмы-
сын, шынайы бейнесін аша түседі. Жазушы Нұрымның портретін 
былай береді: “…əліпті таяқ деп білмейтін надан, пішіні де жа-
ман, аузы толған боқауыз бен былш-былш насыбай, ішпей мас, əрі 
лас, елу шамасында жасы бар, қой сақтардың басындай басы бар, 
жай формының өзі сұп-суық, бүйі секілді түксиген, күпсиген, бұқа 
мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, добыра сақал, тоқпақ 
мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді”. Міне, Қамар басына қара 
түнек боп орнаған дүлейдің кейпі осы. Одан Қамардың мерт болмай 
аман құтылуы мүмкін емес еді. Ахметтің соңғы арпалысында, оның 
жаралы болып құтылып кетуі де Нұрым тектестердің əлі талай ал-
дан тосып, аяқтан шаларын мегзегендей.
Қорыта айтқанда, “Қамар сұлу” романы – өзінің замана жүгін 
көтерген мазмұны жағынан да, шұрайлы тілмен өрнектелген 
көркемдігі жағынан да жалғыз Сұлтанмахмұт шығармашылығындағы 
ғана емес, жалпы қазақ əдебиеті тарихындағы өз орнын ойып алар 
туынды.
“Кім жазықты?” романы (1915) – Сұлтанмахмұттың екінші рет 
іргелі жанрға қалам тартқан шығармасы. Əуелгі аты – “Əжібай 
болыс”. Ақын өлеңмен жазылған осынау шығармасын əуелі бір 
адамның тағдырына байланыстыра жазуды көздесе керек. Кейіннен 
шығарманы жазу барысында оның алғашқы кезде өзі жоспарлаған 
ырықтан шығып бара жатқанын сезіп, шығарма атауын оның 
табиғатына сай өзгерткен болуы тиіс. Əдебиет тарихында мұндай 
жайттар көптеп кездеседі. Өкініштісі - 1915 жылы жазылған бұл 
шығарманың бізге түгелдей жетпей қалғаны. Сұлтанмахмұттың 
“Кім жазықты?” романы – қазақ əдебиеті тарихындағы өзгеше 
құбылыс. Бұған дейін əдебиетімізде өлеңмен жазылған роман 
болмаған. Сондықтан бұл шығарманың жанры туралы ғалымдар 
мен зерттеушілер қилы пікірлер айтады. Оларды талдап, қайсысы 
дұрыс қайсысы бұрыс екенін дəлелдеп жатудың қажеті шамалы. 
Зерттеу пікірлердің басым көпшілігі бұл шығарманы роман жанры-
на жатқызады.


212
Романға ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында қазақ 
қоғамында өмір сүрген бір отбасының үш ұрпақ буынының өмір 
жолын көрсету, сол арқылы замана, дəуір жайлы ой толғау арқау 
болған. Сахараның билеушісі Тасболаттың биіктен басталып, 
құрдымға кеткен тағдыры – шығарманың өзекті желісі. Ақын оны 
былай таныстырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет