Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет96/140
Дата11.01.2023
өлшемі3.28 Mb.
#468309
түріОқулық
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   140
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж (1)

Жау жүрек, қыран көзді арыстаным,
Жан қиып, халқың үшін қарысқаның.
Қатардан қазақ сорды қалдырмасқа,
Бəйгеге ұлы дүбір жарысқаның.
Ел мүддесін өз мүддесінен жоғары қоя білген азаматтарды 
дəріптеудегі ақын мақсаты – үлгі алар ұландар арқылы халық тілегі 
орындаларына үміт арту. Үміт бір, тілек ортақ болғандықтан ақын 
олардың ұлы істердегі қадамына үнемі сəттілік пен жеңіс тілейді:
Шешен тіл, парасаттың саясында,
Ететін талмай қызмет, данышпаным,
Атқан оқ, сермеген қол қата кетпей,
Түскейді табаныңа бар дұшпаның.
Міржақып Дулатовтың “Оян, қазағы” мен өзге жинақтарындағы 
өлеңдерінің құйылысы бір арнадан бастау алып, бір арнаға тоғысып 
жатады. Өйткені оның бүкіл шығармашылық болмысының өрісі 
азатшыл оймен, ұлт-азаттық қозғалыспен біте қайнасып кеткен. 
Оның өлеңдерінде саяси үн өзге мəселеден басымдау түсіп жатады. 
Бұған қарап ақын ағартушылық, демократтық ой-жүйеден алшақтап, 
тек саяси үгіт жетегінде кетіп қалды деуге мүлде болмайды. Оның 
шығармаларындағы өнер-білімге үндеу, əлеуметтік теңсіздікті жыр-
лау саяси көзқараспен желілісе отырып шешімін тапқан. Ақын 
өнерпаздығының ерекшелігі де осында жатыр.
“Оян, қазаққа” орыс отаршыл чиновниктерінің аса қатты 
шүйлігуінің бар сыры – Міржақып өлеңдерінен отаршыл саясатты 
батыл сынаудың көрініс тауып, оған қарсы тұруға үндеген үгіттің 
ашық түрде айтылуында. Міржақып поэзиясындағы азаматтық са-
рын, ақындық шеберлікпен ұштаса келіп, оқырманды ілезде ұйытар 
уытты сөзге айналып, көңіл түкпіріне құйылып түсіп жатады. 


289 
Жинақтағы өлеңдері бір-бірімен сабақтаса келіп, бөлінбес біртұтас 
жұмыр дүниеге айналып сала береді. Бұл оның өлеңдеріндегі 
тақырып аясының бірлігін танытса керекті.
Кезінде Міржақып шығармашылығына қатысты ол ұлтшыл-
байшыл болды, ұлт мəселесін көтере отыра, буржуазияның сой-
ылын соқты, əлеуметтік теңсіздікті көре білмеді деген пікірлер 
көп айтылды. ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократтар бұл 
мəселені мейлінше мол жырлағаны мəлім. Өзіндік бағыт-бағдары, 
ұстанған əдеби қағидасы болғанмен, сол тұстағы əлеуметтік 
мəселелерден Міржақыптай ақынның тыс қалуы мүмкін емес еді. 
ХХ ғасыр басындағы ақындар əлеуметтік теңсіздікті көрсетудің 
басты шарты ретінде əйел теңсіздігін алғанын жоққа шығара ал-
маспыз. Қазақ ақын-жазушыларынан кезінде бұл мəселеге соқпай 
кеткені кемде-кем.
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген көзі ашық, көңілі сара ақын 
қазақ қыздарының басындағы бұл қайғы-қасіретке жаны егілмей 
тұра алар ма?! Əйел теңсіздігі тақырыбына көлемді жанрдағы 
алғашқы қадам болып табылатын “Бақытсыз Жамал” романын бы-
лай қойғанда, ақын “Оян, қазақта” да бұл мəселеге қалам сілтемей 
қала алмады.
“Жесір даулары хақында” өлеңінде жесір дауы, қалың мал дəстүрі 
сынға алынады. Ақын əдетке айналған ескі дəстүрдің бүгінгі уақыт 
талабына ілесе алмайтынын ашық айтып, ескі салттың тамырына 
балта шабудың қажеттігін өмір өзі көрсетіп отырғанын дəлелдей 
алды.
Қазақ əйелінің көрген қорлық-зорлығы, қазақ балаларын жа-
стай үйлендіретіні, көп қатын алу, əмеңгерлік сияқты мəселелерді 
Міржақып осы өлеңінде тілге тиек етіп, бұларды қазақ қоғамындағы 
əлеуметтік теңсіздіктің бір белгісі ретінде көрсетеді.
Адамның қызығады малына адам,
Адамдығын санайды тағы адам.
Баланың қор болуын ойламайды,
Қылады өз басының қамын адам.
Міржақып бірақ жалпы қазақ қанына сіңген құдандалыққа, 
елдің сыйластығының белгісі ретіндегі “қалың малға” қарсы 
емес. Жастардың өз еркімен үйленіп, екі жақты келісім болғанын 
қалайды:


290


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   140




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет