Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


7. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ХРОМОСОМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет63/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113
burunbetova-genetika

137
7. ТҰҚЫМ ҚУАЛАУДЫҢ ХРОМОСОМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ
ХІХ ғасырдың соңында жасуша құрылысының зерттелуіне бай-
ланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым 
қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық 
зоолог Э.Бенеден мейоз үдерісіндегі редукциялық бөліну аталық 
жəне аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жора-
малдады. Мендель заңдарын кейін 1902-1903 жылдары В.Сэттон 
редукциялық бөліну жəне ұрықтану кезіндегі хромосомалардың 
тəртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тəуелсіз ажырауының 
арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің «Хромосома-
лар жəне тұқым қуалаушылық» деген еңбегінде хромосомаларды 
цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау 
факторларының таралуына сəйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы 
Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады.
Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы
– «Тірі ағзаларға 
тəн тұқым қуалаушылық белгілер, яғни ағзаның нəсілдік қасиеттері 
ұрпақтан-ұрпаққа жасуша ядросы хромосомаларындағы гендер 
арқылы беріледі» деп тұжырымдайды. Хромосомалық теорияны 
тəжірибе жүзінде дəлелдеп, XX ғасырдың басында ашқан амери-
кан биологы Томас Хант Морган (1866-1945) мен оның шəкірттері 
Г. Меллер, А. Стертевант жəне т.б. 
Т.Морган 1910-1915 жылдары өзінің шəкірттерімен бірге жеміс 
шыбыны – дрозофилаға жүргізген тəжірибелерінің нəтижесінде 
гендердің тұқым қуалауы немесе белгілердің ұрпақтан-ұрпаққа 
берілуі қалай жүреді деген сұрақ жауабын дрозофила мелонога-
стер (Drosophila melonogaster) шыбындарына тəжірибе жүргізу ба-
рысында анықтады. Дрозофила шыбыны – генетикалық зерттеулер 
жүргізуге өте қолайлы нысан. Себебі, оның хромосомаларының 
диплоидты жиынтығы 8, ал гаплоидты жиынтығы 4. Зертханалық 
жағдайда +25 С
о
жылылықта дарабастардың əр жұбынан пробирка-
да өсіру арқылы, 14-15 күн сайын 100-ге жуық ұрпақ алуға болады.
Дрозофила шыбынының көптеген белгілерінің ішінен Т.Х.Мор-
ган Мендель ережелерінен ауытқып тұқым қуалайтын белгілерін 
де байқады. Мысалы, ақ көзді шыбындарды (w) көздері қалыпты 
қою қызыл түсті (w
+
) будандастыру реципрокты будандастыруға 
тəн айырмашылықтар көрінді. Екі тура жəне кері будандастыру 


138
жүйесін реципрокты будандастыру (А х В жəне В х А) деп атайды. 
Реципрокты будандастыру плазмагендерді немесе цитоплазмалық 
гендерді зерттеу үшін де қолданылады.
Қызыл көзді аналық шыбын мен ақ көзді аталық шыбынды 
будандастырғанда Ғ

ұрпағында алынған шыбындардың барлығы 
қызыл көзді болып шықты, ал Ғ
2
ұрпақтарында 3:1 қатынасындай 
қызыл жəне ақ көзді шыбындар алынды. Бұл «ақ көзді» 
белгі «қызыл көзді» белгіге қарағанда рецессивті екендігін көрсетеді, 
яғни қызыл көзділік доминаттылық көрсетеді. Қызықты болған 
жағдай Ғ
2
ұрпақтарының арасында ақ көзді белгіні тек аталық шы-
бындар алса, ал қызыл көзді белгілі шыбындардың арасында аналық 
жəне аталық шыбындардың арақатынасы 2:1 тең болғандығы. 
Реципрокты будандастырудың Ғ

ұрпағында 1:1 қатынасындай 
ажырау алынады. Бұл жағдайда барлық аналық дарабастар қызыл 
көзді белгіні алса, барлық аталық дарабастар ақ көзді белгіні алады 
(14-сурет).
«Ақ көзді» белгінің рецессивті болуына қарамастан жəне ақ 
көзді шыбындар линиясын өзара будандастырғанда белгінің ажыра-
уы байқалмайды, «қызыл көзді» шыбындар да дəл осындай қасиет 
көрсетеді.
Бұндай тұқым қуалау крис-крос тұқым қуалау деп аталады: 
ұлдары аналарының, ал қыздары əкелерінің белгілерін алады. 
Бұндай будандастыруда Ғ

тең қатынаста, қызыл көзді аталықтар мен 
аналықтар жəне ақ көзді аталықтар мен аналықтар пайда болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет