25
Бактериялар (прокариоттардың) басқаша типте құрылған. Олар-
да қалыптасқан жасушалық ядро болмайды. Ядроның орнына эу-
кариоттар жасушасының ядросына ұқсас нуклеотидтары болады.
Əр жасуша жасушалық мембранамен қоршалған.
Жасушалық мем-
брана цитоплазманы қоршап тұрады жəне жасушаның ішіндегі зат
алмасуының реттелуінде аса маңызды рөл атқаратын жасушаның
функционалды бөлігі болып табылады. Жасушаға түсетін барлық
қоректік заттар мен жасушадан шығарылатын бүкіл қалдықтар не-
месе секреция өнімдері осы мембрана арқылы өтеді.
Тыныштықта тұрған жасушалардан
екіқабат ядролық мембрана-
мен қоршалған сфералық ядроны ажыратуға болады. Ядро көбіне
жасушаның ортасында орналасады. Бірақ кейбір жасушаларда ол
еркін орын ауыстыра алады жəне жасушаның кез келген бөлігінде
орналаса алады. Ядро жасушада өте маңызды рөл атқарады, ол жа-
суша қызметінің белсенділігіне бағыт береді.
Бөлінуі басталмаған
жасушаның ядросы микроскоппен қарағанда біркелкі сияқты бо-
лып көрінеді. Ондай ядродан қабықшаны, бір немесе бірнеше ірірек
денешіктерді, яғни ядрошықтарды, кейде
тағы да бір ұсақ гранула-
ларды байқауға болады. Бірақ бөлінуге кіріспеген кейбір ядролар-
дан недəуір үлкен құрылымдар – хромосомаларды да табуға бола-
ды. Хромосомалар – құрамында тұқым қуалау бірліктері немесе
гендері бар таяқша тəріздес денешіктер. Жасушалардың бөлінулері
аралығында
хромосомалар ұзын, өте нəзік хроматин жіпшелеріне
айналады. Оларды тек электронды микроскоппен ғана көруге бо-
лады. Ядрошықтардың ішінде рибосомалар түзіледі. Жасушаның
бөлінуге дайындалуы кезінде ядрошықтар жойылады да,
кейіннен
қайта пайда болады.
Хромосомарлың құрамындағы ДНҚ арқылы ядро жасушаның
дамуы мен оның тіршілік əрекеттерін басқаруда маңызды қызмет
атқарады.
Ядрода тек белгілі бір жасушаның белгілері мен қасиеттерінің
немесе ол жасушаның ішінде жүретін тіршілік үрдістерінің (мыса-
лы, ақуыздың синтезделуі) ғана емес,
сол сияқты ағзаның барлық
белгілері туралы да тұқым қуалау ақпараты сақталады. Ақпарат
хромосомалардың құрамына кіретін оның ең маңызды бөлігі – ДНҚ
молекулаларына жазылады.
Жасуша тыныштық күйде тұрғанда (яғни, жасушалардың
екі бөлінулері аралығындағы кезең) хроматиндер ядрода шашы-
рап жатады. Жасушаның бөлінуге дайындалу үрдісінде хроматин
26
жинақталып тығыздалады, сөйтіп, хромосомалар түзіледі,
содан
соң пайда болған хромосомалар бөлінген екі жаңа жасушаға бірдей
тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: