238
Үш аллельді локустағы гендер жиілігінің анықталуын түсіну
үшін адамның АВО қан тобы жүйесін мысалға алайық.
69-eсеп. Айталық қайсыбір популяцияда қан тобының мынадай
жиіліктері байқалды дейік:
А (ІІ қан тобы. Генотипті АА жəне АО) = 0,43
В (III қан тобы. Генотип ВВ жəне ВО) = 0,17
АВ (ІV қан тобы. Генотипі АВ) = 0,04
О (І қан тобы. Генотипі ОО) = 0,36
А, В жəне О аллелдерінің жиілігін р, q жəне r арқылы белгілейік.
Онда Харди-Вайнберг заңына сəйкес рецессивті ОО генотиптің
жиілігі r
2
-қа тең болады, бұдан r =√0,36=0,60.
Үшінші жəне бірінші қан тобының қосынды жиілігі (q + r)
2
-қа
тең болуы керек. Демек (q +r )
2
= 0,17 + 0,36 = 0,53, бұдан q + r =
-0,53 = 0,73 . Біз r= 0,60-қа тең екенін білеміз, сондықтан В аллельдің
жиілігі 0,13-ке (q=0,73-0,60) тең болады. Ал, А аллельдің жиілігі
р=1--(q+r)-1-0,73=0,27. p
A
+q
B
+r
0
= 0,27+0,13+ 0,60= 1,00.
Харди-Вайнберг заңынан шығатын тағы бір қорытынды – сирек
аллельдер популяцияда негізінен гомозиготалы күйде емес, гетеро-
зиготалы күйде болады. Популяциядағы рецессивті аллельдердің
гетерозиготалардағы жиілігі 2 pq-дің жартысына тең – pq, ал
гомозиготалардың жиілігі q
2
-қа тең. Бірінші жиіліктің екіншіге
қатынасы pq/q
2
=p/q-ге тең. Оның шамасы q-дің мəні азайғанда ша-
мамен 1/q-ге жақындайды. Сөйтіп, рецессивті аллель жиілігі азайған
сайын оның гетерозиготалы күйіндегі бөлігі арта түседі. Бұған мы-
сал ретінде адам популяциясында альбинизм жəне алькапонурия
ауруларының таралуын алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |