70
Кодоминанттылық – гетерозиготаларда əртүрлі
екі геннің
де белгінің дамуына əсері. Адамның қан тобы мен ақуызының
көптеген типтері кодоминантты тұқым қуалайды. Мысалы, адамда
рецессивті ауру –
орақ пішінді жасушалық анемия кездеседі. Ауру
баланың эритроциті орақ немесе жарты айшық тəрізді
болып келеді,
ал қалыпты эритроциттің екі жағы ойыс диск сияқты. Фенотипі
қалыпты гетерозиготалы дарабас эритроциттері аралас гемоглобин-
дерден (қалыпты жəне кеміс) тұрады; кеміс гемоглобин мөлшері
45%-ға жетуі мүмкін.
Сонымен, доминанттылық пен рецессивтілік –
гендердің
абсолютті емес, салыстырмалы қасиеті. Мысалы, эпикантус (көздің
ішкі бұрышы үстіндегі қатпар) монголоидтарда доминантты, ал не-
гроидтарда рецессивті тұқым қуалайды.
Толымсыз доминанттылық
. Мендельдің бұршақпен жүргізген
тəжірибелерінен байқалған
доминанттылық құбылысын толық
доми нанттылық деп қарастыруға болады. Егер F
1
-дегі будандар-
дың белгілері ата-аналық формалардың
ешқайсысына толық
ұқсамай аралық сипатта болса, оны
толымсыз доминанттылық
деп атайды.
Толымсыз доминанттылықта бірінші ұрпақ Мендельдің І заңына
сəйкес генотип
бойынша біркелкі, бірақ белгінің көрінісі аралық
сипатта болады: Гетерозиготалы (Аа) бірінші ұрпақтың əртүрлі
гендері бір-біріне басымдық жасамайды. Екінші ұрпақта фенотиптің
ажырауы генотиптің ажырауына дəл келеді: 1:2:1, себебі АА жəне
Аа генотиптерінің фенотиптік көрінісі əр түрлі болады. Мысалы,
гүлінің күлте жапырақшаларының түсі ақ (аа) жəне қызыл (АА) на-
мазшам немесе түн аруы өсімдігін будандастырғанда, Ғ
1
-дің
барлығы
қызғылт (Аа) гүлді болып шықты. Бірінші ұрпақ Мендельдің I
заңына сəйкес біркелкі, бірақ фенотипі бойынша аралық сипатта,
ал екінші ұрпақтың арақатынасы 1 қызыл (АА ) : 2 қызғылт (Аа)
:1 ақ (аа) болады (7-сурет). Жалпы толымсыз доминанттылықты
белгілердің
қарапайым аралық көрінісі емес, жұп гендердің өзара
ерекше əрекеттесу нəтижесі деп түсіну керек. Мысалы, қара жəне
ақ құстардан алынған андалузия тауығының көгілдір түсі жаңа фе-
нотип пайда болғандай əсер береді. Алайда андалузия тауығы (Аа )
шынында қара, бірақ оның қауырсынының боялуы төмен,
сондықтан
да көгілдір түстің əсерін береді.