Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет32/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113
burunbetova-genetika

Вв х Вв
домалақ домалақ
Гамета В, в В, в


73
Ғ
2
ВВ, 2Вв, вв
Фенотипі – 3 домалақ : 1 алмұрт пішінді
Генотипі – 1 доминантты : 2 гетерозигота : 1 рецессивті
гомозигота гомозигота
1:1 қатынасындай ажырау талдай будандастыру кезінде 
байқалатындықтан, ата-анасының біреуі домалақ пішінді будан Вв, 
екіншісі алмұрт пішінді рецессивті гомозигота вв.
Шығарылуы:
Р ♀ Вв х
вв
домалақ алмұрт 
Гамета В, в в, в
Ғ
2
Вв, вв
Фенотипі – 1 домалақ : 1алмұрт пішінді
Генотипі – 1гетерозигота : 1 рецессивті гомозигота.
3-есеп. Жеміс шыбыны дрозофиланың сұр түсі – В, қара түсі 
в-ға қарағанда доминантты. Екі сұр шыбынды будандастырғанда 
олардың ұрпағының түсі сұр болып шыққан. Аталық жəне аналық 
формалардың генотиптерін анықтауға бола ма?
4-есеп. Сұр шыбын мен қара шыбынды будандастырғанда 
алынған ұрпақтарының барлығының денелері сұр болып шықты. 
Сұр шыбынның генотипін анықтау керек.
5-есеп. Адамда алты саусақтың болуын (полидактилия) до-
минантты геннің, ал бес саусақтың болуын рецессивті геннің 
анықтайтыны белгілі. Ата-аналарының екеуі де гомозиготалы алты 
саусақты отбасында бес саусақты балалардың тууы мүмкін бе?
6-есеп. Бес саусақты əйел гетерозиготалы алты саусақты ер 
адамға тұрмысқа шыққан. Олардың балаларының генотиптері мен 
фенотиптері қандай болуы мүмкін?
7-есеп. Бұршақ тұқымы пішінінің тегіс болуы доминантты В 
аллелімен, ал бұдырлы болуы рецессивті b аллелімен бақыланады. 
Гомозиготалы тегіс пішінді бұршақты бұдырлы пішінді бұршақ 
өсімдігімен будандастырғанда Ғ

123 тұқым жəне Ғ
2
3168 тұқым 
алынды.
1. Ғ

қанша тұқым гетерозиготалы болуы мүмкін?
2. Ғ

тұқымдарда қанша түрлі фенотип болуы мүмкін? 


74
3. Ғ

доминантты белгілері бойынша ажырамайтын қанша ұрпақ 
береді?
4. Ғ
2
қанша тұқым гетерозиготалы болады?
5. Ғ
2
қанша тұқым бұдырлы пішінді болады?
8-есеп. Арпаның қара күйе ауруына төзімділігі ауруға 
төзімсіздігіне қарағанда доминантты. Гомозиготалы, төзімді 
өсімдікті төзімсіз өсімдікпен будандастырған. Ғ
1
буданын өздігінен 
тозаңдандырғанда Ғ
2
-де 96 өсімдік алынған. 
1. Ғ

-де қанша түрлі фенотип пайда болуы мүмкін?
2. Ғ
1
-де
қанша түрлі аталық гамета түзілуі мүмкін? 
3. Ғ

-де
доминантты гомозиготалы қанша ұрпақ алынады?
4. Ғ

-де қанша тұқым гетерозиготалы болады?
5. Ғ

-де қанша ұрпақ ауруға төзімсіз болады?
9-есеп. Сəбіздің тамыр жемісінің сары түсті болуы қызыл түсіне 
қарағанда доминантты. Тамыр жемісі гомозиготалы сары түсті 
өсімдікті гомозиготалы қызыл түсті өсімдікпен будандастырып 
Ғ

315 өсімдік жəне Ғ
2
1180 өсімдік алған.
1. Ғ

буданы қанша түрлі гаметалар түзуі мүмкін?
2. Ғ

-де қанша өсімдікте рецессивті белгілер көрінуі мүмкін? 
3. Ғ

-де қанша өсімдік гетерозиготалы болады?
4. Ғ

-де қанша ұрпақ гомозиготалы доминантты болады?
5. Ғ Ғ

-де қанша ұрпақтың тамыр жемісі қызыл түсті болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет