Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет38/113
Дата11.04.2024
өлшемі3.34 Mb.
#498392
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113
burunbetova-genetika

84
14-есеп. Тілімді жапырақты биік өсетін қызан өсімдігі өздігінен 
тозаңданған кезде, өздеріне ұқсаған 924, картоп жапырағына ұқсас 
биік 317, тілім жапырақты аласа 218 жəне картоп жапырақты аласа 
108 өсімдік алынды. Аталған өсімдіктердің генотипін анықта. Есеп 
шартына қызанның қандай белгілері доминантты жəне рецессивті 
екендігі айтылмаған. Алынған өсімдіктердің қатынасына қарап
белгілердің тұқым қуалау қасиетін жəне өсімдіктердің генотипін 
анықтауға болады. Есептің шартында былай делінген:
Р – ұзын тілімді жапырақты х ұзын тілімді жапырақты
Ғ 924 317 298 108
тілімді картоп тілімді картоп 
жапырақты жапырақты жапырақты жапырақты 
биік биік аласа аласа
Бұл алынған қатынас сандар Мендельдің тəуелсіз ажырау заңына 
сəйкес (9:3:3:1) келеді. Сондықтан бастапқы өсімдік екі белгісі бо-
йынша гетерозиготты (АаВв) болғандықтан, белгілер жөнінде мы-
нандай қорытынды жасауға болады: 
Ген белгі 
А – биік
а – аласа
В – тілімді жапырақты
вкартоп жапырақты
Олай болса есеп шартына сəйкес будандастыру үлгісі былай жа-
зылады:
Р
♀  АаВв х АаВв
Гамета АВ, Ав,аВ,ав АВ, Ав,аВ,ав 
Ғ 9А-В- : 3А-вв : 3ааВ- : 1аавв
тілімді картоп тілімді картоп
жапырақты жапырақты жапырақты жапырақты
биік биік аласа аласа
924 317 298 108
15-есеп. Бидай масағының қылтанақсыз А қылтанақты а-дан, 
ал қызыл түсі В ақ түсті в-дан доминантты. Мұндай жолдармен 
будандастырғанда алынатын ұрпақ масағының сыртқы көрінісін 
анықтау керек: а) ААвв х ааВВ; ə) АаВв х Аавв; б) АаВВ х аавв; в) 
АаВв х аавв; г)АаВв х АаВВ; ғ) АаВвхАаВв.


85
16-есеп. Масағы ақ, қылтанақты өсімдік гомозиготалы 
қылтанақсыз қызыл масақты өсімдікпен будандастырылған. Сонда: 
а) Ғ
1
-дегі өсімдіктердің; ə) Ғ
1
-дегі буданды қылтанақты ақ масақты 
ата-анасымен қайта будандастырғанда алынатын ұрпақтың; б) Ғ
1
-
дегі буданды қылтанақсыз қызыл масақты ата-анасымен қайта 
будандастырғанда алынатын ұрпақтың фенотиптерін анықтау керек.
17-есеп. Қылтанақсыз қызыл масақты бидайдың сортын қыл-
танақты ақ масақты сортымен будандастырғанда ¼-і қылтанақсыз 
қызыл масақты, ¼-і қылтанқсыз ақ масақты, ¼ -і қылтанақты қызыл 
масақты, ¼-і қылтанақты ақ масақты ұрпақ алынған. Ата-аналық 
өсімдіктердің генотиптерін анықтау керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет