229
а) Ата-анасының қанының топтары А жəне В болса,
отбасында
қанының тобы О бала туа ма? Болса қандай жағдайда жəне қандай
ықтималдықта?
б) Əке-шешесінің
біреуінің қаны I топқа, ал екіншісінікі ІІІ топқа
жатады. Олардың бір баласы бар. Сол баланың қанының тобын жəне
оның генотипін анықтау керек.
53-есеп. Сот үдерісінде алимент төлемегені үшін іс
қаралып жа-
тыр. Шешесінің қаны бірінші топ. Ал баласының қаны екінші топқа
жатады. Баланың əкесі ретінде қаны ІІІ
топқа жататын ер адам бо-
луы мүмкін бе? Əкесінің қаны қай топқа жатуы мүмкін?
54-есеп. Əкесінің қаны бірінші топ, ал шешесінің қаны үшінші
топ
болған жағдайда, олардың балаларының қан топтары қандай бо-
луы мүмкін?
55-есеп. Ерлі-зайыптылардың біреуінің
қаны гетерозиготалы
ІІІ топқа, ал екіншісінікі гетерозиготалы II топқа жатады. Олардың
төрт баласы бар. Сол балалардың қанының топтарын жəне оның
генотиптерін анықтаңдар.
56-есеп. Ерлі-зайыптылардың екеуінің де
қанының топтары гете-
розиготалы III топ болған жағдайда, олардан II жəне
IV топқа жата-
тан балалар тууы мүмкін бе?
Достарыңызбен бөлісу: