Оқулық Алматы, 013 Əож кбж қ Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Топырақ су режимі жəне оның экологиялық маңызы



Pdf көрінісі
бет100/162
Дата14.09.2022
өлшемі5.39 Mb.
#460752
түріОқулық
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162
kabysheva-topyraktanu

8.4.Топырақ су режимі жəне оның экологиялық маңызы
Су режимi деп топыраққа судың енуiнiң барлық құбылыстарының 
жиынтығын, оның топырақтан шығынын жəне физикалық күйiнiң 
(жағдайының) өзгеруiн айтады. Топырақтың су режимiнiң сандық 
көрінісі, яғни ылғалдың кiрiсi мен шығынының барлық мөлшерле-
рінiң жиынтығы, белгiлi бiр уақыт аралығындағы оның қорының 
өзгеруi су теңгерiмiн бередi. Көп жылдық орташа су теңгерiмi 
топырақтың су режимiнiң сандық сипатын көрсетеді. Солтүстiк 
Қазақстанның топырақтарына шайылмайтын су режимi тəн.
Су – өсімдік тiршiлiгiнiң маңызды факторы. Өсімдік өз тiршiлiгiне 
керектi судың негiзгi бөлігін топырақтан алады. Топырақ ылғалды 
сыйғызатын, сақтайтын орын болып табылады жəне өсімдік 
тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiнде оны ылғалмен қамтамасыз етуге 
мүмкiндiгi бар.


236
Су өсімдік тiршiлiгiнiң барлық процестерiне дерлiк қатысады. 
өсімдіктiң жекелеген мүшелерiндегi судың мөлшері 70-95%-
ға дейiн жетедi. Су өсімдіктi қоршаған ортамен байланыстыра-
тын буындардың бiрi болып табылады. Сонымен қатар, судың 
табиғаттағы айналымында өсімдіктер де маңызды рөл атқарады.
Топырақтағы судың мөлшеріне оның тиiмдi құнарлылығын 
анықтайтын технологиялық қасиеттерi, химиялық, физикалық-
химиялық жəне микробиологиялық процестердiң қарқындылығы 
байланысты болады.
Ауыл шарушылығы дақылдарының көпшiлiгi құрғақ зат құрау 
үшiн судың өте көп мөлшерін жұмсайды. Мысалы, бидай өсімдігі 
тəулiгiне өзінiң топырақ бетiндегi бөлігінiң массасынан шамамен, 
1,3-1,5 есе артық су жұмсайды жəне сiңiрiлген судың 90-95%-ы 
транспирацияға кетедi.
И. Г. Мушкиннiң деректерi бойынша, кейбiр дақылдар үшiн транс-
пирация коэффициентiнiң (ТК) орташа мөлшерлері төмендегiдей: 
жоңышқа – 858, сұлы – 635, мал азықтық бұршақ – 578, мақта – 562, 
арпа – 521, бидай – 505, жүгерi – 372, тары – 87, шай жүгерi – 271. 
Транспирация коэффициентiнiң бұл көрсеткіштерi топырақ, климат 
жəне өсімдіктердің өсіп-дамуының басқа жағдайларына байланыс-
ты өзгеріп отырады.
Транспирация коэффициентiн тыңайтқыштарды, əсiресе фосфор 
тыңайтқыштарын пайдалану, су-ауа режимдерiн реттеу жəне басқа 
шараларды жүргiзiп, өсімдіктердің қоректену жағдайларын жақсарту 
арқылы төмендетуге болады. Бiрақ, тыңайтқыш пайдаланған 
жағдайда ТК төмендегенiмен, өнім көбейетiндiктен жалпы су пайда-
лану артады, алайда ылғал тиiмдiрек пайдаланылады. Егер жаздық 
бидайдың транспирациялық коэффициентiнiң орташа мөлшерін 
500-ге тең деп алсақ, онда 20 ц/га дəн мен 30 ц сабан мен тамыр 
(құрғақ массаның жалпы өнімi 50 ц/га) алуға 2500 м

су немесе 250 
мм су қабаты керек болады.
Өкінішке орай, бұған қарап, 250 мм жауын-шашын гектарынан 
20 ц астық алуға жеткiлiктi деуге болмайды; жауын-шашынның 
кезеңдерде бiркелкi болмауы; судың ағып кетуi, топырақтан бу-
ланып ұшуы, арамшөптердің пайдалануы жəне басқа шығындар 
түскен ылғалдың 50%-ға дейiн жетуi мүмкiн, сондықтан жылдық 
жауын-шашынның мөлшері 400 мм-ден аспайтын далалық жағдайда 
жаздық бидайдан тұрақты жоғары өнім алу үшiн көп күш жəне еңбек 


237
жұмсау керек. Ауылшаруашылық дақылдарының өсіп-дамуының 
кез келген кезеңiндегi судың жетiспеуi өнімдерінiң төмендеуіне 
əкелiп соғады. Дегенмен, өсімдіктердің репродуктивтiк органда-
ры құрылатын кезеңдегi судың тапшылығы бəрiнен де қатты əсер 
етедi. Өсімдік дамуының нақ осы кезеңiнде топырақта жылжымалы 
ылғал қоры жеткiлiктi болуы керек. С. С. Сдобниковтың деректерi 
бойынша, мамырдың соңғы онкүндiгiндегi мен маусымның алғашқы 
онкүндiгiндегi жауынның əрбiр қосымша 10 мм ылғалы Целиноград 
облысы Атбасар ауданында өнімді гектарына 2-3 ц-ге арттырады.
Бiр гектар жердегi өсімдіктер пайдалы өнімінің оған жұмсалған 
ылғалға қатынасы жалпы су пайдалану (ЖСП) жəне су пайдалану 
коэффициентi (СПК) арқылы сипатталады. Олар 1 т өнім құрауға 
жұмсалған судың мөлшерін (м
3
немесе мм) көрсетеді. И. Г. Муш-
киннiң деректерi бойынша, бидайдың СПК-1350 м
3
, жүгерiнiкi – 
790, картоптiкi – 360, қант қызылшасынiкi – 1450.
Көптеген 
ауылшаруашылық 
аймақтарында 
топырақтың 
ылғалдылығы қар кеткеннен кейiн (бiрiншi көктемдегi ең жоғары 
мөлшері) тез төмендей бастайды жəне тек қыркүйекте (екiншi, 
күзгi ең жоғары мөлшері) бiршама көтерiледi. Өсімдіктердің суды 
қажетсiнуi көктемнен бастап бiрте-бiрте өседі де, топырақта ылғал 
ең аз болатын кезеңде өзінiң ең жоғары шегiне жетедi. Сондықтан 
өсімдіктер үшiн қиын-қыстау кезеңде судың тапшылығы пайда бо-
лады жəне ол танаптың өнімділігіне шешушi əсерiн тигiзедi.
Бидай масақтануға дейiнгi 15 күнгi жəне масақтанудан кейiнгi 10 
күнгi ылғалдың тапшылығына өте сезiмтал келедi.
Топырақ ылғалдылығының тəулiктiк өзгеруiне оның iшiндегi 
шықтың əсерi шамалы жəне тек өте қолайлы жағдайларда ғана пай-
далы болуы мүмкiн.
Далалық аймақтар үшiн оны кезiнде А. А. Измайльский атап 
көрсеткен болатын. Көктемде ылғалдың тəулiктiк шығыны 2-3 
мм, кейде одан да көп болады. Бұл оны сақтаудың арнайы шара-
ларын қолданудың керектiгiн көрсетеді. Топырақтағы ылғал өзінiң 
қасиеттерi бойынша бiрыңғай емес.
Агрономиялық тұрғыдан алғанда, ылғалдылық мөлшерінiң 
топырақ ылғалының жылжу мүмкiндiгi мен өсімдіктерге сiңiмдiлiгi 
шұғыл өзгеретiн деңгейi өте маңызды болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   162




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет