41
тіпті, күн сəулесінің түсуі түрліше болады. Тегіс жерлерге ауа ылғалы
жақсы сіңеді. Ал беткейлі, дөңесті жерлерге ылғал дұрыс сіңбей,
су ойпатты жерлерге жиналады. Жер бедеріне қарай күн сəулесі де
бір тегіс түспейді. Мысалы, таулы алқаптарда
терістік беткейлер-
ге күн сəулесі аз, оңтүстік беткейлерге мол түседі. Жер бедерінің
біркелкі болмауы топырақ түзілуге жəне олардың құнарлығына
əсер етеді. Топыраққа жер бедерінің əсері туралы айтқанда, оның
аса биік (макро) немесе орта (мезо) немесе майда (микро) деп
бөлінетін естен шығармағанымыз жөн.
Аса ірі таулы алқаптарда
топырақ-климаттық зоналық зандылықтар жазық аймақтардағы
топырақтың таралу заңдылығына сəйкес келе бермейді. Бұл ірі биік
таулы алқаптарда топырақ-климаттық жағдайлардың тау етегінен
биіктікке қарай таралып, өзгерулері табиғаттың белдеулік заңына
бағынады (ол жайында кітаптың соңғы тарауларында сөз болады).
Ал топырақтың мезо жəне микро жер бедерлеріне қарай өзгерулері
зоналық топырақтарға əртүрлі топырақ тіркестері мен кешендерінің
қабаттаса кездесулеріне əкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: