130
131
мүмкіншіліктерін
ескере отырып, қазіргі заманғы педагогикалық
технологияларды түзеу, бұл мектептерде оқыту мен тəрбиелеу
мүмкіндіктерін кешенді түрде шешу проблемасын қарастырады.
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үдерісін
ұйымдастыру қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды
ендіруді міндеттейді.
Кез келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру
деңгейінің
жоғарылығы, дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен
салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ.
Жалпы қоғам дамуы мен қазіргі заманғы технологияларды енгізу
сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы
саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық
күшті дамыған елдердің тəжірибесі білім беру жүйесін
ақпараттандыру
экономика, ғылым жəне мəдениеттің қарқынды
дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше, қазіргі
заманның ақпараттық технологиясын игеруге міндеттіміз. Ол үшін
бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда жоғары оқу орындары
төмендегідей жұмыстар атқаруы тиіс.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін
ақпаратты қоғам
жағдайында оқып, білім алуға, өмір сүруге бейімдеу;
Қазіргі заманғы ақпараттық жəне телекоммуникациялық
технологияға бейімделген білім берудің ғылыми-əдістемелік
базасын жасау, білім саласын басқарудың жаңа формалары мен
əдістерін пайдалана отырып, жоғары білім беру жүйесін жаңарту;
Дүниежүзілік ақпараттық білім кеңістігіне бастауыш білім беру
мен орта, жоғары білім беру жүйесін сəйкестендіре отырып кіріктіру;
Білім берудің иллюстративтік түсіндірмелі жүйесінен дамыта
оқыту жүйесіне көшу. Оқыту үдерісінде бастауыш сынып оқушысы
шығармашылығына негізделген оқыту əдістерін
пайдалануға
түбегейлі көшу.
Бастауыш білім беретін мектептерде бүгін белең алып отырған
ділгірліктер:
білім сапасының төмендігі;
білім
саласына
мемлекет
тарапынан
реформалар
жүргізілгенімен оқудың нəтижесінің болмауы;
директивалық құжаттар көптеп шығарылғанымен, оның
мардымсыздығы;
бастауыш сынып оқушыларының өздігінен білім алу
дағдысының болмауы;
бастауыш сынып оқушыларының жəне бастауыш сынып
мұғалімдерінің бірлескен шығармашылық еңбегінің болмауы.
Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы – оқу-тəрбие
үдерісінде жаңа инновациялық əдіс-тəсілдерді енгізу,
бастауыш
сынып оқушыларының білімге деген қызығушылығын, талпынысын
арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Достарыңызбен бөлісу: