Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет83/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131
boribekova-kazirgi

Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. «Интербелсенді» ұғымына түсінік беріп, интербелсенді 
оқыту технологиясына сипаттама беріңіз.
2. Интербелсенді оқыту формаларын атаңыз.
3. Интербелсенді оқыту технологиясындағы оқушының іс-
əрекетіне сипаттама беріңіз.
4. Интербелсенді оқыту технологиясын жүзеге асыру əдістерін 
саралаңыз.
5. Бастауыш мектептің оқу үдерісінде интербелсенді əдістерді 
пайдалану əдістемесін өңдеңіз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Абдуллина Г. Интерактивті оқыту – таным белсенділігінің 
қазіргі бағыты. – Ұлт тағылымы, 2009, №2.
2. Айтмамбетова Б. Р. Жаңашыл педагогтар идеялары мен
тəжірибелері /23 лекция/. – Алматы, 1991.
3. Аймухамбетова С. А. Интерактивтые методы учебной-
деятельности. – Қазақстан жоғары мектебі, 2010, №1.
4. Əлімов А. Интербелсенді əдістерді жоғары оқу орындарында 
қолдану. Оқу құралы. – Алматы, 2009.
5. Əлімов А., Қосанов Б., Базарбекова Р. Орта мектептің 2 
сыныбында интербелсенді əдістемені қолдану. Əдістемелік құрал. – 
Алматы, 2010.
6. Бағиева Ш. М. Интерактивті əдістер – өмірлік дағдыны 
қалыптастырудың тетігі. – Білім, 2007, №6.
7. Имрамзиева С. Д. Интерактивные технологии обучения. – 
Қазақстан кəсіпкері. Ғылыми-əдістемелік жарнал. – 2009, №8.
8. Маджуга А. Г., Шоманбаева А. О., Кабылбекова З. Б. Теория и 
практика интерактивного обучения. – Шымкент, 2004.
9. Рысбаева А. Қ. Педагогикалық процесс субъектілерінің 
табысты іс-əрекетіне интерактивті оқытудың ықпалы. Оқу құралы. 
– Алматы, 2008.
12.2. Нысаналы оқыту технологиясы
Бүгінгі күні еліміздің білім беру саласында ірі өзгерістер дүниеге 
келіп, білім берудің дүниежүзілік жаңа сатысына көтерілу кезеңінде 
түрлі-түрлі реформалар жасалуда.
Оқыту формасы бұрынғы білім беруді ғана негіз еткен дəстүрлі 
оқыту формасынан жеке тұлғаны қалыптастыру формасындағы 
сапалы оқыту жүйесіне өзгерді. Оқыту барысы зерттеп үйрену іс-
əрекетін басты форма етіп отыр.
Іс-əрекет барысында өзін-өзі басқару мен өзара əсерлесіп 
үйренуді іске асыру ерекшелігіне ие болды. Мұғалім оқыту 
мақсатына жету үшін оқулықты жете түсіну негізінде оқыту іс-
əрекетін мұқият жоспарлауға көшті жəне оқушыларды зерттеп 
үйренуге ұйымдастырудың алуан түрлі əдістерін қолдануда.
Бірақ, барлық мұғалімде ортақ оқыту технологиясы 
болмағандықтан оқытуда біркелкілік сақталмай отырғаны жасырын 
емес. Ұл оқушылардың білім алу сапасына ықпал етпей қоймайтыны 
сөзсіз.
Сондықтан қазіргі сыныптық оқытуға үйлесетін, оқушыларды 
зерттеп үйренуге ұйымдастыруға икемді.
Нысаналы оқыту технологиясы бүгінгі күнде дүниежүзі 
бойынша тəлім-тəрбие саласында орасан зор ықпал көрсетіп отырған 
технологиялардың бірі.
Қазірде бұны АҚШ, Жапон, Қытай сынды көптеген дамыған 
елдер өздерінің білім беру саласында кеңінен қолданады. Нысаналы 
оқыту технологиясы АҚШ педагог жəне психолог Блумның «Тəлім-
тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «игеріп оқу» теориясы 
негізінде қорытындыланып жасалған.
Анығырақ айтқанда, нысаналы оқыту дегеніміз оқыту мазмұнын 
нысаналандыру, жүйелендіру, ғылымиландыру жəне оны игерудің 
əдіс-тəсілдерін жүзеге асыру, сол арқылы оқыту сапасын жан-жақты 
көтеру мақсатына жету деген сөз.
Нысаналы оқытуды теориялық жақтан түсіну үшін Блумның 
«Тəлім-тəрбие нысанасын түрге бөлу» теориясы мен «Игеріп оқу» 
теориясына қысқаша тоқтала кеткен жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет