Оқулық Алматы, 014 3 Əож кбж ш


Өзіндік жұмыс тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет97/131
Дата19.10.2022
өлшемі1.53 Mb.
#463005
түріОқулық
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131
boribekova-kazirgi

 
Өзіндік жұмыс тапсырмалары:
1. Ұжымдық жəне топтық оқыту технологияларының қазіргі 
кездегі жағдайын анықтаңыз.
2. Ұжымдық оқыту мен топтық оқытуды сын тұрғысынан 
оқыту технологиясымен салыстырып, талдаңыз.
Ұсынылатын əдебиеттер:
1. Дъяченко В. К. Сотрудничество в обучении. Просвещение, 
1991.
2. 
Коллективная 
учебно-познавательная 
деятельность 
школьников // Под.ред. И. Б. Первина. М.: Педагогика, 1985.
3. Лиймитес Х. И. Групповая работа на уроке. М.: Просвещение, 
1975.
4. Миртов А. В. Сочинение в школе. Уроки коллективного 
творчества // Литература в школе. – 2006.
5. Поливанов Н. И., Ривина И. В. Принципы и формы 
организации совместной учебной деятельности // Психологическая 
наука и образование. – 1996.
6. Дьяченко В. К. Новая дидактика. – М.: Народное образование, 
2001.
7. Таубаева Ш. Т., Барсай Б. Т. Оқытудың қазіргі технология-
лары. Алматы, 2005.
8. Əбдіғалиев Қ. Осы заманғы педагогикалық технологиялар. – 
Алматы, 2004.
9. Өстеміров К. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту 
құралдары. – Алматы, 2007.
10. Жүнісбек Ə. Қазіргі заманғы педагогикалық технология 
негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008.
11. Педагогические технологии: Методические рекомендации 
/Сост. А.П.Чернявская. – Ярославль: изд-во ЯГПУ им.
К. Д. Ушинского, 2002.
12. Селевко Г. К. Современные образовательные технологии. – 
М.: Народное образование, 1998.
13. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий 
обучения. – М.: Педагогика, 1990.
12.7. Компьютерлік оқыту технологиясы
Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға 
ақпараттық технологиямен байланысты əлемдік стандартқа сай 
мүдделі жаңа білім беру өте-мөте қажет» – жас ұрпаққа білім беру 
жолында ақпараттық технологияны оқу үдерісіне оңтайландыру мен 
тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру үдерісі бастауыш сынып
мұғалімдеріне жаңа ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану 
саласына үлкен талап қояды.
Бəсекеге қабілетті болу тікелей білімге байланысты. Біз қазіргі 
заманғы педагогикалық технологияға, жаңа өркениетті дамуға 
байланысты басқа өркениетті елдердің көптен бері пайдаланып келе 


242
243
жатқан интерактивті құралдарды қолданып отырмыз. Бұл – біздің 
Қазақстаннның алға қарай жылжуының нышаны болып табылады. 
Ғылыми білім беруде интерактивті тақтаның мүмкіндігі мол. 
Интерактивті құралдарды қолдану арқылы оқушы білім кеңістігіне 
еркін бойлай алады.
Ақпараттық-коммуникациялық 
технология 
электрондық 
есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді 
пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті 
құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік 
оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық əдістемелік 
материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану 
арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.
Ақпараттық-коммуникациялық 
технологияның 
келешек 
ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер əрі талантты
шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, 
психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. 
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үдерісі əлемдік 
бəсекелестікті күшейте түсуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев Қазақстанның 
əлемдегі бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы 
атты жолдауында «Білім беру реформасы – Қазақстанның бəсекеге 
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса 
маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетті.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дəуірі, технологиялық 
мəдениет дəуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кəсіби 
мəдениеттілігіне мұқият қарайтын дəуір. 
Білім беру үдерісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық 
технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны 
бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-
тəрбие үдерісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын 
жоғарылатуды көздейді. 
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –
ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы 
да ғылыми-техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды 
ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.
Заманымызға 
сай 
қазіргі 
қоғамды 
ақпараттандыруда 
педагогтардың 
біліктілігін 
ақпараттық-коммуникациялық 
технологияны қолдану саласы бойынша көтеру негізгі міндеттерінің 
біріне айналды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру 
жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын 
меңгеру үшін жағдайлар жасау керек», – деп көрсетілген. Солардың 
бірі білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық 
жəне оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез 
келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту 
құралдары барлық пəндерді оқытуға пайдаланылады.
Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық 
білім негіздерін беру, логикалық-құрылымдық ойлау қабілеттерін 
дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру 
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық 
қоғамға бейімдеу.
Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы – əлемнің 
жүйелік-ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық 
қабілеттері мен құндылық бағдарларын дамыту арқылы 
қалыптастыруды көздейтін, адамның дүниетанымының құрамдас 
бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды қалыптастырудың 
бір жолы.
Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық-
техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен 
міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру 
жүйесіне; оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру 
қабілеттеріне, мұғалім мамандардың информатикадан білім 
деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу-тəрбие бағытының 
ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тəуелді.
Қазіргі уақытта жаратылыстану-ғылыми білім беруде сабақ 
барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті 
құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен 
жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Интерактивті тақта дегеніміз не?
Интерактивті 
тақта – бұл 
компьютердің 
қосымша 
құрылғыларының бірі жəне де дəріс берушіге немесе баяндамашыға 
екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен 
қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше 
интерактивті тақта түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында 
қолданып жүргендеріне қысқаша шолу жасайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   131




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет