Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет166/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   205
Акмеология

324
325
Контексті оқытуда іс-əрекеттің динамикалық моделінде, сту-
денттердің іс-əрекетінің базалық үш формасы жəне көптеген аралық, 
өтпелі формалары айқындалған. Базалық формаларға жататындар: 
– академиялық типтегі оқу іс-əрекеті, оның классикалық үлгісі 
ретінде ақпараттық дəріс алынады; мұнда ақпаратты беру жəне 
меңгеру басты орын алады. Алайда, проблемалық дəрісте неме-
се семинар-пікірталаста, болашақ кəсіби іс-əрекеттің пəндік жəне 
əлеуметтік контекстері анықталады: мəні бойынша қарама-қайшы, 
теориялық мəселелер мен сұрақтарды талқылайтын мамандардың 
əрекеттері модельденеді;
– квазикəсіби іс-əрекет, ол аудиториялық жағдайда жəне ғылым 
тілінде өндірістің жағдайларын, мазмұнын жəне динамикасын
ондағы адамдардың қатынасын модельдейді;
– оқу-кəсіби іс-əрекет, онда студент шынайы зерттеуші (СОЗЖ, 
СҒЗЖ, диплом жұмысын дайындау) немесе практикалық функция-
ларды орындайды (өндірістік практика). Оқу іс-əрекеті ретінде бо-
лып, студенттердің жұмысы өзінің мақсаттары, мазмұны, формала-
ры жəне технологиялары бойынша, кəсіби іс-əрекет болады; бұрын 
меңгерілген білімдер мұнда оның бағдарлаушы негізі болады. Бұл 
сатыда оқу іс-əрекетінің кəсіби іс-əрекетке трансформациялау 
үдерісі аяқталады. 
Ең басынан əрекеттік позицияда болып студенттер контексті 
оқытуда оқу ақпаратын өзіндік іс-əрекетті реттеудің құралдарының 
функциясы ретінде қолданудың кеңейтілген тəжірибесін меңгереді. 
Бұл жас маманның кəсіпке «табиғи» енуін қамтамасыз етеді, олардың 
болашақ кəсіби іс-əрекетте бейімделу кезеңін қысқартады. 
Аралық формалар ретінде студенттердің іс-əрекетінің бір 
базалық формасынан екінші формаға сатылы трансформациясын 
қамтамасыз ететін кез келген формалар алынуы мүмкін. Бұл 
проблемалық дəрістер, семинар-пікірталастар, топтық практикалық 
сабақтар, нақты кəсіби жағдаяттарды талдау, əртүрлі тренингтер
арнайы курстар, арнайы семинарлар жəне т.б. 
Интербелсенді топтарда кəсіби ортаның əлеуметтік модельдері 
ретінде жұмыс, болашақ мамандардың пəндік жəне əлеуметтік 
құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етеді. 
Студенттің белсенділігінің негізгі бірлігі ретінде, əрекетті 
түзетуді есепке алуды қамтитын, басқа адамға бағытталған əрекет 
алынады. 
Осылайша, контексті оқытудың теориясына сəйкес, маманның 
іс-əрекет моделі оны даярлаудың əрекеттік моделінде көрініс та-
бады. Студенттің іс-əрекетінің пəндік мазмұны, маманның іс-
əрекетінің моделінде ұсынылған, бірте-бірте кəсіби іс-əрекетке 
жақындатылған, проблемалық оқу жағдаяттары, проблемалары мен 
тапсырмалары жүйесі ретінде жобаланады. Əлеуметтік мазмұн оқу 
үдерісіне студенттердің бірлескен іс-əрекетінің формалары арқылы 
«тартылады», олар əрбір студенттің тұлғалық ерекшеліктері, 
қызығушылықтары мен қалауларын есепке алуды, оқу жəне болашақ 
кəсіби ұжымның, қоғамның адамгершілік нормаларын ұстануды 
қамтиды. 
Контексті оқытуда:
• студент басынан бастап əрекеттік позицияда болады, себебі 
оқу пəндері іс-əрекеттің пəндері түрінде жəне оларды кеңейтудің 
сценарийі түрінде көрсетіледі (оқу, квази кəсіби, оқу-кəсіби);
• студенттердің белсенділігінің барлық əлеуеті – бірлескен шешім 
қабылдау бойынша қабылдау деңгейінен əлеуметтік белсенділік 
деңгейіне дейінгі əлеуеті қосылады;
• білімдер студенттердің модельденетін кəсіби жағдаяттарды 
шешу контексінде меңгеріледі, бұл оқу үдерісінің тұлғалық мəнін, 
танымдық жəне кəсіби мотивацияның дамуын негіздейді;
• студенттердің дара жəне бірлескен, ұжымдық жұмыс фор-
маларының негізделген үйлесімі қолданылады; бұл əрбір студент-
тің өзінің интеллектуалды жəне тұлғалық мазмұнын басқалармен 
бөлісуге мүмкіндік береді, тұлғаның іскерлік жəне адамгершілік са-
паларын дамытуға əкеледі;
• студент оқу ақпаратын өзінің іс-əрекетін реттеудің құралы 
ретінде қолдану тəжірибесін жинақтайды, аталған іс-əрекет тə-
жірибесі кəсіби сипатқа ие бола бастайды, бұл осы ақпаратты 
қамтитын объективті мəндерді тұлғалық мəндерге айналдыру-
ды қамтамасыз етеді, яғни болашақ маманның өзіндік білімі жеке 
жетістік ретінде, кəсіби құзыреттілік мəніне ие болады;
• кəсіби үдерістің логикалық орталығы ретінде, дамушы тұлға 
жəне болашақ маманның даралығы алынады, бұл білім беруді шы-
найы ізгілендіруді құрайды;
• модельді формадағы контексті оқытуда, ғылымда, өндірісте
жəне қоғамдағы үдерістердің мəні көрсетіледі; мазмұнды-педа-
гогикалық тұрғыда студенттердің оқу, ғылыми жəне кəсіби іс-
əрекетінің интеграциясы мəселесі шешіледі; 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет