Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет167/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   205
Акмеология

326
327
• педагогикалық əсерлер объектісінен студент танымдық, бола-
шақ кəсіби жəне əлеуметтік-мəдени іс-əрекет субъектісіне айналады;
• контексті оқытудағы «монотұғырлармен» салыстырғанда
нақты білім беру мақсаттарына жетуде, олардың мүмкіндіктерін 
қажетті ғылыми-əдістемелік негіздеуде, кез келген теориялар 
мен тұғырлардың арасынан, өзінің үйлесімді орнын кез келген 
педагогикалық технологиялар табады. 
Осылайша, кəсіби еңбектің пəндік жəне əлеуметтік мазмұны 
динамикалық тұрғыда модельденетін оқытуда студенттердің 
оқу іс-əрекетін маманның кəсіби іс-əрекетіне трансформациялау 
жағдайлары қамтамасыз етіледі. 
4.3 Жобалық оқыту технологиясы
Тақырыптың негізгі ұғымдары: жоба, жобалық оқыту, жоба-
лар əдісі, жобалау оқу əрекеті, жобалық, жобалық ойлау, жобалық 
оқыту технологиясы. 
Əлемдегі əлеуметтік-экономикалық өзгерістермен байланысты 
қазіргі заманғы қоғамда өзгермелі еңбек жағдайларына жедел 
бейімделе алатын, оңтайлы қуат шығынымен жұмысты атқара 
алатын, өзіндік білім алуға, өзіндік тəрбиелеуге, өзіндік дамытуға 
қабілетті белсенді, əрекетті адамдарға деген қажеттілік пайда болды. 
Қазіргі заманғы адамның аса маңызды сапаларының арасынан 
айқындалатындары: белсенді ойлау əрекеті, ойлаудың сынилығы, 
жаңаны іздеу қабілеті, білімді өз бетімен меңгеру тілегі мен шебер-
лігі. Сол себепті, білімге тұлғаның дербестігін жəне жауапкершілігін 
дамытуға ықпал ететін, оның өзіндік дамуына, өзіндік реттеуіне
өзін-өзі жүзеге асыруына бағдарланатын функция жүктеледі. 
Соған орай жобалар əдісіне ерекше зейін аударылады. 
Жобалар əдісін қолдану шеберлігі – оқытушының жоғары 
біліктілігінің көрсеткіші, оның оқыту мен дамытудағы прогрес-
сивті əдістемесінің көрсеткіші. Бұл технологиялар, ең алдымен 
адамның постиндустриалды қоғамдағы жедел өзгеретін жағдайларға 
бейімделу шеберлігін қамтитын ХХІ ғасырдың технологиясына 
жатады. 
С. И. Ожеговтың сөздігінде «жоба» сөзі келесі үлгіде түсін-
діріледі: «1) ғимараттың, белгілі бір механизмнің, құрылғының 
құрастырылған жоспары; 2) түпкі ой, жоспар». 
Жоба деп (латын тілінен аударғанда «projectus» – алға қарай 
шығарылған) қаланатын болашақ туралы шынайы түпкі ой аталады. 
Жобалық түпкі ой рационалды негіздемені жəне оны практикалық 
жүзеге асырудың нақты тəсілін қамтиды. Жобалау осындай түпкі 
ойды құрастыру үдерісі жəне оны белгілі бір сырттай белгілік 
формада тіркеу (əріптік-сандық мəтінде, графикалық бейнелеуде, 
көлемді макетте, əрекет етуші модельде, бұйымда жəне т.б.) болып 
саналады.
Жобалық оқыту білімгерлердің белсенді дербес ойлауын 
дамытудың жолдарын, тəсілдерін табуға, олардың білімді есте 
сақтауына жəне қайта жаңғыртуына, оларды тəжірибеде қолдану 
біліктеріне бағытталады. Жобалар əдісінің негізделетін жалпы 
принципі оқу материалының білімгерлердің өмірлік тəжірибесімен 
тікелей байланысын құруға, олардың ортақ мəселені шешуде, 
практикалық тапсырмаларда (жобаларда) белсенді танымдық жəне 
шығармашылық бірлескен іс-əрекетіне құрылады. 
Жобалар əдісі əлемдік педагогикадағы жаңа принцип болып 
табылмайды. Жобалар əдісі өткен ғасырдың басында АҚШ-да пайда 
болды. Оны мəселелер əдісі деп атады, ол американ философтары 
мен педагогтары Дж. Дьюи, У.Х. Килпатрик, Э. Коллингс жəне 
т.б. құрастырған философиядағы жəне білім берудегі гуманистік 
бағыттағы идеялармен байланысты болды. 
Жобалық оқытудың түп-тамыры тұлғаны жан-жақты, еркін жə-
не шығармашылық дамытудың қажеттілігінің ортасына қойылатын 
гуманистік педагогиканың негізгі қағидасына негізделеді. Ол 
еркін тəрбие педагогикасы мен ынтымақтастық педагогикасының 
принциптеріне сүйенеді. Аталған оқыту түрінің басты ережесі 
ретінде, оқу жұмысын табиғатқа сəйкестік принципі бойынша 
құрудың қажеттілігі, тұлғаның табиғи, танымдық белсенділігін 
дамыту үшін жағдай жасау, жеке тəжірибені жинақтау жəне 
қабілеттерді жетілдіру арқылы өзін-өзі жүзеге асыру алынады. 
Дж. Дьюидің идеяларын ендіру жолдарының бірі ретінде 
«жобалар əдісі» бойынша оқыту алынды. Білімгерлер «жобаларды» 
– оқу материалымен байланысты нақты тапсырмаларды орындады, 
алайда теориялық білімнің көлемі тар шеңберде болды. Оның негізгі 
идеясы – білімгерлердің өмірлік тəжірибесін кеңейту жəне байыту 
мақсатында, əлеуметтік ортадағы тұлғаның іс-əрекетін ұйымдастыру. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   163   164   165   166   167   168   169   170   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет