32
33
қолданылады: адам өмірінің барысында денсаулығына қатысты қол
жеткізген жетістіктерінің аса жоғары деңгейі, оның тұлға ретіндегі
мінез-құлқы жағымды қоғамдық мəнге ие болғанда, оның субъ-
ект ретіндегі іс-əрекеті шығармашылығының нақты нəтижесінде
материалдық немесе рухани мəнге ие болғанда көрініс беретін
деңгейі.
Сонымен, «акме» ұғымы əртүрлі жас сатыларында өзінің да-
муында адамның қол жеткізе алатын шыңдар немесе ең жақсы
жағдай мəнінде қолданылады. Бірқатар зерттеушілер осы шыңдар
мен ең жақсы жағдайларды, дамуда белгілі мазмұндық сипаттама-
сы бар, адамның жетістіктерінің алғышарты болатын, кемелдену
кезіндегі үлкен акме немесе «макроакме», кіші акме немесе «микро-
акме» деп атайды.
Акмені дамудың белгілі нəтижесі ретінде де қарастыруға болады,
бұл біздің зерттеуімізде үдеріс ретінде аса маңызды. Атап айтсақ,
үдеріс ретінде акме психикалық даму үдерісінің интенциалды-
динамикалық үлгісі тұрғысында сипатталады. Осы үлгінің аясын-
да акме, адамның өмір сүруінің жоғары деңгейіндегі жоғары нүкте
болып табылмайды, ол дамудың үздіксіз қисық нүктелері болып
табылады (С.Ю. Степанов осылай атап көрсетеді). Акменің басты
мəнді белгілері ретінде, ілгері дамушы бағыттылық (конструктивті
интенция), қарқындылық (сел тəрізді динамизм), оның түбегейлі
аяқталмауы (дамудың келесі буынына ашықтық) алынады. Акме
феноменінің эмпирикалық жəне тұжырымдамалы теңдестірілуінің
өлшемі ретінде, дамудың жоғары экстремум нүктесі алынбайды
(яғни, дамудан регреске өту сəті); мұнда барынша қарқынды өсу
мен дамудағы сапалы секіріс үдерісі алынады. Осы үлгі тұрғысында
барынша дамудың əрбір келесі нүктесіне жету, міндетті түрде
деградацияға алып келмейді, керісінше, даму үдерісін қарқынды
дамытуға алып келеді.
Үдеріс ретінде акме синергетикалық акмеология аясында қа-
растырылады.
Əлеуметтік синергетика тұрғысында ашық өзіндік ұйымдасушы
(диссипативті) құрылым (атап айтсақ, адам), ортамен тұрақты ал-
масу жағдайында ғана өмір сүре алады. Осы алмасу арқылы ол
сыртқы ортадағы тəртіпсіздікті арттыру есебінен өзінің реттелуін
қамтамасыз етеді. Өзіндік ұйымдасу бір-бірін теріске шығаратын екі
үдерістің – иерархизация (қарапайым диссипативті құрылымдардың
аса жоғары реттегі диссипативті құрылымдарға бірізді біріктіру)
жəне деиерархизация (күрделі диссипативті құрылымдардың
аса қарапайым құрылымдарға бірізді бөлінуі) кезектесу ретінде
қарастырылады. Нақты ортамен өзара əрекеттесетін нақты жүйе
үшін шектеулі күй болады, аталған күйге жетуде жүйе өзінің
бұрынғы күйіне (аттрактор) орала алмайды. Бірқатар шектеулі күйге
жеткеннен кейін («қарапайым аттрактор»), сыртқы ортамен өзара
əрекеттестік жағдайында иерархизация үдерісі тоқтайды. Жүйенің
таралуы (деирерахизация үдерісі) да бірқатар шектеулі күйге жет-
кеннен кейін («қызықты аттрактор») аяқталады.
Синергетикалық акмеология, акмені қарапайым аттрактормен
арақатынаста ұстайды. Мұнда қызықты аттрактормен ол «катаболе»
күйін арақатынаста ұстайды (грек тілінен катаРоАх — төмен қарай
сырғу).
Осылайша, синергетикалық акмеология тұрғысында əлеуметтік
өзіндік ұйымдасу тəртіп пен аласапыранды кезектестіруді білдіреді,
өз кезегінде акме (қарапайым аттрактор) жəне катаболе (қызықты ат-
трактор) кезектеседі.
Қарапайым жəне қызықты аттракторлар арасындағы жүйенің
тепе-теңдігі, тəртіп пен аласапыран, олардың диалектикалық син-
тезге жету арасындағы қарама-қайшылықты жеңуге ұмтылыспен
байланысты, яғни жаһандық аттракторға ұмтылыспен байланысты
(аса қызықты немесе суператтрактор), мұнда акме жəне катаболе
күйлерінің кезектесуіндегі үрдісті айқындауға болады. Бұл үрдіс
локальды акме арқылы, катаболемен аяқталатын, жаһандық акмеге
қозғалыстан тұрады.
Т. П. Фокина акмені өмірді бірқатар идеалға сəйкес құру ретінде
көрсете отырып, акменің немесе құру стратегиясының келесі
үлгілерін айқындайды:
– өмірдің түбегейлі аяқталмауын саналы ұғынудағы тұрақты ин-
новациялар жəне тəжірибелер;
– жоғалған шыңды аңсаумен туындаған күйге оралу;
– адамға іргелі күй ретінде жіберілген бірқатар күйге оралуға
байланысты экзистенциалды күш-қуат.
Мəні бойынша Т.П. Фокинаның жіктеуінде акмеге тек бірінші
стратегияны жатқызуға болады, себебі инновациялар жəне
тəжірибелер, өмірдің түбегейлі аяқталмауын саналы ұғыну белгілі
бір шамада акме-бағдарланған тұлғаны сипаттайды. Ал үшінші
|