22
23
5. Білім беру акмеологиясы.
6. Түзету акмеологиясы.
7. Этнологиялық акмеология.
Аталған бағытты құрушылардың түсіндіруінде, адамның
кемелденуінің шыңы – бұл ересек адамның өмірінің біршама
кезеңін қамтитын жəне оның физикалық индивид, азамат, тұлға, іс-
əрекеттің белгілі саласындағы маман ретінде қаншалықты дəрежеде
қалыптасқанын көрсететін көпшамалы күйі. Əрине, аталған күй
өзгермелі. Адамның индивид, тұлға, шығармашылық іс-əрекет
субъектісі ретінде акме деңгейіне шығу уақыты көп жағдайда сəйкес
келмейді, себебі осы сипаттамалардағы өзгерістердің алуан түрлі
жылдамдығы байқалады.
Акмеология ғылым ретінде дамудың толыққандылығын, кеңді-
гін, тиімділігін, басталу уақытын негіздейтін факторларды зерттейді
жəне анықтайды. Ол макро-, мезо- жəне микросоциумдардың
əсерінің механизмдері мен нəтижелерін (мемлекет, еңбек ұжымы,
отбасы жəне т.б.), адамның өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін
белгілі тактикалар мен стратегияларды құрастыра отырып, табиғи
ортаның жəне адамның өзіндік даму үдерісінің механизмдері мен
нəтижелерін зерттейді.
Аталған бағыт адамның өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі
тəрбиелеуі, өзін-өзі маңызды ету мəселесіне жəне оның шыңға
жетуіне жауап береді. Адамның өмірлік жолын өзіндік жетілдіру
үлгілері, алынған білімнің негізінде құру, оның барлық салаларда
жетістікке барынша тез жетуіне мүмкіндік береді.
Шетелдік психологияда акмеологияны жеке бағыт ретінде
ажыратып көрсетпеді, алайда біздің қоғамда акмеология мемлекеттік
деңгейде танылды.
Əрине, адам өзінің өміріндегі шыңға бірінші кезекте, өзінің күш-
қуатына деген сенімділік, өзін-өзі дайындау мен өзін-өзі жүзеге
асыру арқылы қол жеткізеді. Алайда, акмеологияны пайдалана
отырып, ол барлық жетістіктің шыңына өмірлік жолында алдын
ала не күтіп тұрғанын біле отырып, жедел жəне тиімді қол жеткізе
алады.
Қазіргі кезде акмеологиялық білімнің дамуының гетеро-
хрондығына байланысты, адамның еңбек субъектісі ретінде дамуы,
тұлғаның кəсібилігін жəне іс-əрекетін дамытудың жалпы жəне жеке
заңдылықтары мен феномендерін зерттеу аса өзекті болып саналады,
сондықтан аталған кезеңде акмеология ең алдымен кəсібилік туралы
ғылым ретінде алынады. Акмеологияның объектілі жəне пəндік
өрістерін кеңейту, ой-пікірлерге сəйкес келетін мазмұнға ие болуға
мүмкіндік береді. Мұны түсінуге акмеология көмек береді.
Акмеология – бұл адамның шыңдағы жетістіктері туралы ғылым.
Акмеология келесі сұрақтарға жауап беруге тырысады: адамның
өзін қалай белсендіруге болады? Өмірде жетістікке қалай жетуге
болады? Акмеге – өз мүмкіндіктерінің шыңына – қалай жетуге
болады? Өмірдің мəні неде? Адамның басты қызметі қандай? Жеке
шындық қайда жəне өз жолын қалай табуға болады?
Əрине, бұл ғылым адамның кемелдену кезеңіндегі жетістіктерін
зерттеп қоймайды, сонымен бірге сол жетістіктерге жетелейтін
факторларды зерттейді. Ол адамның рухани, интеллектуалды жəне
дене мүмкіндіктерін барынша дамытуды қандай жағдайда жүзеге
асыра алатынын анықтайды. Оны зерттеу адам өмірінің мəнін
түсінуге көмек береді. Акмеология адамның психофизикалық даму
жəне жас кезеңіндегі динамикасын зерттейді.
Адамның бірінші өмірлік сатысы – балалық шақ. Бұл кезеңде
сəби қоршаған əлемді таниды, алғашқы əлеуметтік тəжірибені
игереді.
Жасөспірімдік кезең. Бұл кезеңде тұлғаның қалыптасуы жүреді.
Жасөспірімдік кезеңде рефлексиялау – өзін-өзі тану қабілеті пайда
болады. Жасөспірімдер үйрену жəне дербестік қабілеттері сияқты
маңызды сапаларды меңгереді.
Жастық шақ. Рухани жəне дене күштерінің өркендеу уақыты.
Өз жолын, өз тағдырын іздеу кезеңі. Кəсіби біліктер, дағдылар
меңгеріледі, шығармашылық əлеуеті ашылады.
Ересектік өмір. Бұл адамның еңбек ететін, шығармашылықпен
шұғылданатын, ойланатын тиімді уақыты. Бұл маңызды жетістіктер,
аса маңызды жаңалықтар мен тапқырлық уақыты.
Кəрілік кезеңі. Бұл уақытта күш-қуат азаяды, мүмкіндіктер
сарқылады. Алайда, өткен өмір туралы естеліктер уақыты ғана
емес, сонымен бірге өткенді қайта мағыналауға, өткен өмірді қайта
бағалауға мүмкіндік берілетін уақыт.
Адамның ересектенуі – адамның даралану жəне əлеуметтену
сияқты екі қарама-қарсы механизмдерінің, онтогенез бен социо-
генездің өзара əрекеттестігінің күрделі үдерісі (Д.И. Фельдштейн).
Ересектерге білім беруді адамды дараландыру мен əлеуметтендіру
|