Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет42/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   205
Акмеология

80
81
Бoлaшaқ мaмaндapдың кəciби дaяpлығын білімдік үрдісте 
aқпapaттық тexнoлoгияларды пайдалану apқылы қaлыптacтыpу 
caлacындa opындaлғaн отандық ғылыми еңбектер қатарына бoлaшaқ 
мaмaндapдың aқпapaттық жəнe зepттeу мəдeниeтiн қaлыптacтыpу 
(Е.Ы.Бидайбеков, P.Ч.Бeктұpғaнoвa, К.М.Бepкімбaeв, т.б.) жəнe 
т.б. жатады. Болашақ мамандардың кəсіби даярлығын жетілдіру 
жолдары туралы М.А.Кұдайкұлов, Б.Кенжебеков, Ш.Т. Таубаева, 
Е.Ш. Қозыбаев жəне т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Құзыреттілік тұғыр құзырлылық бейіндерін – іс-əрекеттің ал-
уан түрлі бағыттары үшін парциалды құзырлылықтар жиынтығын 
құрастыруды қамтиды. Бейіндерді құрастырудың жалпы ережелері: 
əрбір парциалды құзырлылық нақты құрастырылуы қажет, бейінде 
басымдылықтар дəл жəне нақты қойылуы керек; бейінде көрсетілген 
əрбір құзырлылықтың өзіндік «эталоны» болуы жəне оған қол 
жеткізілуі керек. Құзырлылықтардың түзетіліп құрастырылған 
бейіндері білім беру бағдарламаларын құрастырудың негізі болып 
табылады. Құзырлылықтар бейіндерін құрастыру үдерісінде қажет: 
– білімгерлердің сипаттамалары мен əрекеттерінің байланысты 
емес жиынтығын жалпы мағыналық өріс ретінде алу; 
– білімгерлердің сипаттамасы мен əрекеттерінің топтастырылуын 
жүзеге асыру, құзырлылық топтарын анықтайтын мағыналық 
кластерлерді айқындау; 
– құзырлылықтардың есімдерін беру жəне бастапқыда жазылған 
парциалды құзырлылықтарды қайта топтастыру
– құзырлылықтың бейіндерін құрастыру, оларды өзара мақұлдау 
жəне оқытудың мақсаттарына сəйкес жүйелі біріктіру;
– құзырлылықтың «өлшеуіштерін» жəне индикаторларды 
құрастыру. 
Кəсіби құзыреттілік кəсіби жағдайларда іс-əрекетті жүзеге асыру 
үшін қажетті білім, білік жəне дағдыларда көрініс табады. Оларды 
іріктеудің өлшемі ретінде, білімгерлердің кəсіби жағдайларға жақын 
жағдайларда шешуі қажет кəсіби міндеттердің мазмұны алынады. 
Осылайша, құзыреттілік тұғырды оқу үдерісіне ендіру, оның 
жоғары білім берудің оқу бағдарламасындағы көрінісі: 
– студенттің бойында əлеуметтік жəне жеке тəжірибе негізінде, 
іс-əрекеттің алуан түрлі саласында жəне түрлерінде мəселелерді өз 
бетімен шешу қабілетін дамыту;
– кəсіби, танымдық, дүниетанымдық, адамгершілік жəне бас-
қа мəселелерді шешудің дидактикалық бейімделген тəжірибесі 
негізінде білім беру бағдарламаларының мазмұнын іріктеу; 
– оқыту мақсаттарына жетудің деңгейлері негізінде оқытудың 
нəтижелерін бағалау сияқты принциптерді жүзеге асыруды 
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 
Сəйкес құзырлылықтардың болуын айқындау, сипаттау жəне 
бағалау үшін, нақты жағдайдағы іс-əрекеттің көлемін жəне сапасын 
«өлшеу» қажет, ол үшін нақты кəсіби міндеттерді адекватты шешуге 
қажетті, қабілеттерді сипаттау арқылы құзырлылықтың мазмұнды 
компонентін құрастыру талап етіледі. Мұнда көрсетуді қажет 
ететін нақты қабілеттер сипатталады; əрбір қабілет көрсетілетін 
жағдайлар; барынша аз қабылданатын жəне барынша жоғары 
қойылған міндеттерді орындауға арналған қабілеттердің жеткілікті 
деңгейлерінің стандарттары сипатталады. 
Түйінді мəселелердің бірі ретінде, қазіргі мұғалімді кəсіпқой 
жəне шығармашылық тұлға ретінде даярлаудың жаңа педагогикалық 
негіздемелерін құрастыру алынады. Мұғалімді кəсіби даярлауды 
жетілдірудің резервтерін іздеу, оның шығармашылық құзыреттілігін 
қалыптастыру мен дамыту кеңістігіне ауысады. Мұнда бас-
тауыш, орта жəне жоғары педагогикалық мектептің бірыңғай, 
шығармашылықпен дамушы білім беру кеңістігіне қайта құрудың 
қажеттілігі туындайды, ол өз кезегінде болашақ мұғалімнің 
шығармашылық құзыреттілігін кəсіпте өзін-өзі жетістікпен жүзеге 
асырудың факторы ретінде, білімгерлердің шығармашылық дамуын 
құзыреттілікпен қолдаудың алғышарты ретінде қалыптастыру мен 
дамытуға ықпал етеді. 
Гуманистік парадигма ұстанымы тұрғысында білім берудің 
басты құндылығы ретінде, субъектінің тұлғаның шығармашылық 
əлеуетіне сүйене отырып, кəсіби іс-əрекетте өзін-өзі жүзеге асыру 
қабілеті алынады. Тиімді кəсіби дамудың негізі ретінде, болашақ 
мұғалімнің өзін-өзі жетістікпен педагогикалық қызметте жүзеге 
асыруы алынады, ол өз кезегінде үздіксіз педагогикалық білім беру 
ықпал етуге бағытталған кəсіби құзыреттілік құрылымы арқылы 
көрініс табады. 
Кəсіби білім берудің нəтижесі – бұл индивидтің білім беру 
барысында меңгерген функционалды міндеттемелерді орындау 
қабілеті; белгілі кəсіби салада орындалатын міндеттердің күрделілік 
деңгейіне, яғни кəсібилікке сəйкес келетін шеберлік пен біліктіліктің 
деңгейі. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет