Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет7/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   205
Акмеология

12
13
Кез келген ғылымның өзіндік зерттеу жəне əдістемелік аппараты 
болғанда ғана, ол шынайы түрде дербес мəртебеге ие болады. Бұл 
мəселе акмеологияға да қатысты. Оның қалыптасуының басында 
акмеологиялық міндеттер, жалпы ғылыми жəне психологиялық 
əдістердің көмегі арқылы шешіледі, алайда өзіндік əдістерді 
құрастыру міндеттері өзекті болатын уақыт келді. Осы бағытта 
жұмыс жалғасуда, қазір біраз нəтижелерге қол жеткізілді. 
Міндеттердің бесінші тобы, кəсіби іс-əрекеттің алуан түрлі 
санатындағы кəсіпқойлықтың жəне кəсібиліктің акмеологиялық 
модельдерін құрастыруға бағдарланған. Мұнда «акмеологиялық 
модель» категориясын теориялық тұрғыда негіздеу талап етіледі. 
Акмеологиялық модельдерді құру, тұлғалық-кəсіби дамудың, осы 
үдерісті оңтайландырудың маңызды бағдары болатын кəсібиліктің 
біртұтас жəне құрылымдық стандарттарын сипаттауға мүмкіндік 
береді. 
Міндеттердің алтыншы тобы, тұлғаның ілгері дамуының жəне 
бірінші кезекте кəсібиліктің өзіндік акмеологиялық технологияла-
рын құруға бағытталған. 
Міндеттердің жетінші тобы, нақты қолданбалы акмеологиялық 
зерттеулерге бағдарланған, бұл өз кезегінде ғылымды саралауға, 
оның ғылыми бағыттарының қалыптасуына деген табиғи үрдістерді 
бекітеді. 
Н.В. Кузьмина акмеологияның пəні ретінде, шығармашылық 
тұрғыда өзін-өзі жүзеге асырудағы біртұтас адамды атаған. 
Кемелдену – адам өмірінің кəсіпті жəне оқу орнын дербес 
таңдауынан бастау алып, жұмыстың ырғағы мен тəртібін жоспарлау, 
өз уақытын ұйымдастыру мен қалаған нəтижелерге жету тəсілдерін 
жоспарлау аралығындағы кезең. Бұл кезеңде білім беру, тəрбие, 
оқыту үдерістерінің орнын бірте-бірте шығармашылық əлеуетті 
дамытуға бағытталған өзін-өзі тəрбиелеу, өзіндік білім алу, өзін-
өзі бақылау, өзін-өзі жетілдіру түріндегі өзін-өзі жүзеге асыру 
үдерістері алынады. 
Ежелгі дүние тарихының дамуындағы акме-кезеңдер, дамудың 
бір дəуірінен екінші дəуіріне дейінгі терең білім мен нақты 
тəжірибені беру жүйесі ретінде, дамудың терең мəнін түсінуге көмек 
береді. Əсіресе, адамның дамуы темір дəуірінде аса жоғары акме- 
нəтижеге жетті.
Акмеологияның бастау көздері Ежелгі Грекияға байланысты. Бұл 
кезеңде адам ақыл-ой жəне дене дамуының шыңдарының үйлесімі 
ретінде кемелдену идеалына ұмтылған болатын. Адамзат қоғамының 
дамуының əртүрлі тарихи кезеңдерінде идеалдар алуан түрлі болды, 
алайда олар əрдайым интегративті құрылымдар, табиғаты бойынша 
гетерогенді үдерістердің шыңдарының үйлесімі нəтижесі ретінде 
қарастырылды. 
Ежелгі Үндістанның данагөйлері адамның жер бетіндегі 
өмірінің жақсаруын оның тұлғасын жетілдірумен байланыстырды; 
Конфуций жəне Лао Цзы азаматтық жəне əскери жетілдірудің 
біріктіруін негіздеді; Демокрит, Сократ, Эпикур өзін-өзі дамытуды 
адамзат өмірінің мақсаты деп санады; Марк Аврелий, Плутарх, 
Сенека адамгершілік жетілдірудің өзіндік сана мен аскетизм 
түрінде көрініс беретінін атап көрсетті; Фома Аквинский, Д.Бруно, 
Г. Лейбниц, Б. Спиноза жетілдірудің мүмкіндігін рухани дамытуға 
деген сенімділікпен байланыстырды; еркіндік, жалпыадамзаттық 
құндылықтар, адамгершілік мəселелерін Г. Гегель, И. Кант, И. Фихте, 
Ф. Шеллинг зерттеді.
Тарихи-философиялық аспект адамның мəні мен оның əлемде 
алатын орны туралы мəселелерді қамтиды. Бұл өз кезегінде 
дүниетанымды қалыптастырудың негізіне алынады. Адамзаттың 
мəдени дамуының басталуынан-ақ, адамның дамуы туралы ұғымдар 
қалыптасты, индивидтің дамуында бірқатар шыңның, жоғары 
деңгейдегі нүктенің, көтерілу, дамудың белгісінің, кемелденудің 
жоғары дəрежесінің болатыны туралы идеялар айтылды. 
Дамудағы шыңды тарихи-философиялық тұрғыда негіздеу, 
акмеге деген үдемелі қозғалыс үдерісі ретінде қарастырылады. 
Ежелгі грек тілінде «акмеде болу» ұғымы «дамудың жоғары 
сатысында болуды, толыққанды түсте (өркендейтін кезең) болуды» 
білдіреді.
Кемелденудің жоғары сатысы, оның шыңы – «акме» – бұл 
адамның азамат ретінде қаншалықты дəрежеде қалыптасқанын, 
өз ісінің маманы жəне тұлға ретінде қалыптасқанын сипаттайтын, 
оның дамуының белгілі кезеңін қамтитын көпшамалы күйі. 
Акмеологияның нысаны ретінде, кемелдену сатысындағы 
дамушы тұлға алынады. Кең мағынасында, оның пəні ретінде – 
кемелденген тұлғаның ілгері дамуына ықпал ететін немесе кедергі 
келтіретін объективті жəне субъективті факторлар алынады, яғни 
ересек адамның дамуда, қатынастарда, шығармашылықта, өзінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет