136
137
– объективті, олар тұлғаның өмір сүру əрекетінің шынайы жүйе-
сімен жəне акмеге жету мен өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталған
əрекеттердің бірізділігімен байланысты. Акмеологиялық мəдениетті
дамыту тиімділігінің негізгі объективті акмеологиялық факторы
ретінде, белсенді өзіндік білім алу алынады. Студенттердің
акмеологиялық мəдениетін дамыту жəне өзіндік білім алуды
ұйымдастыру үдерістері, өзіндік білім алуда студенттердің
қажеттілігін
жəне
акме-бағдарланған
өзіндік
өзгерістегі
қажеттіліктерін қалыптастыру үдерісіне бағытталады;
– субъективті, олар адамның индивид, тұлға, субъект ретіндегі
ерекшеліктерінің дамуымен байланысты болады; олардың көріну
шамасы акмеологиялық мəдениеттің деңгейінің артуына ықпал
ететін немесе осы үдеріске кедергі келтіретін субъективті себеп
ретінде болады.
Тұлғаның акмеологиялық мəдениетін дамыту тиімділігінің
негізгі субъективті акмеологиялық факторлары болып табылатын-
дар: көпконтексті шығармашылық ойлаудың қалыптасуы; тұлғаның
эмоционалды саласының дамуы; тұлғаішілік кикілжіңдерді
тиімді шешу қабілеті; өзін-өзі дамыту саласында аналитикалық-
прогностикалық тəжірибенің қалыптасуы; өзін-өзі жетілдіруге
құндылықты қатынастың қалыптасуы;
– объективті-субъективті, олар біртұтас өзін-өзі дамыту ке-
ңістігімен жəне акмеологиялық мəдениетті дамыту ортасын
ұйымдастырумен байланысты.
Білім беру кеңістігінде тұлғаның акмеологиялық мəдениетін да-
мыту тиімділігінің негізгі объективті-субъективті акмеологиялық
факторлары болып табылатындар: акмеологиялық мəдениетті
дамытуға эмоционалды-жағымды қатынасты қамтамасыз ету;
дамытушы өзара əрекеттестік жағдайларын құру; оқытудағы дара
тұғыр.
Акмеологиялық мəдениет адамның өзін-өзі дамыту үдерісін
үйлесімді етеді, оған барлық өмірлік салаларда өзін аса толыққанды
шамада жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Акмеологиялық мəдениет-
ті дамытудың мүмкіндіктері, адамның индивидтік, тұлғалық жəне
субъектілі ерекшеліктер кешенімен, сонымен бірге оның өмірлік
жолының өзгешелігімен анықталады.
Тұлғаның акмеологиялық мəдениеттің дамуының келесі дең-
гейіне өту мүмкіндігі, бірінші кезекте, тұлғалық құндылықтар
сатысында, өзін-өзі дамыту құндылығының қаншалықты басым
болатындығымен, осы тұлғалық құндылықты жүзеге асырудың
қандай дəрежеде басым тұлғалық мəнге ие болғанымен анықталады.
Акме-бағдарланған өзін-өзі дамытудың жүйелі жəне мағына
құраушы факторы ретінде, өзін-өзі жетілдіруге деген құндылық
бағдар алынады, ол өзін-өзі өзекті ету, өзін-өзі жетілдіру жəне өзін-
өзі жүзеге асыру саласында міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік
беретін, əрекеттік сипаттамалардың, тұлғалық сапалардың
қалыптасуын, дамуын анықтайды.
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының когнитивті заңды-
лықтары, танымның нəтижелілігін, адамның өзін, əлемді қайта
құрудың, танымдық үдерістердің, танымдық қабілеттер мен
танымдық іс-əрекеттің алуан түрлі формалары мен деңгейлерінің
біртұтас, жүйелі ұйымдастырылған жиынтығы ретінде, танымдық
саланың қалыптасуының жоғары деңгейінің өзара тəуелділігін
көрсетеді.
Акмеологиялық мəдениеттің дамуының əлеуметтік-перцептивті
заңдылықтары, тұлғаны əлеуметтік танудың механизмдері ретінде,
өзіндік теңестіру мен рефлексияның қалыптасуы, тепе-теңдігі,
адамның өмір сүру əрекетінің алуан түрлі салаларында өзін-өзі
жүзеге асырудың тиімділігі арасындағы тəуелділікті көрсетеді.
Əлеуметтік-психологиялық тұрғыдан, акмеологиялық мəде-
ниеттің даму деңгейі, адамның өзіне деген сенімділік деңгейімен
анықталады. Өзіне деген сенімділік деңгейінің артуымен, адам
қабілетті бола бастайды: акмеологиялық мəдениеттің когнитивті
компонентінің аясында, өзін-өзі дамытудың оңтайлы жоспарлары
мен бағдарламаларын құру қабілеті; акмеологиялық мəдениеттің
эмоционалды компонентінің аясында, адекватты өзіндік қаты-
насты қалыптастыру, ішкі кикілжіңді оңтайландыру қабілеті;
акмеологиялық мəдениеттің операционалды компонентінің аясын-
да, ішкі кикілжіңнің оңтайлы деңгейін сақтау, өзін-өзі дамытудың
дара траекториясын тиімді түзету қабілеті.
Əлеуметтік-мəдени заңдылықтар, акмеологиялық мəдениеттің
дамуы деңгейінің тəуелділігін көрсетеді, ең алдымен адамның өмір
сүру əрекетінің аса ауқымды контексі ретінде, əлеуметтік-мəдени
ортаның құндылықты құрылымдық, ментальды компоненттерінің
қалыптасуын білдіреді.
Тұлғаның кеңістігіндегі акмеологиялық мəдениеттің дамуы,
|