150
151
жəне дамуы көпқырлы ғана емес, сонымен бірге көпнұсқалы үдеріс
болып табылады.
«Мен-тұжырымдамасы» феномені келесі қырларда зерттеледі.
Біріншіден, субъектінің енгізілетін белгілі жағдаят контексінде
зерттеледі. Мұнда зерттелетін феноменнің мазмұны мен дина-
микасының негізі алынады. Бұл тұрғыда С.Л. Рубинштейн
атап көрсетеді: «жағдаятқа енгізілген адамда оны жағдаяттың
шекарасынан шығаратын нəрсе болады. Жағдаят – бұл тек оның
əрекетін анықтайтын компоненттердің бірі. Өзінің мəні бойынша,
кез келген жағдаят проблемалық болып табылады. Бұдан – адам-
ның жағдаяттың шекарасынан үнемі шығуы, ал жағдаяттың өзі
қалыптасу болып саналады. Менің адами болмысымның құрылымы,
оның күрделілігі мен динамикасында айқындалады. Менің əрекетім
мені белгілі бір аспектіде теріске шығарады, ал басқа бір аспектіде
мені қайта құрады, айқындайды жəне жүзеге асырады. Соған сəйкес,
«адамның «менінің» əртүрлі аспектілері түсіндірілуі мүмкін»
(С.Л.Рубинштейн). Екіншіден, белгілі формадағы белсенділігі бар
субъектінің көзқарасы тұрғысында зерттеледі. Мұнда зерттелетін
құбылыс əртүрлі модальды тұтасты құрайтын, өзінің өмір сүруінің
ішкі жағдайларының бірлігі ретінде алынады (А.В.Брушлинский).
Үшіншіден, зерттелетін құбылыс тікелей қатысты болатын
психикалықтың ғарыштық модальдығында қарастырылады. Мұнда
унимодальды тұтастың бір қыры немесе сəті ретінде болатын
феноменнің өзгешелігі мен бірегейлігі тіркеледі.
Зерттеу
бағдарламасының
проблемалық
өрісі
кешенді
зерттеулердің бес негізгі бағытын қамтиды.
Бірінші бағыт – «Мен-тұжырымдамасының» тұлғаның мəндері,
идеалдарымен, құндылық бағдарларымен, базалық сенімдерімен,
жоғары рухани мақсаттарымен, бағдарларымен, қабілеттерімен,
кəсіби құзыреттіліктерімен, кəсіби маңызды сапаларымен, сонымен
бірге тұлғаның өзіндік бейнесімен, бірдейлігімен жəне «Біз-
тұжырымдамасымен» өзара байланысы.
Екінші бағыт – «Мен» модальдықтарының даму корреляттарын
құру: кəсіби «Мен», рухани «Мен», əлеуметтік «Мен», шығар-
машылық «Мен», рефлексивті «Мен», ерікті «Мен»; олардың
арақатынасын «Мен-тұжырымдамасы» құрылымында анықтау:
«Мен-тұжырымдамасы» құрылымында дамудың əлеуметтік-
психологиялық негіздерін, өзін-өзі тануды, өзіндік бейнесін,
өзін-өзі құрметтеуді, өзіндік құндылықты, өзін-өзі қабылдауды,
кəсіби жəне этникалық бірдейлікті анықтау; субъектінің «Мен-
тұжырымдамасының» құрылымдық ұйымдасуының типтерін
айқындау.
Үшінші бағыт – «Мен-тұжырымдасын» құрылымдық-функцио-
налды ұйымдасуының, іс-əрекеттің тиімділік деңгейі мен оларды
қамтамасыз ететін факторлардың деңгейлерінің өзара əсері; «Мен-
тұжырымдамасы» жəне шығармашылық үдеріс ретіндегі кəсіби
іс-əрекеттің өзара тəуелділігі; кəсіби шеберлік жүйесіндегі «Мен-
тұжырымдамасы» жəне өзіндік сананың дамуы; жоғары-, орта-,
аз нəтижелі мамандардың «Мен-тұжырымдамасының» мазмұнды
сипаттамасындағы айырмашылықтарды акмеологиялық талдау;
«Мен-тұжырымдамасының», өзіндік бейненің, тұлғаның бірдейлігі
мен субъектілігінің даму үдерісінің акметектоникасы.
Төртінші бағыт – тұлғаның өзіндік «Мен-тұжырымдамасын»
өзіндік құру мен шыңдағы даму ортасын құрудың жолдары;
оның онтогенездегі қалыптасуы мен дамуын оңтайландыру
(қиындықтарды талдау, өзін-өзі жетілдіру резервтері, кəсіби, жас
жəне өмірлік дағдарыстарды жеңу); тұлғаның өмірде өзін-өзі жүзеге
асыруға шығармашылық дайындығының шарттарын анықтау;
қарастырылатын үдерістің психологиялық-педагогикалық жəне
акмеологиялық қамтамасыз етілуінің алгоритмдерін құрастыру
жəне тəжірибеден өткізу.
Бесінші бағыт – жоғары нəтижелі тұлғалардың өмірлік тарихын,
сценарийлерін, стратегияларын талдау; «Мен-тұжырымдамасын»
зерттеу.
Қазіргі кезде жастық шақ кезеңінде тұлғаны акмеологиялық
дамыту мəселесі, философиялық, əлеуметтанушы, əдіснамалық,
психологиялық, акмеологиялық тұрғыда толыққанды шамада
зерттелмеген мəселе болып саналады. Психологияда тұлғаны
дамытудың басты детерминанттары ретінде, тұқым қуалау пен орта
алынады. Алайда тұлғаны дамыту үдерісі көптеген факторлар мен
шарттардың болуы жағдайында, біржақты жəне тепе-тең жүзеге
аспайды.
Акмеологиядағы тұлғаның дамуын зерттеу ерекше орын алады,
себебі ол біршама дəрежеде тұлғаны оңтайлы дамытудың шарттары
мен факторларын зерттейді. Бұдан басқа, тұлғаны дамыту, оның
жастық шақ кезеңіндегі оқу-кəсіби іс-əрекетінің құрамдас бөлігі,
|