Оқулық Алматы, 014 3 удк ббк о қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің



Pdf көрінісі
бет90/205
Дата08.11.2023
өлшемі1.55 Mb.
#482648
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   205
Акмеология

174
175
тіру). Автор тұлғаның өзін-өзі анықтауының адамзаттың жинақтаған
тəжірибесін меңгеруді қамтитыны туралы пікір білдіреді, «Мен» 
бейнесі психологиялық тұрғыда еліктеу жəне идентификация 
ретінде жүзеге асады, сонымен бірге қайталанбайтын, өзіне ғана тəн 
қасиеттердің қалыптасуы жүзеге асады, ол дербестендіру ретінде 
жүзеге асады. Еліктеу мен конформдылықтан кейін, теңдестіру 
тұлғаның дербестендіруін негіздей отырып, жетекші бастау ретінде 
болады. Сондықтан теңдестіру жəне дербестендіру екіжақты үде-
ріс, өзін-өзі анықтаудың механизмі ретінде болады. 
Жас ерекшелік аспектісінде өзі-өзі анықтау мəселесін аса терең 
жəне толыққанды дəрежеде Л. И. Божович қарастырды. Өзін-өзі 
анықтауда қажеттілікті əлем туралы жалпыланған ұғымдарды 
бірыңғай мағыналық жүйеге енгізу қажеттілігі ретінде, өзіндік 
өмір сүрудің мəнін анықтау аса ауқымды болып саналады. Л.И. Бо-
жович өзін-өзі анықтаудың екі жоспарлылығын қамтитын мəнді 
сипаттамасын тіркеді: өзін-өзі анықтау «кəсіпті іскерлік таңдау 
арқылы жəне нақтылықтан айырылған, өзіндік өмір сүрудің мəнін 
жалпы ізденістер арқылы» жүзеге асырылады. Л.И.Божовичтің 
пікірі бойынша, жастық шақтың соңына қарай, бұл екі жоспарлылық 
жойылады. 
Л.И. Божовичтің еңбектері өзін-өзі анықтаудың психологиялық 
табиғатын түсіндіру үшін көп мағлұмат береді. Біріншіден, ол өзін-
өзі анықтаудағы қажеттіліктің онтогенездің белгілі сатысында – 
ересек жасөспірімдік кезеңнің, ерте жастық шақ кезеңінің арасында 
пайда болатынын көрсетеді, сонымен бірге, осы қажеттіліктің 
пайда болуын жасөспірімнің тұлғалық жəне əлеуметтік дамуының 
логикасы арқылы негіздейді. Екіншіден, өзін-өзі анықтаудағы 
қажеттілік белгілі мағыналық жүйені қалыптастырудағы қажеттілік 
ретінде қарастырады, онда адамның өзі жəне əлем туралы 
ұғымдары қамтылған, осы мағыналық жүйені қалыптастыру 
адамның өзіндік өмір сүруінің мəні туралы сұраққа жауап табуды 
қамтиды; үшіншіден, өзін-өзі анықтау болашаққа ұмтылушылық 
сияқты ересек жасөспірімдік жəне ерте жастық шақ кезеңінің мəнді 
сипаттамасымен ажырамас байланыста болады; төртіншіден, өзін-
өзі анықтау кəсіпті таңдауды қамтиды. 
Шетелдік психологияда «тұлғалық өзін-өзі анықтау» ұғымының 
аналогы ретінде, американдық ғалым Эрик Эриксонның құрастыр-
ған, ғылыми қолданысқа енгізген «психоəлеуметтік бірдейлік» 
категориясы алынады. Өтпелі кезеңде жəне жастық шақ кезеңінде 
тұлғаның қалыптасуы қарастырылатын орталық кезең ретінде, 
«бірдейліктің нормативті дағдарысы» алынады. «Дағдарыс» ұғымы 
мұнда дамудың өтпелі, қиын сəтінің мəнінде қолданылады, мұнда 
тұлғаның артатын əлеуеті күшейеді, тұлға позитивті жəне жағымсыз 
бағыттарға апаратын екі баламалы мүмкіндіктерді таңдау арасында 
болады. 
«Нормативті» сөзінің мəні бойынша, адамның өмірлік циклы 
бірқатар бірізді сатылар ретінде қарастырылады, олардың əрқайсысы 
тұлғаның қоршаған əлеммен қатынасындағы өзгеше дағдарыспен 
сипатталады, ал олардың барлығы бірдейлік сезімінің дамуын 
анықтайды. 
Э. Эриксон бойынша ерте жастық шақта индивидтің алдына 
қойылатын басты міндет ретінде, тұлғалық «Меннің» рөлдік 
белгісіздігіне қарама-қарсы бірдейлік сезімін қалыптастыру алы-
нады. Жас адам «Мен кіммін?» жəне «Менің əрі қарайғы жолым 
қандай?» деген сұрақтарға жауап беруі керек. Жеке бірдейлікті 
іздеуде адам өзі үшін қандай əрекеттердің маңызды болатынын 
шешеді, өзінің, басқа адамдардың мінез-құлқын бағалау үшін 
белгілі нормаларды қалыптастырады. Бұл үдеріс адамның өзіндік 
құндылығын жəне құзыреттілігін саналы ұғынумен байланысты 
болады. 
Ерте жастық шақта индивид жақын адамдармен қатынаста 
өзін қайта бағалауға, біртұтас қоғаммен қатынаста – физикалық, 
əлеуметтік жəне эмоционалды тұрғыда өзін қайта бағалауға 
ұмтылады. Э. Эриксон бойынша, осы кезеңде жас адам үшін басты 
қауіп ретінде, өзіндік «Мен» сезімін жоғалту, соның нəтижесінде 
өзінің өмірін белгілі ағынға бағыттау мүмкіндігіне күмəндану 
алынады. 
Өзі-өзі анықтау мəселесінің қазіргі жай-күйі туралы ұғымдар, 
кəсіби өзін-өзі анықтауды қарастырмайынша толыққанды болмас 
еді. Өзін-өзі анықтауға қатысты мəселелердің аясынан, кəсіби өзін-
өзі анықтау мəселелері психология ғылымында жете құрастырылған 
жəне зерттелген. 
С.П. Крягжде кəсіби өзін-өзі анықтаудың бастапқы сатысында, 
оның екі жақты сипаты болатынын атап көрсетеді: нақты кəсіпті 
таңдау жүзеге асырылады немесе тек оның мəртебесін таңдау, кəсіби 
мектепті – əлеуметтік таңдау жүзеге асырылады. Бұл феноменді атап 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет