314
қатарында берілген ASCII кодының кестесін оқушылармен бірге
қарастыру керек. Оқулықтарды жəне анықтамалардағы қатар
келтiрiлген кестесiн оқушылармен бiрге қарап шығу керек. Ол екi
бөлiкке бөлінеді. Оның тек бірінші бөлігі ғана Халықаралық стан-
дартты
болып табылады, яғни 0-ден 127-ге дейінгі нөмірлермен
берілген символдар. Бұған латын алфавитінің кіші жəне бас
əріптері, ондық цифрлар, тыныс белгілері, барлық жақшалар түрі,
коммерциялық жəне басқа символдар кіредi.
0-ден 31-ге дейінгі нөмірлермен берілген символдарды
басқарушы
деп атау қабылданған. Олардың функциясы – мəтін нəтижесін
экранға немесе қағазға шығару, дыбыстық сигналдарды беру, мəтінді
белгілеу жəне тағы басқа үдерісімен басқару болып табылады.
32-ші нөмір символы – бос орын, яғни мəтіндегі бос позиция. Қалған
барлығы нақты таңбамен көрсетіледі.
Оқушылардың назарын ла-
тын алфавитінің əріптерін, сонымен бірге цифрларды орналасты-
руда жүйелі кодтау принципін бұзбауға аудару керек. Бұл принцип-
те оқушылардың алғаш рет мəліметтер қорымен жұмыс жасауда
кездесетін ақпараттарды сұрыптау мүмкіндіктері негізделеді.
Кодтық кестенің екінші бөлігі əр түрлі нұсқаларда болуы мүмкін.
Ең алдымен ол латын, ұлттық алфавиттерін орналастыру үшін
қолданылады. Орыс алфавиті – кирилицаны кодтау үшін кестелердің
əртүрлі
нұсқалары қолданылғандықтан, орыс мəтіндерін бір ком-
пьютерден басқа компьютерге, бір программалау жүйесінен басқа
жүйеге тасымалдауда мəселелер жиі туындайды.
128-255 аралығындағы кодтау кестесінің символдары кодтық бет
деп аталатынын жəне оның нұсқасының өзіндік нөмірі болатынын
оқушыларға жеткізуге болады. Мысалы, MS-DOS-та нөмірі 866-шы
кодтық беті, ал Windows-та 1251 нөмірі қолданылады.
Қосымша ақпарат ретінде символдық
кодтарды стандарттау
мəселелері Unicode деп аталатын жаңа халықаралық стандартты
енгізумен шешілетінін айтуға болады.
Бұл 16-разрядтық кодтау, яғни онда əрбір символға жадының
2 байт орны беріліп отырады. Əрине, мұндайда жадтың көлемі 2 есе
ұлғаяды. Бірақ мұндай кодтық кесте 65536 символға дейін енгізуге
жол ашады. Онда алуан түрлі ұлттық алфавиттерді кіргізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: