382
– мəліметтерді енгізу: сандар, мəтіндер, формулалар.
– ұяшықтардағы мəліметтерді редакторлау;
– ұяшықтардағы ақпараттарды көшіру;
– жолдар мен бағандарды қою жəне жою.
Бірінші кезеңде неғұрлым қиындықтар тудыратын теориялық
сұрақтар – формулаларды жазу ережелері жəне
салыстырмалы
адрестеу принципін түсіну. Оларды тапсырмалар мен жаттығулар
арқылы бекітуге болады.
Салыстырмалы адрестеу принципі – электрондық
кестенің
қызметінің негізгі принциптерінің бірі. Формулаларда қолданы-
латын ұяшықтар адрестері формуланың
орналасу орнына қатысты
анықталады. Бұл принциптің мағынасын мысалдар арқылы
түсіндіруге болады. 14.1-кестесінде С1
ұяшығындағы формуланы
кестелік процессор былайша қабылдайды: 2 тор көз солға қарай
орналасқан ұяшықтың мəніне берілген формуладан 1 тор
көз сол
жақта орналасқан ұяшықтың мəнін қосу.
14.1-кесте
А
В
С
1
5
3
=A1+B1
Кестелерде формулалар MS Excel ережелеріне сəйкес жазылады.
14.2-кесте
A
B
C
D
E
F
1
5
3
=A1+B1
=B1+C1
=C1+D1
=D1+E1
A
B
C
D
E
F
1
5
3
8
11
19
30
Формуланы басқа ұяшықтарға орналастыру барысында (көшіру,
үзінділерді қою жəне жою барысында) формуланың алдындағы
мағынасы сақталып қалады. Мысалы: С1 ұяшығынан формуланы С2
ұяшығына көшіруде формула А2+В2 түріне ие болады. F6 ұяшығына
көшірген кезде F4+ F5 түріне ауысады.
Салыстырмалы адрестеу принципін түсінуді бекіту мақсатында
бірнеше тапсырмаларды орындауға болады.
Ұсынылатын тапсыр-
малардың шарттары мынандай болуы мүмкін: электрондық кестенің
үзіндісі берілген.
383
С2 ұяшығынан формуланы D1:F1 ұяшықтар блогына көшіретін
болса, онда осы ұяшықтарда қандай формулалар болады? Бұл
тапсырманың орындалу нəтижесі формулаларды бейнелеу режимі
жəне мəндердің бейнелену режимі 14.3-кестеде көрсетілген.
Оқушылардың электрондық кестелерде шешіп үйрену
керек
есептеулердің негізгі типтері:
1) күрделі емес есептеулер тізімдемелерін алу;
2) сандық кестелерді статистикалық өңдеу;
3) кестелік мəліметтер бойынша диаграммаларды тұрғызу;
4) параметр (баған) мəні кестені сұрыптау;
5) функцияны табуляциялау.
14.3-кесте
Достарыңызбен бөлісу: