390
Аспаптық программалардың (мысалы, Power Point) құралдарымен
презентацияларды өз бетімен дайындауға тапсырма берместен
бұрын мұғалімнің əзірлеген демонстрациялық мысалын оқушыларға
ұсыну керек. Сондай-ақ презентацияның жалпы құрылымын
(сценарийін) түсіндіру керек.
Презентацияның элементтері,
эффектілердің (дыбыстық, анимацияларды) қандай құралдармен
жүзеге асырылғанын айтып өту керек. Осы үлгіге қарап, оқушыларға
өздерінің презентацияларын құру неғұрлым жеңіл болады.
Курстың осы тақырыбы бойынша оқушылардың алған білімдері
болашақта қолданылмай қалмай, басқа да пəндерді оқытуда
мұғалімдер осы алған біліктіліктерін
қолданса өте жақсы болатын
еді. Информатика сабағында да басқа оқылатын тақырыптар
бойынша (компьютерлік желілер, мəліметтер қоры, алгоритмдер
жəне т.б.) презентациялар құру тапсырмаларын оқушыларға беруге
болады. Компьютерлік презентациялар оқу ақпаратын беру ғана
емес, олардың істеген жұмысы туралы есеп беру формасы да бола
алады.
Бұл тақырыпта оқушылар
ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың техникалық құралдары туралы өздерінің
білімдерін кеңейтеді. Мультимедианың техникалық құралдарымен
тəжірибелік жұмысты ұйымдастыру олардың мектепте болуын
талап етеді. Оларға келесілер жатады:
дыбысты енгізу-шығару
(дыбыстық карталар, микрофондар, динамиктер); мультимедиалық
проекторлар; цифрлық фото жəне бейне камералар, веб-камералар.
Білім беру стандарттарында осы құралдардың
барлығын қолдану
біліктіліктері қарастырылғанымен, барлық мектептерде бірдей бұл
талаптарды орындау мүмкін емес. Осындай жағдайда оқушыларды
құрылғылардың жұмыс жасауымен таныстыру ең болмағанда
демонстрациялық режимде жүзеге асу керек. Аталған құралдардың
бар болған жағдайында оқушылардың тəжірибелік жұмысын
ұйымдастыру Н. Д. Угриновичтің [5] оқулығында «компьютерлік
практикум» тарауында сипатталған. Бірінші жұмыс – дыбыстық
ақпаратты кодтау жəне өңдеу. Оны жүргізу үшін микрофон
қосылған дыбыстық картасы бар компьютер қажет. Программалық
қамтамасыздандырылу – Audаcity дыбыстық редакторы.
Екінші
жұмыс – цифрлық фото жəне бейнені түсіру жəне редакторлау. Бұл
жұмысты жүргізу үшін цифрлық фотокамера жəне USB-портқа
қосылған веб-камера; DV-портқа қосылған цифрлық бейне камера
391
қажет. Цифрлық фотомен жұмыста CAMEDIA Master программалық
жүйесі, цифрлық бейнені түсіру үшін жəне өңдеу үшін Pinnacle
Studio бейне монтаж жүйесі қолданылады.
Оқыту нəтижесінде оқушылар:
– «мультимедиа» ұғымын компьютердің жадысында дыбысты
көрсету үшін қолданылатын дискретизация принципін
білу керек;
– типтік бағдарлама ортасында
шаблондар негізінде кескін,
дыбыс, анимация жəне мəтіннен тұратын презентацияларды құруды
Достарыңызбен бөлісу: