Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет162/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Зертханалық тəжірибе
Тақырып: “Ақпараттық технологиялар”.
1-сабақ.
Тақырып: “Мəтіндік, графикалық жəне мультимедиялық 
ақпараттарды өңдеу технологияларын оқыту əдістемесі”.


399
Дидактикалық 
мақсаты
Мəтіндік, 
графикалық 
жəне 
мультимедиялық ақпаратты өңдеу технологияларын оқытудың 
əдістемелік тəсілдерін бейнелейтін жалпы кəсіби дайындықтың 
білімдік құраушысын меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: ұжымдық, сараланған-
топтық.
Оқыту технологиялары мен əдістері: жағдайлық есептерді 
шешу əдістері.
Оқыту құралдары: оқу-əдістемелік əдебиет [1-10], программалық
құралдар – мəтіндік редакторлар, растрлық жəне векторлық 
редакторлар, презентацияларды əзірлеу программалары.
Студенттердің алдын ала дайындығы: мəтіндік, графиктік жəне 
мультимедиялық ақпараттарды өңдеу технологияларын оқытудың 
əдістемелік тəсілдерімен танысу, оқу ақпаратын құрылымдайтын 
№1 тапсырманы орындау.
Теориялық мəліметтер 
Іскерлік ойын жаңа материалдарды меңгеру, материалды бекіту, 
шығармашылық қабілеттерін дамыту, жалпы оқу біліктіліктерін 
қалыптастырудың кешендік есептерін шешу үшін қолданылады
оқушыларға əртүрлі тұрғыда оқу материалын түсінуге жəне оқуға 
мүмкіндік береді.
Іскерлік ойын технологиясы 3 кезеңнен тұрады: Дайындық 
кезеңі: а) ойынды əзірлеу (іскерлік ойынның сценариі, жоспа-
ры, ойынның жалпы сипаттамасы, нұсқау мазмұны, материалдық 
қамтамасыздандырудың дайындығы); б) ойынға кіру (мəселе мен 
мақсаттардың қойылымы, шарттар мен нұсқаулар, регламент жəне 
ережелер, рөлдерді тарату, топтарды құру, кеңестер). Жүргізу 
кезеңі: а) тапсырмаларға топтық жұмыс (əдебиеттермен жəне АКТ 
құралдарымен жұмыс, тренинг, ми шабуылы жəне т.б);
б) топтар арасындағы дискуссия (топтардың сөз алуы
нəтижелерді қорғау, дискуссия ережелері, сарапшылар жұмысы). 
Талдау жəне жалпылау кезеңі: талдау, рефлексия, жұмысты бағалау 
жəне өзіндік бағалау, қорытындылар мен жалпылаулар, ұсыныстар.
Іскерлік ойынның түрлеріне байланысты қатысушылардың 
əртүрлі типтік рөлдік ұстанымдары енгізілуі мүмкін: 1) топта 
жұмыстың мазмұнына қатысты анықталатын ұстанымдар (идея 


400
генераторы, əзірлеуші, талдаушы); 2) ұйымдастырушы ұстанымдар 
(ұйымдастырушы, координатор, интегратор); 3) жанашылдыққа 
қатысты 
анықталатын 
ұстанымдар 
(инициатор, 
сыншы, 
консерватор); 4) əдіснамалық ұстанымдар (əдіснамашы, сыншы, 
мəселе туындатушы (проблематизатор), бағдарламалаушы); 5) 
əлеуметтік-психологиялық ұстанымдар (көшбасшы) [11].
Информатика сабақтарында қандай да бір ұйымның, мекеменің 
жəне оның бөлімшесінің қызметін имитациялайтын іскерлік ой-
ындар жиі қолданылады. Осындай ойынның сценарийі: оқиға 
сюжетінен басқа имитацияланатын үдерістер мен қызметтерінің си-
паттамасын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет