403
2-тапсырма. Интернет ресурстарын қолданып мəліметтер
қорында ақпаратты сақтау, іздеу жəне
сұрыптауға арналған АКТ
құралдарын жасаудың тарихи аспектілерін жəне сандық ақпаратты
өңдеу технологияларын оқып-үйрену. Нəтижелерді гипермəтіндік
құжат формасында жалпылаңыз.
ІІ. Оқыту мазмұнын тəжірибелік іске асыру
Оқыту мазмұнының берілген үзіндісі үшін іскерлік ойын-
ды жүргізу əдістемесін немесе іскерлік ойын элементтерімен
зертханалық жұмысты əзірлеңіз.
Оқыту мазмұнының үзіндісі:
1. Құжаттарды жасау жəне қарапайым редакторлау (символдар-
ды қою, жою жəне алмастыру, мəтін үзінділерімен жұмыс).
2. Мəтіндік редакторда құжатты форматтау (құжат
беттерінің
параметрлерін орнату, символдармен абзацтарды форматтау, колон-
титулдарды жəне бет нөмірлерін қою).
3. Шеберлер мен шаблондарды қолданып құжаттарды жасау
(визиттік карточка, баяндама, реферат).
4. Мəтіндік құжатқа тізімдерді,
кестелерді, диаграммаларды,
формулаларды жəне графиктік нысандарды кірістіру.
5. Гипермəтіндік құжаттарды жасау.
6. Мəтінмен жұмыста интеллектуалдық жүйелер (мəтінді тану,
компьютерлік сөздіктер жəне аударама жүйелері).
7. Растрлық графиктік редактордың саймандарының көмегімен
кескіндерді жасау. Примитивтер мен шаблондарды қолдану.
Геометриялық түрлендірулер.
8. Векторлық графиктік редактордың саймандарының көмегімен
кескіндерді жасау. Примитивтер мен шаблондарды қолдану.
Графиктік нысандарды құрастыру. Геометриялық түрлендірулер.
9. Растрлық графиктік редакторда кескіндерді сканерлеу жəне
редакторлау.
10.
Кірістірілген
анимация
жəне
мультимедиялық
эффектілерімен мультимедиялық интерактивті презентазияларды
əзірлеу.
11. Кестелік мəтіндік құжат (жазбалар, бағандар, мəліметтер
типі) Форманың көмегімен жазбаларды енгізу жəне редакторлау.
12. Бір кестелік мəтіндік құжатын жобалау жəне жасау.
13. Мəтіндік құжатында ақпарат іздеу.
14. Кестелік есептеулер жəне электрондық кестелер (бағандар,
404
жолдар, ұяшықтар). Мəліметтер типі. Дайын мəтіндік
құжатқа
мəліметтерді енгізу.
15. Электрондық кестелерде функция мəндерінің кестелерін
құру.
16. Электрондық кестелерде əртүрлі типтерде диаграммалар
мен графиктерді тұрғызу.
Достарыңызбен бөлісу: