428
16.4 Сымсыз желілер
Wi-Fi желісі. Wi-Fi – жергілікті Wireless LAN сымсыз желілерді
ұйымдастыруға негізделген кеңейтілген кесінді радиобайланыс
хаттамасы мен стандарты. Осы желілерді кабельдік жүйені ашуға
бола алмайтын немесе экономика жағынан лайықты емес жерлерде
орнату керек. Ол IEEE 802.11 стандарттар
негізінде Wi-Fi Alliance
консорциуммен жасалған. Керек адаптерлері бар ұтқыр құрылғылар
(КПК мен ноутбуктер) жергілікті желіге қосыла алады жəне қатынау
нүктелері мен хотспоттар арқылы интернетке шығуды қамтамасыз
етеді.
Мəліметтерді өңдеу ортасының серверлердің санының өсуімен
ішкі қауіптер сыртқы қауіптерден көп болады. Мəліметтердің
желіаралық экраннан өткенде олардың қорғаныс қабілеті төмендейді.
Intel ұсынатын желілік трафикті сақтау механизмі LinkSec бо-
лып табылады. Технологияның мəні – бір
желілік құрылғының
басқа құрылғымен əрбір физикалық байланыстың пакеттерін шиф-
рлау жəне кері шифрлайтын қасиеті болып табылады. Осының
арқасында авторизацияланған қызметкерлер пакеттерді қарай ала-
ды жəне корпоративті желіде DoS-шабуылды табуға болады. Жаңа
технологияның артықшылығы болып кең ауқымдылық саналады:
бағыттауыштардың қосылуы немесе
ауыстыру кезінде желінің
бір бөлігі біртіндеп дамыды. Осы қасиет жаңа технологиялық
платформаға бірден аудара алмайтын мəліметтерді өңдеудің ірі
орталықтары үшін өте пайдалы. Intel инженерлер жұмыс жасайтын
алгоритмдері 10 Гбит/с жəне одан да жоғары өндіргіштігі бар арна-
ларда шифрлау мен кері шифрлауды лезде өткізумен айналысады.
IDF-тің кезекті нұсқасы 802.11n 2007 жылдың
бірінші
жартыжылдығында қабылданды жəне ұтқыр Santa Rosa ДК үшін
жаңа платформада орындалды. Стандарт мəліметтерді тасымалдауды
300 Мбит/с жылдамдықпен ұстап тұрады, жəне ол өз ішінде 802.11g
желілерден бес есе көп, ал Wi-Fi (802.11b) желілердің
бастапқы
нұсқасымен салыстырғанда 30 есе көп болып табылады. Intel Wi-Fi
Alliance-тың бастамаларын қолдайтындығымен бірге, жаңа желілік
адаптерлердің сымсыз құрылғылармен тіркесушілікті тексереді.
Осындай жұмыстарға Buffalo, D-Link, Linksys жəне Netgear компа-
ниялары қатысады.
Wi-Fi технологиясы қысқа арақашықтықта тасымалдаудың
429
жоғары
жылдамдығын береді, ал сымсыз байланыстың үлкен
арақашықтыққа тасымалдауда басқа технологиялар қолданылады.
МАС деңгейіндегі 802.11 стандарттың негізі əрекеттері:
1) Активті жəне пассивті сканерлеу кезінде радиоплатаның
интерфейсі ену нүктесін іздейді.
2) Аутентификация – ұқсастықты тексеру.
3) Тіркелу – ену нүктесіне тіркелу, осыдан кейін мəліметтер
фреймдарын жіберу басталады.
Сымсыз желілерді жиі радиосигналдармен байланыстырады.
Сымсыз байланыс, жиілігі шамамен 8*10
14
Гц болатын,
жиілігі
бірнеше килогерц радиотолқыннан көрінетін жарыққа дейінгі электр
магнитті спектрдің кең диапазонын қолданады.
Байланыстың сымсыз желісінің қарапайым сызбасы 16.4.1-су-
ретте келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: