434
8. Интертнетте жұмысқа байланысты оқушыларға қандай
тəжірибелік тапсырмаларды ұсынуға болады?
9. Негізгі курстан Интернет туралы не беру керек?
Зертханалық тəжірибе
Тақырып: «Компьютерлік желілер».
Жергілікті желі – ауқымды желі – Интернет қызметтері – Интер-
нетте ақпаратты іздеу логикалық тізбегінде желілік технологиялар-
ды мақсаты түрде оқушылардың бойында жалпы оқу біліктіліктері,
білімдері мен дағдыларын қалыптастыру үдерісі.
1-сабақ
Тақырып: Жергілікті желіде жұмыс.
Дидактикалық мақсаты: жергілікті желіні қосу жəне онда
жұмыс істеуде оқушылардың оқыту үдерісін бейнелейтін амалдық-
əдістемелік біліктіліктерін меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: жұптық жұмыс.
Оқыту технологиялары мен əдістері:
жағдаяттық есептерді
шешу əдістері.
Оқыту құралдары: [1,2,5,6,8,9,12-13] оқу-əдістемелік əдебиеттер,
программалық құралдар – жергілікті желіге біріктірілген компью-
терлер, CD «Мектеп интернет-алаңының жүйелік əкімшілігі. Оқу
курсы»
Студенттердің алдын ала дайындығы: оқу-əдістемелік əдебиет-
терді оқып-үйрену, CD-дағы «Жергілікті желіге компьютерді қосу»
сабағымен танысу.
Тəжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру бойынша нұсқаулар
Мектепте интернетке шығу мүмкіндігі
болған жағдайда
оқушылардың тəжірибелік жұмыстарын төмендегі бағыттарда
ұйымдастыруға болады:
– Электрондық поштада хат дайындау, жіберу жəне қабылдау;
– Веб-браузерлермен жұмыс, веб-беттерді қарау;
– FTP-серверлерге қатынау, файлдарды архивтен ашу;
– WWW жүйесінде іздеу
программаларының көмегімен
ақпаратты іздеу;
435
– Қарапайым веб-бетті (веб-сайтты) жасау.
Интернет желісінде тəжірибелік жұмыстарды оқушылардың
орындауына арналған тапсырмалар [3] құралында берілген.
Достарыңызбен бөлісу: