437
технологияларда оқытудың əдістемелік
ерекшеліктерін құрайтын
жалпы кəсіби дайындықтарының білімділік құраушысын меңгеру.
Оқытуды ұйымдастыру формалары: тəжірибе.
Оқыту технологиялары мен əдістері: дербес-іздеу əдісі.
Оқыту құралдары: [4-12] оқу-əдістемелік əдебиеттер, програм-
малық құралдар – интернетке
қосылған компьютерлер,
Windows
– CD (Н. Д. Угринович. Компьютерный практикум на CD), веб-
редакторлар (Front Page, браузер Mozills, MS Publisher), пошталық
программалар (Outlook Express, The Bat, Mozilla, Opera жəне тағы
басқа).
Студенттердің алдын ала дайындығы:
программалық құрал-
дармен танысу.
Оқытудың технологиялық компоненті
I. Оқу ақпаратын құрылымдау
1-тапсырма. Белгілі іздеу машиналардың
ақпаратты іздеу
тілдерімен танысыңыздар жəне 16.2-кестесін толтырыңыздар.
16.2-кесте
Операторлар
RAMBLER
YANDEX
APORT
Логикалық
Қашықтық
Табиғи тілдің
ерекшеліктерін
есепке алу
Құжаттың бөлігін
таңдау
2-тапсырма. Оқушылар мен мұғалімдердің
командаларымен
жасалған веб-квестердің мысалдарымен танысыңыздар:
http://school-sector. Relarn.ru/Tanya/3master/webguest_01.html-
“Білім берудегі веб-квестер” шеберханасы, http://school-sector. Relarn.
ru/Tanya/mainframe. html жəне келесі сұрақтарға жауап беріңіздер:
1. Оқушылардың ақпараттық қызметі
тұрғысынан осы квест-
жобаның негізгі мақсаттары қандай?
2. Осындай жобаларға қатысу нəтижесінде
оқушылар қандай
білім мен біліктіліктерді меңгереді?