Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


-ТАРАУ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ



Pdf көрінісі
бет192/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

18-ТАРАУ
ЖАРАТЫЛЫСТАНУ-МАТЕМАТИКАЛЫҚ 
БАҒЫТТАҒЫ ЖОҒАРЫ СЫНЫПТАРДА 
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ МƏСЕЛЕЛЕРІ
18.1 Жаратылыстану-математикалық бағыттағы 
жоғары сыныптарда информатиканы оқыту 
ерекшеліктері
Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» 
пəнін игеруде информатиканың алгоритмдер мен программалау
ақпараттық технологиялар, ақпараттандыру құралдары бөлімдері 
техникалық жəне жаратылыстану-ғылыми қызмет саласында 
қолдану мүмкіндіктерін ашуға бағытталып қарастырылады.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптарда
«Информатика» пəні мазмұнының негізі ретінде келесі аспектілер 
алынады:
1) іргелі ғылым ретінде информатиканың қазіргі жағдайының 
мектеп курсына сəйкес бейнеленуі;
2) «ақпараттық үдеріс» ұғымы арқылы оқыту мазмұнын сабақ-
тастыру негізінде информатиканың ғылыми пəн ретіндегі мəнін 
көрсету;
3) оқу материалын адамгершілік, ізгіліктілік, патриоттық жəне 
т.б. тəрбиелік құндылықтармен байыту;
4) оқушылардың ойлауын қалыптастыру жəне дамыту, оларға 
шектен тыс ақпараттар ағымымен қаруландыруға мүмкіндік бермеу;
5) ақпаратпен тиімді жұмыс істеу əдістеріне үйрету;
6) информатика курсының пəнішілік жəне пəнаралық байланыс-
тарын белсенді түрде қолдану;
7) тəжірибеде қалыптастырылған білім мен біліктіліктерді жал-
пылай қолдану тəсілдеріне үйрету.
Жаратылыстану-математикалық бағыт үшін «Информатика» 
пəнінің теориялық жəне тəжірибелік мазмұны 1:1 қатынасы бо-
йынша құрылған. Информатика сабағын өткізу барысында 20 ми-
нут теориялық бөлімге, ал 25 минут тəжірибелік бөлімге арналып 
оқытылады.


455
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сынып-
тар оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
10-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
– қолданушылық интерфейс мəнін;
– жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері орталар түсінігін;
– программалау жүйелерiнiң ерекшелiктерiн;
– құрылымдық, модульдық, объектiлi-бағдарлы программалау 
ұғымдарын;
– макрос ұғымын;
– анимацияны жəне мультипликацияны ұйымдастыру негiздерiн;
– үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын жасау 
принциптерiн;
– компьютердi программамен қамтамасыз ету ретi мен 
ережелерiн;
– растрлық жəне векторлық графиканы өңдеу құралдарын;
– компьютерлiк презентация ұғымын;
– ақпараттық-логикалық модельдердi жасау технологиясын;
– пошталық программалармен жұмыс жасау принциптерін.
Нені меңгеру керек:
– компьютерге қолданбалы программалық жабдықты орнатуды;
– жоғарғы деңгейдегі программалаудың кез келген ортасында 
символдық айнымалыларды өңдеуді программалау;
– офистік программалар ортасында түрлі ақпараттарды өңдеуді;
– макростармен жұмыс істеуді;
– арнайы программалық құралдар көмегiмен презентация жасай 
алуы;
– пошталық программалармен жұмыс жасауды.
11-сынып оқушылары:
Нені білу керек:
– компьютерге қолданбалы программалық жабдықтарды орнату 
реті мен ережесін;
– жоба ұғымын;
– кіріктірілген тілдер ортасының ұғымын;
– web-беттерін құру тұжырымдамасын;
– презентацияны құру ережесін;
– үлкен көлемдегі ақпараттарды өңдеуді ұйымдастыруды;
– жүйе ұғымын;


456
– эксперттік жүйелер ұғымын;
– жасанды интеллект жүйесінің ұғымын;
– ақпараттық-іздеу жүйесі ұғымын;
– Интернетте іздеу жүйесі ұғымын.
Нені меңгеру керек:
– есептің дұрыс қойылуын тануды;
– машиналық графиктер мен дыбыстық файлдар объектiлерiн 
құра алуы;
– графикалық объектiлер мен олардың қозғалысын программа-
лай алуы;
– үйретуші, бақылаушы, ойын программаларын құра алуы;
– ақпараттарға түзету енгiзе алуы, шаблон бойынша 
ақпараттарды iздестiре алуы, мəлiметтер базасындағы ақпараттарды 
iрiктей алуы;
– берiлген пəндiк облыста мəлiметтер базасын құру;
– ақпараттық-іздеу жүйелерімен жұмыс iстей алуы.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жоғары сыныптар 
оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын аталған талаптар 
негізінде бұл пəннің мазмұны анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет