466
оқушылардың программалық аспаптық құралдарды дұрыс қолдану
дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Қазіргі заманғы програм-
малау тілдерінің көпшілігінің негізін объектілі-бағытталған əдістер
құрайды, осындай тілдер негізінде пайда
болған программалар да
объектілі-бағытталған болады, сондықтан объектілі-бағытталған
əдістер тұжырымдамасын оқушыларға дұрыс түсіндіру керек.
Жасанды
интеллект негіздерімен танысып, білімді өнімдік
модель арқылы жүзеге асыру тəсілдерін
практикада меңгеруге
негізделген логикалық программалау тілін меңгеру жоғары сынып
оқушыларының логикалық ойлауын қалыптастыруға ықпал етеді.
Жұмыс жоспары
1. Программалау
бойынша білім, біліктілік пен дағдыны
кемелдендіру сабағының нақты тақырыбын таңдау (оқытушымен
келісіп).
2. Таңдап алынған тақырыпқа сəйкес оқу, əдістемелік жəне ар-
найы əдебиеттер оқу, əдебиеттердің аннотацияланған тізімін құру.
3. Оқу үдерісінде қолданылатын программалау жүйесінің
функциональдық мүмкіндіктерін игеру.
4. Төмендегі 1-тапсырманы орындап, жазбаша есеп тапсыру.
5. Пікірлер аукционына қатынасу.
Достарыңызбен бөлісу: