523
кестелік процессорлар,
математикалық пакеттер, программалау
тілдері, автоматты жобалау жүйелері жəне т.б.
Студенттердің алдын ала дайындығы:
нақты жағдаятты
талдау əдісімен танысу; оқу ақпаратын құрылымдауға қатысты №1
тапсырманы орындау.
Теориялық мəліметтер
Нақты жағдаяттарды талдау əдісі (case-study) жоғары сынып
оқушыларының оқу-танымдық əрекеттерін белсендірудің тиімді
тəсілі
болып табылады, өйткені бұл əдіс өмірлік жəне өндірістік
есептерді талдау қабілетін дамытады. Информатикадан таңдау курс-
тарын меңгеру үдерісінде, оқушылардың жеке оқу траекториясын
таңдауын жасау барысында бұл қабілеттің өзектілігі арта түседі.
Нақты жағдаяттарды бірнеше түрге бөлінеді:
1. Жағдаят-мəселе – оқушылар өмірінде
кездесетін фактілер
жиынтығы, оқушылар рөлдерге бөлініп, қиын жағдайдан шығу
жолдарын табулары қажет немесе «тығырықтан»
шығар жол жоқ
екендігі туралы тұжырым жасаулары керек.
2. Жағдаят-бағалау – белгілі бір мағынада шығу жолы
анықталған
жағдай талданады, оқушылар бақылаушылар ретінде
болып, алдын ала қабылданған шешімді сынай талдаулары қажет.
3. Жағдаят-иллюстрация – шынайы
оқиғаны сипаттау, оның
пайда болу себептерін түсіндіру, осы жағдайдан шығу процедура-
сын сипаттау; оқушылар міндеті – шешімге баға беру.
Нақты жағдаятты талдау əдісінің мақсаты – жоғары сынып
оқушыларының аналитикалық қабілеттерін дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: