524
курсындағы қандай білім, біліктілік пен дағдыларға сүйенетіндігіне
талдау жасаңыздар.
ІІ. Оқыту мазмұнын тəжірибелік іске асыру
Берілген оқу бейіні үшін таңдау курсы бағдарламасының
оқу модулін жобалаңыздар жəне case-study əдісі
негізінде оқу
жағдайлары портфелін қалыптастырыңыздар:
1. Физикалық-математикалық бейін.
2. Физикалық-химиялық бейін.
3. Химиялық-биологиялық бейін.
4. Биологиялық-географиялық бейін.
5. Əлеуметтік-экономикалық бейін.
6. Əлеуметтік-гуманитарлық бейін.
7. Филологиялық бейін.
8. Ақпараттық-технологиялық бейін.
9. Агротехнологиялық бейін.
10. Индустриальды-технологиялық бейін.
11. Көркем-эстетикалық бейін.
12. Қорғаныс-спорттық бейін.
ІІІ. Студент «портфолиосының» компоненттері
1. Оқу бейініне сəйкес информатиканың таңдау курсын меңгеру
барысында оқушылардың өз бетінше жұмысын (сабақ барысында
жəне сабақтан тыс уақытта) ұйымдастыру үшін
веб-сайт жобалап,
əзірлеңіздер.
Бұл сайтты жобалау əрекетінде қолдану мүмкіндіктерін
ұсыныңыздар.
2. Суперпозиция қағидасына негізделіп құрылған тапсырмалар
кешенін əзірлеңіздер: 1) дербес тапсырмалар құрыңыздар; 2) орын-
далуы дербес тапсырмаларды орындауға əкеліп соғатын күрделі тап-
сырмаларды тұжырымдаңыздар.
ІV. Рефлексия
«Оқу сабақтарының «борттық журналы».
Тақырыпты оқып-
үйрену барысында студенттер келесі сұрақтарға жауап береді:
– Осы тақырып бойынша мен нені білемін? Бұл туралы маған
нені білу керек? Неліктен?
– Бұл туралы енді мен не білемін?
Қандай маңыздырақ
мəліметтерді игердім? Жаңадан қандай сұрақтар туындады?
Қорытынды сабақта оқытушы топтық рефлексия жүргізеді, 5-7
минут (қалауы бойынша) өзіндік талдау жасауға ұсынылады.