162
АКТ-ны қолдану мектептегі сабақтың сипатын елеулі түрде
өзгерте алады, ол оқу-тəрбиелеу үдерісін ең жақсы түрде қамтамасыз
ету үшін, оқытуды ұйымдастырудың жаңа түрлерін іздестіруді
өзекті етеді. Сабақтың инновациялық түрлері, дəстүрден тыс сабақ
– «дəстүрден тыс құрылымнан тұратын
тосын шығарылған оқу
сабағы» пайда болады [2, 530-б.].
И. П. Подласый əртүрлі жіктемелерді талдау негізінде сабақтың
негізгі типтерінің нақтыланған тізімін келтіреді: «1) аралас сабақ;
2) жаңа білімді меңгеру сабағы; 3) жаңа біліктілікті қалыптастыру
сабағы; 4) өтілген материалдарды жалпылау жəне жүйелеу сабағы;
5) бiлiм, біліктілікті бақылау жəне түзету сабағы; 6) білім мен
біліктілікті практикада қолдану сабағы» [2, 526 б.].
Қазіргі заманғы сапалы сабақ жауап беретін жалпы талаптардың
ішіндегі бастысы – ғылымның жаңа жетістіктерін қолдану.
Компьютерлік техниканың үлкен мүмкіндіктері, дүниежүзілік желі
интернеттен алынатын ақпараттың аса зор əр алуандығы, бүгінгі
күнгі бар білім беру жүйесімен терең қарама-қайшылықта. «Жаңа
ақпараттық мүмкіндіктерді дəстүрлі сабақ шеңберіне бейімдеу» [6,
136-б.] қажет жəне осы мағынада оқытуды ұйымдастырудың жаңа
түрі ретінде компьютерлік сабақ жайлы айту орынды.
Информатика пəнінің маңызды ерекшелігі – оқушылардың
компьютердегі жүйелі
жұмыс істеуі болып табылады, сондықтан
сабақтарды көлемі мен компьютерді пайдалану сипаты бойынша:
демонстрация, зертханалық жұмыс, практика деп жіктеуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: