Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет105/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

ФАКУЛЬТАТИВТЕР (ОҚУШЫ, ГЕОЛОГИЯ, 
ГҮЛ ӨСІРУШІ, БИ).
ГЕОЛОГИЯ, ГҮЛ ӨСІРУШІ жəне БИ өрістері логикалық 
типте болады. Əрбiр өрiс үшiн АҚИҚАТ белгісі оқушылардың 
осы факультативтерге қатысқанын білдірсе, ал ЖАЛҒАН белгісі 
қатыспағанын білдіреді.
Логикалық өрнектер мəліметтер қорының сұраныстарында 
ақпаратты іздеу шарты ретінде қолданылады. Мəліметтер қорында 
қолданылатын логикалық өрнектердің анықтамасын былай 


308
басқаша айтуымызға болады: логикалық өрнектер – бұл мəліметтер 
қорындағы өрістердің маңызы туралы пікір, бұл əр түрлі жазбаларға 
қатысты жалған немесе ақиқат болатын пікір.
Негізгі мəселе – оқушыларды іздеу шарттарын логикалық 
өрнектер түрінде формальды ұсынуға үйрету. Мысалы, «бесінші 
сөреден жоғары жатқан барлық кітапты табу» сөйлемінен СӨРЕ>5 
логикалық өрнегіне өту керек немесе «физика бойынша барлық 
үлгермей қалғандарды таңдау» шартын ФИЗИКА<3 түрінде көрсету 
немесе «жаңбыр жауған барлық күнді таңдау» сөйлемін ЖАУЫН-
ШАШЫН=жаңбыр түрінде ұсыну.
Күрделі 
шарттарды 
іріктеулерде 
логикалық 
амалдар 
қолданылады. Шарттардың дұрыс жазылуы үшін амалдардың 
үлкендігін ескеріп, жақшаларды дұрыс қойып шығу керек. 
2-мысал. КІТАПХАНА мəліметтер қорында жеке кітапханадағы 
кітаптар туралы мəліметтер қаралады. Оның құрылымы келесідей 
болады:
КІТАПХАНА (НӨМІР, АВТОР, АТАУ, ЖЫЛ, СӨРЕ)
2-ші сөреден 5-шi сөреге дейін орналасқан М. Əуезов пен М. 
Мағауиннің барлық кiтаптарын таңдау керек. Логикалық өрнек осы-
лай жазылады:
(АВТОР = «М.Əуезов» немесе АВТОР = «М.Мағауин») жəне 
СӨРЕ>=2 жəне СӨРЕ<=5.
Электрондық кестелердегі математикалық логика. Оқу-
шылар математикалық логикамен информатиканың негізгі 
курсында электрондық кестелерді (ЭК) оқытуда кездеседі. 
Электрондық кестелердің тілін берілген есептерді шешуге арналған 
программалаудың өзіндік бір кестелік тілі ретінде түсіндіруімізге 
болады. ЭК-де жүзеге асатын есептеуіш алгоритмдер сызықтық 
құрылымға ғана емес, сонымен қатар тармақталған тіпті циклдік 
(итерациялық циклдер) құрылымдарға да ие бола алады. ЭК-
де тармақталған құрылым шартты функция арқылы жүзеге 
асады. Шартты функцияның жазба формасы көбінесе кестелік 
процессордың типіне тəуелді болады. Егер торға шартты функция 
енгізілсе, онда оның есептелінген нəтижесі берілген логикалық 


309
өрнектің шартына қарамастан экранға шығарылады. Əдетте шартты 
функция мынандай құрылымда болады:
IF(шарт, 1-əрекет, 2-əрекет).
Мұнда «шарт» – логикалық өрнек. Егер шарт ақиқат болса, онда 
1-əрекет орындалады, əйтпесе 2-əрекет орындалады.
Қарапайым логикалық өрнек өзара байланысты ұсынады (бұл 
ұғым мəліметтер қорында қолданылады). Күрделі логикалық 
өрнек логикалық амалдардан тұрады. Электрондық кестелер үшін 
логикалық өрнектің ерекшелігі логикалық операциялар функция 
ретінде қолданылуында, алдымен логикалық амалдардың аты жа-
зылады: ЖƏНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС (AND, OR, NOT), содан кейін 
дөңгелек жақшаның ішіне логикалық амалдар жіктеледі. Мысалы, 
AND (А1 > 0, А1 < 1) логикалық өрнегі 0 < А1 < 1 теңсіздігінің 
математикалық жүйесіне сəйкес келеді.
Логикалық формулалар ЭК ұяшықтарында шартты функцияның 
қолдануынсыз өзімен-өзі орналаса алады. Мұндай жағдайда осы 
ұяшықта АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мəндері көрсетіледі. Мысалы, 
егер талапкердің қорытынды емтиханнан жинаған баллдарының 
қосындысы С6 ұяшығында сақталып, ал институтқа өту балы 14-ке 
тең болса, онда С6>=14 формуласын D6 ұяшығына орналастырып, 
біз осы ұяшықтан егер талапкер институтқа түскен болса АҚИҚАТ 
мəнін, ал түскен жоқ болса ЖАЛҒАН мəнін аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет