Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек



Pdf көрінісі
бет156/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
14.4 Дыбыстық ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы
Дыбыстың физикалық табиғаты – ауа арқылы (немесе басқа 
сығымдалған орта) дыбыс толқындарымен берілетін жиіліктердің 
нақты бір диапазонындағы тербелісі. Дыбыстық толқындарды 
компьютер жадысына екілік кодқа түрлендіру процесі:


387
Дыбыстық толқын → МИКРОФОН → айнымалы электр тогы → 
аудиоадаптер → екілік код → ЭЕМ жадысы
ЭЕМ жадысында сақталған дыбыстық ақпараттың шығарылу 
процесі:
ЭЕМ жадысы → екілік код → АУДТОАДАПТЕР → айнымалы 
электр тогы → ДИНАМИК → дыбыстық толқын
Аудиоадаптер (дыбыстық плата) – дыбысты енгізу барысында 
дыбыстық жиіліктердің электр тербелістерін сандық екілік кодқа 
түрлендіретін жəне керісінше дыбысты шығаруда сандық кодты 
электр тербелістеріне түрлендіретін компьютерге қосылатын арнайы 
құрылғы.
Дыбысты жазу барысында аудиоадаптер нақты периодпен электр 
тогының амплитудасын өлшейді жəне алынған шаманы екілік 
код регистріне енгізеді. Содан кейін алынған кодты регистрден 
компьютердің жедел жадысына жазылады. Компьютерлік дыбыстың 
сапасы аудиоадаптердің сипаттамасымен анықталады: дискреттеу 
жиілігі мен разрядтылығымен.
Дискреттеу жиілігі – 1 секундтағы кіріс сигналды өлшеуішінің 
саны. Жиілік герцпен өлшенеді (ГЦ). Бір секундтағы бір өлшеуіш 1 
Гц жиілікке сəйкес келеді. 1 секундтағы 1000 өлшеуіш – 1килогерц 
(кГц). Аудиоадаптерлердің дискреттеу сипатының жиіліктері: 11 
кГц, 22 кГц, 44,1 кГц жəне т.б.
Регистр разрядтылығы – аудиоадаптердің регистріндегі биттер 
саны. Разрядтылық кіріс сигналының дəл өлшеуішін анықтайды. 
Разрядтылық жоғары болған сайын əрбір жеке электр сигналының 
санға түрлендірудің жəне керісінше жағдайының қателегі аз болады. 
Егер разрядтылық 8 (16) тең болса, онда кіріс сигналды өлшеу 
барысында 2
8
=256 (2
16
=65536) əртүрлі мəндер алынуы мүмкін. 8-раз-
рядты аудиоадаптерге қарағанда, 16-разрядты аудиоадаптер дыбы-
сты дəл кодтайды жəне шығарады.
Дыбыстық файл – сандық екілік формада дыбыстық ақпаратты 
сақтайтын файл. Дыбыстық файлдардағы ақпарат қысуға жарамды. 


388


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет