389
Информатиканың негізгі курсында оқушылар ақпараттық үздіксіз
(аналогты) көрсетілімінен дискретті (цифрлық) көрсетіліміне
көшуіне байланысты əлі 2 рет: компьютерлік тораптар туралы
тақырыпта жəне компьютердің көмегімен техникалық құралдардың
басқару жүйесін сипаттауда кездеседі.
Осы тақырыптардың
барлығында аналогты-цифрлық түрлендіру жəне цифрлы-аналогтық
түрлендіру ұғымдары қолданылады.
Айтылғандардан ақпаратты аналогтық формадан дискретті
формаға түрлендіру компьютерлік техниканың жұмысының жалпы
техникалық принципі болып табылатынын жəне сол себепті осы
сұрақпен оқушылардың міндетті түрде танысу керектігін байқаймыз.
Дыбысты аналогты-цифрлық түрлендірумен
байланысты негізгі
ұғымдар осы оқулықтың 11.6-тармағында қарастырылған.
Бұл сұрақтарды түсінудің тек қана теориялық емес, тəжірибелік
те мəні зор. Дискретизация параметрлерінің өзгеруімен
мəліметтердің көлемі де, яғни жадыда алатын орны өзгереді. Оқыту
нəтижесіне қойылатын талаптардың ішінде «ақпараттық нысандар
мен процестердің сандық параметрлерін бағалау; ақпаратты сақтау
үшін қажет жады көлемі; ақпаратты беру жылдамдығы» іскерліктері
де бар.
Достарыңызбен бөлісу: