Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет159/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

үйренуі керек;
– презентациялық материалдарды дайындауда, жеке жəне 
ұжымдық жобаларды орындау барысында презентацияларды 
жүргізуді, оқуда жəне келешекте мамандықты меңгеруде алынған 
алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті өмірдегі тəжірибелік 
іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
14.6 Мəліметтерді сақтау жəне іздеу технологиясы
Тақырыпты оқытуға арналған əдістемелік нұсқаулар
Бұл технологияның қолданылу аумағы – компьютерлік ақпарат-
тық жүйелерді жасау жəне қолдану. Компьютерлік ақпараттық 
жүйелер мəліметтердің үлкен көлемін сақтауға, оларға жылдам 
іздеу жасауға, өзгерістер енгізуге, мəліметтерге барлық мүмкін 
басқаруларды (топтау, сұрыптау жəне т.б.) орындауға мүмкіндік 
береді. Осындай ақпараттық жүйелерге мысал келтірейік: теміржол 
жəне əуе жолы билеттерін сату жүйесі. оқушылардың көбіне таныс 
ірі халықаралық жарыстардан, олимпиадалық ойындардан телере-
портаж жүргізіліп жатқанда экранға комментатордың айтып жатқан 
спортшысы туралы ақпарат лезде шығарылатын, бұл компьютерлік 
ақпараттық жүйенің жұмыс жасап тұрғанын байқатады.
Кез келген ақпараттық жүйенің негізі – мəліметтер қоры болып 
табылады. Мəліметтер қоры – магниттік дискілерде мəліметтердің 
ұйымдастырылған жиынтығы. Оқушылар ақпараттардың магниттік 
дискілерде файлдар түрінде сақталатынын өте жақсы біледі. Сол 
себепті үлкен мəліметтер қорын ұйымдастыруға қатысты жасалатын 
алғашқы қорытынды – олардың дискінің жадысында үлкен көлем 
қажет ететіндігінде.


392
Теориялық негіздер. Мəліметтерді ұйымдастырудың үш тəсілі, 
яғни мəліметтердің модельдерінің 3 типі бар: кестелік, иерархиялық 
жəне желілік. Ақпаратты ұйымдастырудың сəйкес тəсілін 
қолданатын мəліметтер қоры реляциялық (кестелік мəліметтер 
қоры), иерархиялық жəне желілік мəліметтер қоры деп аталады.
Информатиканың негізгі курсында реляциялық мəліметтер қоры 
қарастырылады. Мəліметтер қорының реляциялық типі қазіргі кезде 
кеңінен қолданылады жəне əмбебап болып табылады. Мəліметтердің 
кез келген жүйесі кестелердің көмегімен бейнелетіні теориялық 
түрде дəлелденген. Қарапайым реляциялық мəліметтер қоры 1 ғана 
кестеден тұрады, одан күрделілері өзара байланысқан кестелердің 
жиынынан тұрады.
«Мəліметтер қоры жəне ақпараттық жүйелер» тақырыбы 
теориялық ұғымдарға бай (9-қосымша). Бұл ұғымдар негізгі 
курстың басқа да тақырыптардың мазмұндық желісімен ұштасады: 
ақпараттық модельдеу, ақпаратты көрсету (логикалық ақпарат). 
Мəліметтер қорының теориясы белсенді түрде 1970 жылдары дами 
бастады. Мұнда Е. Кодд жасаған реляциялық мəліметтер қоры тео-
риясы ерекше орын алады.
Бір кестелік реляциялық мəліметтер қорының құрылымы: Кес-
те нысандардың немесе оқиғалардың қандай да бір жүйесі тура-
лы ақпараттардан тұрады. Əртүрлі жолдарда жүйеде сипаттала-
тын əртүрлі нысандары туралы ақпарат болады, ал бағандар осы 
нысандардың əртүрлі атрибуттарына сəйкес келеді. Реляциялық 
мəліметтер қорының терминологиясында кестенің жолдары – жазба-
лар, бағандар – өрістер деп аталады. «Реляциялық мəліметтер қоры» 
атауының өзі ағылшынның «relation» сөзінен шыққан, қазақшаға 
аударғанда «қатынас» мағынасында, яғни кестенің өрістерінің 
арасындағы өзара байланысты білдіреді. Бұл материалды түсіндіруде 
нақты мысалдар келтірген дұрыс болады. Мысалы: оқулықта мысал-
дар ретінде əртүрлі кестелер келтірілген: «Үй кітапханасы», «Ауа 
райы», «Үлгерім», «Факультативтер» [4]. Мəліметтер қорының əрбір 
кестесінің өзінің аты болатындығын байқауға болады. Мұғалімге 
осы кестелерді плакаттар түрінде көрсеткен ыңғайлы болады.
Оқушылардың білуі қажет негізгі ұғымдары:
– Кез келген кесте қандай да бір нақты жүйе (процес) туралы 
ақпараттардан тұрады жəне оның ақпараттық моделі болып табы-
лады.


393
– Кестедегі кез келген жазба – берілген жүйенің нақты нысаны 
(оқиғасы) туралы ақпаратты құрайды.
– Əрбір жазбадағы өрістің мəні – нысанның нақты сипаттамасы 
(қасиеті, атрибут).
– Жазбалармен жəне өрістермен байланысты негізгі ұғымдар: 
жазбаның басты (алғашқы) кілті, өріс аты, өріс мəні, өріс типі.
– Аталған ұғымдарды тапсырмаларды орындау арқылы бекітуге 
болады. Мысалы: 1-ші типті тапсырма: кесте аты жəне өрістер 
тізімі берілген, алғашқы кілтті көрсетіп, барлық өрістердің типтерін 
анықтау керек.
2-ші типті тапсырма: Мəліметтер қорының пəндік аймағы 
анықталған, кестенің атын беру керек; өрістердің аттарын жəне 
олардың типтерін анықтау керек; алғашқы кілтті беру керек. 
Əрине бұл тапсырма мəліметтер қорын жобалау облысына қатысты 
болғандықтан күрделі тапсырма болып табылады. Осы тақырыпқа 
қатысты болатын бірнеше өрістерді көрсетсе жеткілікті жəне 
өрістердің типтерін дұрыс анықтаса болғаны. Мысалы: «Əлем 
елдері», «Сыныптастар», «Кинофильмдер» мəліметтер қорының 
өрістерін, өріс типтерін жəне кілттерді анықтау қажет. Келесі 
шешімдер болуы мүмкін:
əлем-елдері
сыныптастар
кинофильмдер
ел-символдық
фамилия-символ
атауы-символ
астана-символдық
аты-символ
ел-символ
аудан-сандық
мекен жай-символ
жанр-символ
халқы-сандық
телефон-символ
режиссер-символ
болған-логикалық
туған-мерзім/уақыт
қайталанған-логика
Программалық жабдықтау. Реляциялық мəліметтер қорында 
ақпаратты ұйымдастыруға қатысты негізгі ұғымдармен таныстырған 
соң мəліметтер қорымен жұмыс жасауға арналған программалық 
жабдықты оқып-үйренуге көшу керек. Мұндай программалық 
жабдық мəліметтер қорын басқару жүйесі (МҚБЖ) деп аталады. 
Н. Д. Угриновичтің негізгі курсында [12] МҚБЖ-ін оқушылардың 
оқып-үйренуі қарастырылмаған. Мəліметтердің кестелік сақталуын 
ұйымдастыруда программалық құрал ретінде MS Word мəтіндік про-
цессорын жəне MS Excel кестелік процессорын қолдану сипатталған. 


394
Мəліметтерді басқару үшін Word жəне Excel кестелерінде жол-
дарды сұрыптау мүмкіндіктері қолданылады. Мəліметтерді іздеу 
электрондық кестелерде фильтрация механизмінің көмегімен 
жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет