Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»


Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар



Pdf көрінісі
бет161/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар
1. Мектеп информатикасында “Ақпараттық технологиялар” 
мазмұндық желісінің орны уақытқа байланысты қалай өзгереді?
2. Негізгі курста ақпараттық технологияларды оқытуда 
əдістемелік тəсілдердің қайсысы мүмкін?
3. Негізгі курста ақпараттық технологияларды оқыту мен 
“Технология” білім беру аймағы шеңберінде оларды оқытудың 
айырмашылығы неде?
4. Ақпараттық технологиялар құралдарын оқып үйренуге 
виртуалдық атқарушы əдістемесін қолданудың қандай мағынасы 
бар?
5. Редакторлаудың негізгі стандарттары дегеніміз не? Оның 
элементтерімен оқушыларды қашан таныстыруға болады? 
6. Компьютерлік графиканы оқып-үйренуге оқушылардың 
қызығушылықтарын қалай қалыптастыруға болады?


398
7. Информатиканың негізгі курсында оқылатын қандай сұрақтар 
компьютерлік графиканың теориялық негіздеріне жатады?
8. Информатиканың негізгі курсында компьютерлік графикамен 
таныса отырып, оқушылар ЭЕМ-нің құрылғылары туралы қандай 
жаңа білімді алады?
9. Мультимедиялық өнімдермен жұмыс істеуі үшін ДК-ге қандай 
аппараттық құралдар қажет?
10. Дыбысты сақтаудың аналогтық жəне цифрлық тəсілдерінің 
айырмашылығын оқушыларға қалай түсіндіруге болады?
11. Мəліметтер қорының қолданылу саласын оқушыларға 
қандай мысалдармен түсіндіруге болады?
12. Информатиканың негізгі курсында оқушылар МҚ-ының 
теориясының қандай элементтерімен танысады?
13. Информатиканың негізгі курсында мəліменттер қорын оқыту 
барысында оқытушылық мақсаттар қоюға болады? 
14. Мəліметтер қорымен жұмыста оқушылар қандай тəжірибелік 
дағдылар алуы керек?
15. Электрондық кестелер негізін құрайтын негізгі идеяларды 
атаңыз.
16. Қазіргі замандық процессорлар пайдаланушыға қандай 
мүмкіндіктер ұсынады?
17. Электрондық кестелер мен бағдарламалау тілдерінің 
арасындағы ортақ элементтер бар?
18. Оқушыларға 
салыстырмалы 
адрестеу 
принципінің 
мағынасын қалай түсіндіруге болады? Мысалдар ұсыныңыз.
19. Информатиканың негізгі курсында оқушыларға электрондық 
кестелер үшін есептердің кандай типтерін ұсынуға болады?
20. Оқушылар информатика сабақтарынан басқа мектепте 
электрондық кестені тағы қайда қолдана алады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет