Оқулық Алматы, 014 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет168/259
Дата04.09.2023
өлшемі4.76 Mb.
#476513
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   259
bidaibekov Инф оқыту әдістемесі

білуі керек;
– қарапайым математикалық модельмен есептеуіш тəжірибе 
жүргізуді, электрондық кестеде күрделі емес математикалық 
модельдерді жасай алуы керек;
– нысандар мен үдерістердің дайын моделін қолданып 
компьютерлік тəжірибені жүргізу үшін күнделікті өмірдегі 
тəжірибелік қызметтен алған білім жəне біліктіліктерін күнделікті 
өмірдегі тəжірибелік іс-əрекетінде пайдалана білуі керек.
15.3 Есептеу экспериментті математикалық модельдеу
Математикалық модельдеу – кез келген құбылыстарды не-
месе күрделі физикалық үдерістерді, аппараттарды олардың 
математикалық модельдерін құру арқылы зерттеу тəсілі.


413
9-сынып информатика оқулығында [1] компьютерлік модельге 
мынандай анықтама берілген: программалық орта көмегімен іске 
асатын модельдерді компьютерлік модель деп атаймыз. Модельдеу 
негізгі прототип – модельдеу – шешім қабылдау деген кезеңдерден 
тұрады. Мұндағы прототип дегеніміз модельдеу кезінде бастапқы 
зерттелетін нысан. Ол шын мəнісінде бар немесе жобаланатын ны-
сан, əлде үдеріс болуы мүмкін. Модельдеудің соңғы кезеңі шешім 
қабылдау болып табылады. Күнделікті тұрмыста адам əртүрлі шешім 
қабылдайды. Демек, модельдеу арқылы зерттелген модельдің жаңа 
нысанын құруға, бар нысанды жақсартуға немесе қосымша ақпарат 
алуға болады. Модельдеудің жалпы кезеңдерін тағы да былайша
яғни есептің қойылу шарты мен мақсатына қарай анықтауға болады:
1-кезең. Есептің қойылуы.
2-кезең. Модельді құру.
3-кезең. Компьютерлік эксперимент.
4-кезең. Модельдеу нəтижесін талдау.
Есептеу экспериментті математикалық модельдеу мысалдарын 
9-сыныпқа арналған информатика оқулығынан толық қарастыруға 
болады [1].
Тақырыпты талқылауға берілетін сұрақтар
1. Информатиканың негізгі курсына «Формальдау жəне мо-
дельдеу» мазмұндық желісін енгізудің қажеттілігіне негіздеме 
жасаңыздар.
2. Информатиканың алғашқы мектеп оқулығында ақпараттық 
модельдеудің қандай тараулары жəне қандай есептердің мысалда-
рында берілген?
3. Информатиканың қай оқулықтарында модельдеу желісі 
жетекші болып табылады? Негізгі курстың басқа мазмұндық 
желілерімен байланысы қалай жүзеге асырылған?
4. ЭЕМ-нің программалық жабдықтамасының қандай құралдары 
ақпараттық модельдеуді оқытуда қарастырылуы мүмкін?
5. «Модельдеу» жəне «формальдау» ұғымдарының байланысы 
мен ұқсастығы қандай?
6. Ақпараттық модельдеу тақырыбына берілген оқу есептерін 
күрделілік деңгейіне байланысты қалай бөлуге болады?
7. Ақпараттық модельдеуде жүйелік талдау қандай орын алады?


414
8. Келесі ұғымдардың анықтамаларының логикалық тізбектілігін 
құрастырыңыздар: ағаш, элемент, құрылым, жүйе, желі, қатынас, 
граф.
9. Компьютерлік ақпараттық модель қандай негізгі белгілерді 
қанағаттандыру керек.
10. Оқушыларға мəліметтер қорының модельдік сипатын қандай 
мысалдармен түсіндіруге болады?
11. Компьютерлік математикалық модельдің сипаттамалық 
белгілері қандай?
12. Электрондық кестелердің қандай қасиеттері математикалық 
модельдеу үшін оны ыңғайлы құрал етіп жасайды?
13. Оқу имитациялық модельдеу үшін тақырыптар ұсыныңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет